Ұстаз ұлағатты ұғым. Бүгінде президентіміз Қ. Тоқаев мұғалім мəртебесін асқақтатуға ден қойып, елімізде қаншама реформалар жасалып, үлкен жұмыстар атқарылуда. Гүлзира ханым да білім саласында тынбай еңбек етуде. Ол Өзбекстанның Сұрхандария облысы Жарқұрған қаласында 1974 жылдың 14 шілдесінде дүниеге келген. Əкесі Решимов Өтебай Нагимович мұнайшы-инженер, мұнай басқармасының басшысы болып ұзақ жұмыс жасаған. Анасы Патова Кабира Кенжемұратовна медбике қызметін атқарған. Бес балалы отбасыдан шыққан, Гүлзира ханым төртінші бала.
«Бүгінде менің əке- шешем зейнеткер, үй шаруасымен айналысуда. Қашан да төркініме барсам ақыл-кеңестерін беріп отырады. Сондай-ақ біз үшін қашан да үлгі тұтар тұлғалар болып қала береді» дейді Гүлзира ханым.
1991 жылы Алматы қаласына Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне орыс тілі филология факультетіне оқуға түсті. 1996 жылы жоғары педагогика маманы болып шықты. Оқу барысында ұстаз өте белсенді болып, қаншама жобаларға қатысқан. Сонымен қатар, гандбол құрамасының ішінде болған. М. Х. Дулати атындағы Тараз гуманитарлық университетіне 2021 жылдың көктемінде магистратура мамандығы бойынша оқуға түсіп, «Педагогика жəне психология»-ны игеріп алған. Отбасылық өміріге 1996 жылы қадам басқан, бүгінде баласы жəне қызы бар.
2000-2020 жылдар аралығында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бəйтерек ауылы Аль-Фараби орта мектебінде жұмыс жасаған. 2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қойшыбек ауылының Қойшыбек орта мектебінде орыс тілі жəне əдебиеті бойынша сабақ береді. Педагогикалық өтілімі 22 жыл. 2020 жылдан бастап «Педагог-зерттеуші» санатын игерді.
Еңбек жолында екі рет оқу-ісі жөнінде директор орынбасары болды. Мектепте профсоюз комитетінің төрайымы лауызымында. Бұған қоса, Бəйтерек ауылының сайлау комитетінің құрамында.
Мұғалімнің жетістіктеріне тоқталсақ: 2021 жылы Білім жəне ғылым министрлігінің алғыс хат; 2021 жылы Əл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінен грамотасы; 2021 жылы «Миѕіс Art Festival» халықаралық байқауынан «Үздік мұғалім» диплом; 2021 жылы «Əр бала – жұлдыз!» халықаралық конкурстан «Үздік мұғалім» диплом; 2020 жылы Əл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінен алғыс хат; 2020 жылы Білім бөлімінен алғыс хат; 2020 жылы «Менің педагогикалық тəжірибем» республикалық кəсіби шеберлік байқауынан II орын құрмет грамотасы; 2020 жылы «Жаңартылған мазмұн бойынша басым инновациялық бағыттар» халықаралық ғылыми-практикалық конференция сертификат; 2020 жылы – ауданның грамотасы; 2019 жылы республикалық деңгейдегі «Мəтінмен жұмыс» əдістемелік құралы сертификат; 2018-2019 жылдары Алматы облысының Кəсіподақ комитетінен грамотасы; 2018 жылы «Кəсіподақ ұйымын дамыту стратегиясы мен тактикасы» сертификат; 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Кіші Ғылым Академиясы шеңберінде ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту бойынша шығармашылық дарынды балалармен жұмыс» сертификат; 2010-2020 жылдары Бəйтерек ауылының грамотасымен марапатталған.