Заманауи ұстаздың бейнесі Айша Орынбасарқызы бойынан байқалады. Өзінің жан- жақты, ізденімпаз, білімге құштарлығын дəйым көрсетіп келеді. Қазсақтың барлық жобасына қатысқан, мұғалімдер рейтингінде де бірінші ондыққа кіреді.
Кожебекова Айша Орынбасарқызы – 1984 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Қурайлысай ауылында дүниеге келді. 1986 жылы «Қарлығаш» балабақшасына барды. 1991 жылы Талап орта мектебіне бірінші сыныпқа барды. 2001 жылы Талап орта мектебін бітіріп, шет тілі пəні мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түсті. 2013 жылы университетті тəмамдады. Қысқаша еңбек жолы: 2004-2005 оқу жылында БҚО, Теректі ауданы, Ақсуат ауылы Ақсуат жалпы білім беретін мектебінде ағылшын тілі мұғалімі. 2006-2007 оқу жылында Ақжайық ауданы Талап орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі. 2009-2011 жылдары Талап ОЖБМ да балабақша əдіскері. 2012-2016 оқу жылдары Əтібек бастауыш мектебі жанындағы балабақша меңгерушісі. 2016-2017 оқу жылдары Талап МБК ағылшын тілі мұғалімі. 2017-2018 оқу жылы Талап МБК директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2018-2022 оқу жылдары Талап мектеп бөбекжай кешенінің ағылшын тілі мұғалімі жəне Қоғамдық-гуманитарлық бірлестік жетекшісі болып қызмет атқаруда. Бүгінде Айша ханым жоғары білімді педагог сарапшы.
Осы жылдар бедерінде Айша Орынбасарқызы өзін білікті маман, жан–жақты ұстаз ретінде таныта білді. Шəкірттеріне шет тілінен сабақ бере жүріп, олардың ағылшын тіліне деген қызуғушылығын арттырды. Бəрнеше шəкірттері аудандық, облыстық, республикалық сайыстардың жеңімпазы атанды. Ұстаздың өзі де аудан, облыс, республика жəне халықаралық деңгейде түрлі байқау сайыстарға қатысып жүлделі орындар мен алғыс хаттар иеленді.
Айша Орынбасарқызы кəсіби маман ретінде соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктерінің өзі қандай ұстаз екеніне дəлел бола алады. Атап айтсақ Аудандық пəндік олимпиада 5 сынып оқушысы Кеңес Гулниса жүлделі 1 орын иеленсе, Ғылыми жобалар байұауында оқушысы Талғатова Гаухар 2 орын иеленіп облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық зияткерлік сайыстан оқушылар топтық жарыстан 1 орынға ие болды. Облыстық ғылыми жобалар байқауынан 1 оқушысы жүлделі орын алып, жоғарғы оқу орнына мемлекеттік грант жеңіп алды. «Дара боз» республикалық сайысына Бауыржанова Зарина 10 сынып оқушысы қатысып, ағылшын тілінде Шекспирдің өлеңін мəнерлеп оқып жүлделі 3 орынды жеңіп алды. Сондай-ақ түрлі интернет олимпиадаларға да оқушылары көптеп қатысып түрлі жүлделі орындарды иеленді.
Ұстаз ретінде өзі де түрлі сайыстарға қатысып алғыс хаттар мен дипломдар иеленген. Мысалы, 2019 жылы Алматы қаласында өткен халықаралық педагогтар форумына қатысып, «Шебер педагог» номинациясын жеңіп алса. 2020 жылы Стамбул қаласында өткен педагогтар форумында «Шебер ұстаз» төсбелгісімен марапатталған. 2021 жылы Дубай қаласында өткен педагогтар форумына қатысып «Үздік ұстаз» дипломы мен степендия иегері атанды. 2021 оқу жылында Батыс Қазақстан облыстық білім бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ 2022 жылы Қазақстан құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ 2022 жылы Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым министрінің алғыс хатымен де марапатталды.
Айша ханымның шəкірттері жыл сайын пəндік олимпиадаларда жүлделі орындар алып көзге түсіп келеді. Халықаралық деңгейде тəжірибе алмасып, өз білімін шыңдау үстінде. Балалық шағынан ерекше қалған естелігі əр қыс мезгілінде бауырларымен қардан үй жасап, ішінде қызықты əңгіме дүкен құрып ойынаған сəттері деп бөлісті.
Əр мамандықта бірінші кезекте өз ісіне шеберлік, қандай жағдай болса да сабырлық сақтау жəне жауапкершілік таныту деп ойлайды. Өз оқушыларын мақтан тұтып, олардың əр жетістігіне қуанады. «Менде мұғалімдікке деген махаббат жəне балаларға деген сезімімді қарапайым сөзбен жеткізу мүмкін емес» – дейді.
Айша Орынбасарқызы оқушылардың тілін дамыту мақсатында мектеп қабырғасында түрлі ертегілер мен қойылымдарды бастауыш сынып оқушыларына ұйымдастырса, орта буынға түрлі білім сайыстары мен жоғарғы буынға ағылшын тілінде əн байқауларын ұйымдастырады. Айша ханым тек білім саласында емес спорттық жəне қоғамдық шараларға да белсене қатысады. Ол – білікті маман, ұлағатты ұстаз.