Дәл қазір Қарағанды мемлекеттік университетінде екі күнге созылған пән олимпиадасының студенттердің электронды порталдарға шапшаң ақпарат салуын сараптайтын ақтық кезеңі өтуде.
Кеше түске дейін білімгерлер өз мамандықтарына қатысты бейнероликтерін қазылар сарабына салған болатын. Ал түстен кейін эссе жазып, шығармашылық мүмкіндіктерін танытқан-ды. Бүгін таңертең міндетті пәндер бойынша тест тапсырып, жазған қысқа ақпараттарын санаулы минуттарда сайттарға салып машықтанды.
Кімнің «жүзден жүйрік шыққаны» санаулы сәттерден соң белгілі болады.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр бұл сайыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өткен болатын.

Алуа Тұрсынxан