Елімізде жаңа облыс құрылғалы басшылықта біршама өзгерістер орын алып келеді. Тұңғыш президент жарлығына сай бекітілген Түркістан облысына ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Өмірзақ Шөкеев басшылық етуде. Күн сайын облыс көлемінде көптеген ауқымды шаралар өткізіліп, құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Облыс орталығы атанған Түркісан дүйім жұрт назарында. Дәл осы көне шаһардың туризімін дамыту Өмірзақ Естайұлының басты назарында. Оның айтуынша, келген туристер бір күнде кетіп қалмайтындай жағдай жасауымыз керек.

«Арыстан баб кесенесі мен Түркістанның арасындағы жол құрылысының жұмысы келесі жылы басталады. Бұл республикалық меншіктегі жол. Арнайы қаржы бөлініп, 70 км жер толық күрделі жөндеуден өтеді. Одан бөлек Сауранға баратын жолдарды өз есебімізден, яғни облыстық бюджет есебінен жөндейтін боламыз. Бұл өте маңызды. Келген туристер бір күнде келіп, кетіп қалмайтындай, облысты толық аралай алатындай жағдай жасауымыз керек. Түркістан облысындағы туризмді 4 бағытта дамуы қажет. Біріншісі – қажылық туризм. Барлық Қазақстан мен Орта Азиядан келеді. Қолжетімді транспорт, қонайүлер, тамақтану және арнайы оқытылған гидтермен қамтамасыз етуіміз керек. Археологиялық туризм де бар. Бұл енді тарихи туризм. Бұл бағытта біз халықаралық деңгейдегі әуежай, 4-5 жұлдызды қонақүйлер салып және жоғары деңгейдегі тамақтану жүйесін енгізуіміз керек. Сонымен қатар, осы орайда Өзбекстан мен Қазақстанның арасын жалғайтын жоғары жылдамдықты темір жол құрылысынның да маңызын ерекше. Самарқан, Бұқара қалаларына келетін туристердің Түркістанға да келгісі келеді. Айта кетсек, облысқа өткен жылы 1 млн 400 мың турист келген», –  деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Айта кетейік, облыс әкімі дәл осы өңірдің тумасы. Өмірзақ Естайұлы Шөкеев осыған дейін – 1993—1995 жж. Түркістан облысының мемлекеттік меншік жөніндегі территориялдық комитетінің төрағасы, 1995 ж. қараша айынан – ҚР Экономика министрі; ҚР вице-премьері. 1997 ж. қарашасынан 1998 жылдың сәуіріне дейін – «Тұран-Әлем» банкінің басқарма төрағасы, 1998 ж. тамыздың 19 – Қостанай облысының әкімі, 2004 ж. наурызынан – Астана қаласының әкімі, 2006 ж. қыркүйектің 20-сынан – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2007 ж. тамыздың 27-нен – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, 2009 жылғы 3 наурыздан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, 2011 ж. 26 желтоқсанынан – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ң басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

ҚҚ ақпарат