Кульназия ханым əкесінің арманын орындап педагогикалық институтка түсті. Кейін бұл əкесінің арманы өзінің арманы екенін алғаш мектепке келіп жұмыс істегеннен кейін түсінді. Химия 8-сыныпта басталды, сондағы үлкен арманымның бірі – адамды ауыртпайтын дəрі жасау еді.
«Өзін сүйе білген адам ата-ананы сүйе біледі, ата-ананы сүйе білген адам өзі өмір сүріп отырған ортаны сүйеді табиғатты сүйеді», – деп бағалайды. Ұсыныстар болса да ойланбастан қайтадан химия пəнінің маманы болар едім деп бөлісті ұстаз.
«Егер маған мүмкіндік берсе мен немерелеріммен Қазақстанның кең байтақ тарихи жерлердің барлығын аралар едім жəне қорықтармен танысар едім. Мақтаныныш тұтар балаларым, немерелерім, өзімнің сүйікті қаламым жəне еңбек еткен мектебім. Сабырлы адамдарға құрметі ерекше, жаяу жүгенді ұнатады, салауатты өмір салтын ұстанамын» – дейді ұстаз.
Сүйікті кітаптары: І.Есенберлин «Көшпенділер», Ж.Верн «Тайнственный остров», ертегілер. Махаббат деген сөз өте үлкен ұғым, адамның бойындағы үлкен қасиет оны өлшеуге немесе белгілі бір бағытта болады деуге болмайды, деп санайды.
Алайда əр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Білім алушылардың химия пəніне қызығушылығын түрлі əдіс тəсілдер арқылы, оларды ғылыми зерттеу жұмыстарынатарту арқылы, олимпиадаларға қатыстыру арқылы олардың жаратылыстану ғылыми сауаттылығын, функционалдық сауаттылығын дамыту Байсалбаева Кульназия Жаканшинқызы ұстаздың басты ұстанымы.
Білім алушыларды химия пəнінен жобалау-зерттеу жұмыстарына тарту арқылы олардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамытуды көздеймін. Химия пəнін оқытудағы мақсатым: оқушылардың химия пəніне деген қызығушылығын оятуға, өз бетінше білімдерін толықтыруға, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өз ойларына қозғау салуға жағдай жасау. Сонымен мынадай міндеттерді де шешемін:
1.Пəн бойынша оқушының білім, білік икем, дағдыларын дамыту
2.Оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру пəнаралық байланысты орнату
3.Өз жұмысыңды жүйелі жүргізуге жағдай жасау
Білім алушылардың химия пəніне қызығушылығын арттырып, оларды зерттеу жұмыстарына қалай баулимын. Əр сабақта оқушылардың өздігінен ізденіп, түсініп, ой тұжырым жасауына мүмкіндік беремін. Алғашқы сабақтарда тірек-сызба схемаларын дайындап əкеліп олармен жұмыс істесек, бірер сабақтардан соң тірек-сызбаның жобасын көрсетіп оқулықпен жұмыс істеп толықтыруын талап етемін, кейін оқулық пен қосымша əдебиеттерді қолдану арқылы өздерінің тірек-сызба немесе кесте құруларына талап қоямын. Осындай жұмыстардың ретімен күрделенуі оқушылар үшін қиындық туғызбайды, оқушылардың танымдық қызығушылығы мен шағармашылық қабілеттіліктері дамиды .
Келесі əдіс-тəсілдерді қолданамын: ой қозғау(брейнсторинг) – білім алушылардың алған білімдерін өмірде қолдануға жетелейді.
Ой қозғау:
1.Судың кермектігі дегеніміз не?
2.Неге жаңбыр суы жұмсақ?
3.Неге шəйнектің ішінде қақ тұрады?
4.Кермектіліктің қандай түрлері бар?
5.Неге сабын кермек суда іртіктеледі, ал кермектігі жоқ суда көпіреді?
6.Мыс сымы тоқты жақсы өткізеді бірақ жоғары вольтты тоқтарды өткізуде алюминийден жасалған сымдарды қолданады?
7.Неге бөрене арасындағы тоқ өткізетін сымдар жаз айында салбырайды, ал қыс айында тартылады?
Проблемалық сұрақтар, проблемалық мəселелер:
- Металдардың жемірілуін қалай баяулатуға болады?
- Алюминий сыртқы ортада неге төзімді? Ал темір неге тез жеміріледі?
- Алюминийден жасалған конструкцияларды неге мыс шегелермен ұстатпайды
- Темір шелекке неге мыс купоросының ерітіндісін құюға болмайды
- “Бекзат металдар” дегеніміз не? Табиғатта қандай күйде кездесе алады?
Есептер шығару кезінде жеңіл есептен бастап, күрделіге көшу кезінде оқушылар есеп шығару жолдарын бірігіп талдап, тиімді жолдарды ұсынады. Жеңілден күрделіге көшу оқушыларға тиімді өтеді. Периодтық заң, атом құрылысы, электртерістілік тақырыптары қарастырылғаннан кейін оқушыларға сілтілік металдар мен галогендер тақырыбын игеру кезінде, тірек-сызба құрастыруға, есептер шығаруға, логикалық-проблемалық сұрақтармен жұмыс істеуге, ізденуге, шығармашылыққа баулимын: ертегі, ребустар құрастыру, əңгіме, өтірік оқиғалар құрастыруға. Оқушылар тақырыпты өздері таңдайды, кейбіріне өзім тақырып беремін. Ішінен келесі сабақтарда жақсы жазылған, қате жазылған шығармашылық жұмыстарды талдаймын. 9-сыныпта Электролиттік диссоциация теориясын қарастырғанда 8-сыныпта жасалған тірек-сызба, кестелерді қолдана отырып иондық теңдеу жазуды қалыптастыру қиындылығы азаяды, кейін жеке топтар элементтерін қарастырғанда топқа жалпы сипаттама , қасиеттерінің ерекшелігін атом құрылысы тұрғысынан оқушылардың өздері сипаттап, периодтық жүйедегі орнына байланысты қасиеттерін болжап, айырмашылығын оқулық пен менің көмегім арқылы қорытынды жасайды. Осындай жұмыстар оқушының білім-білік дағдыларын дамытумен қатар, шығармашылыққа, талдау, салыстыру, ғылымның жетістіктерін қолдана білу мүмкіншілігі туады. 10-11 сыныптарда тақырыптарды талдау кезінде ғылым жетістіктерін қолданып, қандай қасиеттеріне негізделгендігін оқулықты негізге алып қорытындылайды. 8-11 сыныптар оқушыларымен олимпиадаға дайындық кезінде математикалық теңдеулер арқылы, физиканың газдар заңын қолданып химиялық есептер шығарамыз.
Сабақ барысында əр оқушының ерекше қабілеттіліктеріне қарап олардың əрі қарай дамуына жағдайлар жасаймын. Олимпиадаға дайындық кезінде бірнеше оқушыға ұсыныс жасаймын, осы ұсынысқа өзідігінен қосылатын оқушыға да мүмкіншілік беріледі.
Білім алушылардың химия пəніне қызығушылығын түрлі əдіс тəсілдер арқылы, оларды ғылыми зерттеу жұмыстарынатарту арқылы, олимпиадаларға қатыстыру арқылы олардың жаратылыстану ғылыми сауаттылығын, функционалдық сауаттылығын дамыту.