Конференция «Балық ұстауды үйрет»

«Балық ұстауды үйрет»

Біз білім саласының қызметкерлері үнемі әзденіс үстінде жүреміз. Олай дейтін себебім, тағдырың, әрбір күнің, әрбір сағатың, әрбір минутың осы қазіргі жас, болашақ тұлғаның тағдырымен байланысты. Осы жастарды қалай тәрбиелесек бәсекеге қабілеттң юолып өседі? Әлем өзгереді, әлеммен бірге бізде өзгереміз! Бүгінгі республикалық семинарға келуімнің себебі де сол «Бәсекеге қабілеттілік» бәсекеге қайткенде қабілетті боламыз?

«Ақпаратты меңгерген адам, әлемді меңгереді» деп бекерге айтпаса керек. Сондықтан ақпараттар ағының ішінен өзімізге керекті -, жан-жақты жетілдіретін, танымдық процесімізді оятатын ақпараттарды екшелеп ала білуіміз керек. Осы семинарға қатысуымның өзі бір мақсатқа қол жеткізуім деп білемін. Халқымызда «Балаға балық үстап берсең бір күн тоқ, балықты ұстауды үйретсең мың күн тоқ» демекші біз балаларға өздігінен қалай білім алу керектігін , яғни әдісін үйретіп, оған құралын беруіміз крек.

ОҚО, Ордабасы ауданы,

Аудандық білім бөлімінің

Шет тілі пәнінің әдіскері

Райымбекова Дариха Рыстайқызы