Ұстаз – мағынаға толы, қасиетті сөз. Ол əр пенденің жүрегін ерекше жылулық нұрына толтыратын жарқын тұлға бейнесін көрсетеді. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі – ұстаз. Қазақ үшін қашан да қадірлі болған.
«Ұстаздан тəрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тəрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Ол бойындағы бар асыл қасиеттерін шəкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
Еліміздің болашағы жастар болғандықтан оқушыларға дұрыс тəлім жəне тəрбие берген абзал. Оқушыға тек білім беріп қоймай, рухани байлық та сыйлау қажет.
Қарлығаш Қайратқызы 1992 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданы, Ақарал ауылында дүниеге келген. Бала кезінде 4 жасынан əріп таныған. 2010 жылы мектепті аяқтап, Əл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне өз тандауыммен филология, əдебиеттану жəне əлем тілдері факультетінің қазақ тілі мен əдебиеті пəні мамандығына оқуға түсті. 2014 жылы бакалаврды қызыл дипломмен аяқтап, Алматы қаласы Алатау ауданы №181 жалпы білім беретін мектепке қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі болып орналасты. Қызмет атқара жүріп, қоғамдық іс-шараларға белсене араласып, аудандық, қалалық, республикалық олимпиадалар мен байқаулардан жүлделі орындарға ие болды. Білім саласына қосқан үлесі үшін мақтау қағаздары мен алғыс хаттармен марапатталды. Шəкірттері пəндік олимпиадалар мен ғылыми жоба бойынша аудан, қала көлемінде жүлделі орындарға ие болып, үздік оқушылар қатарынан табыла білді.
Қарлығаш ханым 2018-2020 жылдары педагогика ғылымдарының магистрі дəрежесін иеленді. 2019 жылы Мəскеу қаласының (Ресей Федарациясы) РУДН-де ғылыми тағылымдамадан өтті.
Қазіргі таңда педагог-зерттеуші санатында, педагогика саласында 8 жыл еңбек өтілі бар. Бірнеше ғылыми мақалалардың авторы. «Эссе жазудың тиімді тəсілдері» атты авторлық бағдарлама жазды, сондай-ақ, «Үздік ұстаз», «Білім əлемі», «Білім шыңы», «Қазақстан орта мектебі», «Қазақ тілі мен əдебиеті» атты республикалық басылым беттеріне мақалалары жарияланған. Халықаралық, республикалық ғылыми-конференцияларға қатысып, алғыс хаттармен марапатталды.
Жетістіктерін атап өтетін болсақ: «Тəуелсіз Қазақстанның үздік ұстазы» атты Республикалық конкурсының жəне «Үздік педагог 2017» байқауының жеңімпазы; Білім саласына қосқан үлесі үшін төсбелгі; «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» қалалық байқауында ерекше көрсеткішін растайтын диплом; филология ғылымдарының доктор профессоры Бағдан Қатайқызы Момынованың 60 жасқа толуына арналған «Қазіргі қазақ тіл білімінің инновациялық əлеуеті» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысқандығын растайтын сертификат; «Асыл мұра» халықтық дəстүрлі əн жəне аспапта орындаушылардың халықаралық əн-би байқауына белсенді түрде қатысып, педагогикалық еңбек жолында өнерпаз шəкірттерге білім мен тəрбие беруде өскелең ұрпақтың бойындағы азаматтық ұстаным қалыптастырғаны үшін алғыс хат; Педагогика ғылымдарының кондидаты, доцент, Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі ағартушы-педагогтар шоқжұлдызының өкілі, лингвист ғалым, журналист, аудармашы, ақын, ауыз əдебиеті нұсқаларын жинаушы, балалар жазушысы, əдебиеттанушы, сыншы Шамғали Харесұлы Сарыбаевтың 125 жылдығына орай «XXI ғасырдың ғылыми-ағартушылық парадигмалары, рухани құндылықтары аясындағы тіл жəне мəдениет» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысқандығын растайтын сертификат; «Жаңа латын əліпбиін енгізудің ғылыми жəне ұйымдастырушылық мəселелері» тақырыбындағы семинар-кеңеске қатысқандығын растайтын сертификатпен марапатталды.
«Керемет ұстазға екі қасиет қажет, оның бірі – терең білім болса, екіншісі – үлкен жүрек» – дейді автор. Балаға деген шексіз махаббаттың иесі бола білген ұстаздың арқасында, егемен елдің ертеңіне үлес қосатын, тəуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын шəкірттеріміздің саны артатынына кəміл сенемін.