Сабақтың мақсаты: Өлең мен мәтінді түсініп оқып, өмірмен байланыстыру.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже: берілген өлең мен мәтіннің мазмұнын терең меңгерту; адамның бойындағы қасиеттердің өмірдегі көріністерін байқату.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: оқушылардың өзін-өзі ұстай білу, тыңдай білу мәдениеті, мәнерлеп оқу техникасын жетілдіру.

Тұлғалық нәтиже: шығармашылық дағдыларын дамыту, өнер-білімді үлгі ретінде ұстануға бағыттау.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта,prezi.com, суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

(тігінші құралы салынған суреттер арқылы, балаларды топқа бөліп отырғызу)

2.Үй тапсырмасын сұрау

«Константинополь» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.

(Оқушылар үй тапсырмасына берілген мәтіндегі сөздерді дәптерге жазады. Болған соң, көршілеріне тексертіп, бағаланады.

«Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен» дегендей- Олай болса, не істеуге болмайды?

– Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды;

– кішкене баланы жылатуға болмайды;

-сабақтан кешігуге болмайды;

 

Не істеу керек?

– үлкенді сыйлау керек; тілін алу керек; – кішілерге қамқор болу керек;

  1. Қызығушылықты ояту;

-Ендеше, «Білімпаз» атаның ауылына қонаққа барамыз, бәріміз интербелсенді тақтаға назар аударайық.

-Бірінші Мақтаншақ қыздың   үйіне қонаққа барайық. (видеоролик көрсетіледі)

-Балалар бұл қызды  қандай деп ойлайсындар?

(Балалар жауабы)  

 

4.Жаңа сабақ.

 

-Мақтаншақ адам қандай болады деп ойлайсындар? Олақ, қолапайсыз.  (тақырыппен таныстыру.)

-Ия, балалар, байдың қызы олақ, қолапайсыз қыз, біз енді «Ақ сандық, көк сандық жинағынан алынған «Олақ қыз» мәтінімен танысамыз.

-Олай болса дәптерімізіді ашып, күннің жадын, тақырыпты жазайық.

-Бәріміз мәтінді  тізбектеп оқиық. (оқушылар дауыстай, тізбектеп оқып шығады)

-Олақ деген қандай мағынаны білдіреді?

 

-Қолынан ештеңе келмейтін, істің көзін тауып істей алмайтын адам.

 

-Балалар, «Олақ қыз» мәтініңде  байдың қызының қолынан ештене келмесе, келесі үйде қандай қыз өмір сүреді, соны тамашалайық?

(видеоролик көрсету)

 

-Мына видеодан көрдіңдер, көрші үйдегі қызды қандай деп ойлайсындар?

Балалар жауабы.

-Ия , ол байдың қызына қарағанда өте шебер, қолынан бәрі келетін Ісмер қыз екен.

-Ал ендеше Болат Үсенбаевтың «Ісмер қыз» өлеңінде Айжанды қандай қыз екенің, қалай суреттегенің оқып көрелік.

(өлеңнің бір шумағын, әр топтағы бір оқушыға  оқыту)

 

  1. Сөздікпен жұмыс.

-Енді балалар біздер келесі  Әли мен Айяның үйіне барамыз. Атасы мен әжесін тыңдап көрелік.

Сөздікпен таныстыру:

Бір шөрік жіп – бір орам жіп.

Дымы құру – шаршау

Бір кез – ерте кездегі ұзындықтың өлшем бірлігі.

 

Тігу түрлері:

                Әдіптеп тігу – бөлшектерді біріктіріп соңында қайыру

Бастырып тігу – бір бөлшекті екіншісіне бастыру жолмен біріктіру

Жөрмеп тігу – бөлшектің шетін өңдеу.(тігіс түрлерінің суретін көрсету)

 

  1. Сергіту сәті.

-Балалар бәріміз орнымыздан тұрып, Әли мен Айяға қосылып би билейік.

(би билеп, сергіп алады)

 

 

7.Топпен жұмыс. Ақыл-ой картасын қорғау.

-Балалар  әрі қарай біз Алдар көсенің үйіне барамыз. Алдар көсе сендерге, яғни төрт топқа тапсырмалар дайындап қойыпты.

1-топ. «Ісмер қыз» өленіңдегі Айжанды «Олақ қыз» әңгімесіндегі байдың қызымен салыстыр. (вендиаграмма)

2-топ. Сіздің топ «Болашақ дизайнерлер» сендер қуыршаққа әдемі, сәнді көйлек дайындайсыңдар
3-топ.  Олақ қызға қандай кеңес берер едің?

(Осы тақырып бойынша шағын эссе жазу)

4-топ. Мозайка құрастыру. Ине, жіп суретін құрастыру. ( ине, жіп туралы жұмбақ жазып, жасыру.)
(топтағы оқушылар бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды)

(әр топ өз тапсырмаларын айтып, талдайды)

 

8.Қорытынды:

-Міне, балалар, біздер бүгін «Білімпаз» атаның ауылындағы біраз үйлерді араладық, сендерге ауыл ұнады ма?  Не білдіңдер?

-Тағы да,  Не білгілеріңіз келеді? Соны алдарындағы стикерге жаза қойындар.

( үш-төрт оқушының пікірін тыңдап, содан кейін барлығына стикерді, тақтада ілулі тұрған, өздеріңе ұнаған стақан тұсына  жапсырту)

 

9.Бағалау.

 -Балалар алдарыңыздағы суретті кімге сыйлар едіңдер? Бүгінгі сабаққа кім жақсы қатысты деп ойлайсыздар?

-Кімде қанша сурет бар, көрсете қойыңдар?  (алған суреттер саны бойынша, ауызша бағалау)

 

10.Үй тапсырмасы.

136-137 бет. «Олақ қыз» оқып, мазмұның айту, «Ісмер қыз» мәнерлеп оқып келу. Сөздік дәптерлеріне сөздіктерді жазып келу,жаттау.

Болат Үсенбаев