Салтанат ханым Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында 20 қараша 1981 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Шахмардан Есенов атындағы мемлекеттік технологиялар жəне инжинеринг университетінің «биология жəне химия» пəндері мұғалімі мамандығын аяқтаған. Бұл салаға тұрмыс жағдайына байланысты келген. Тұрмыс құрмай тұрғанда Маңғыстау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасында жұмыс істеді. Ол мекеме Ақтау қаласының шетінде болатын. Ақшұқыр ауылына келін болып келген соң ол жұмысқа қатынау өте қиын болып, шығып кетеді. Енесі қазақ тілі мен əдебиетінің мұғалімі, мұғалім болуды, сырттай мұғалімдік мамандығын оқуып алуына кеңес береді. Ең алғашқы рет мектепке мұғалім болып келгенінде мен сол кездегі оқу ісінің меңгерушісі, əрі тəлімгері, биология пəнінің озық маманы марқұм Бекова Күлəн Нұрмұханқызы қарсы алған болатын. Жас маманды, түрлі семинарлар мен олимпиадаларға, түрлі байқауларға қатыстырып шығармашылығын шыңдай түсті. Сол апайдың темірдей тəртібі мен мықты талапшылдығының арқасында жəне Салтанат ұстазға сенім артқан мектеп пен аудандық білім бөлімі əдіскерлерінің арқасында қазір білікті маманмын деп өзін айта алады.
Балалық шағы тəтті естеліктер – ол əрине ата-анасы, бауырларымен байланысты. Əкесі вахтаға жұмысқа кетерінде: «саған ұрысқан, жылатқан адамдарды жазып қой» – дейтін ол кезде мектепке бармаған сəті, жазуды əлі білмейтін. Үйдегілерге сəл нəрсеге ренжіп «жазып қоямын» – деп жылайтыны болған. Отбасында төртінші қыз, ата-анасы ұл бала күтті ме екен білмеймін, киім алса үнемі көк түсті киім алып береді екен. Содан əкесі мен анасының «көк қызы» атанып кеткен сынды естелік көп, бəрі де қызықты.
Қазіргі таңда мұғалімнің үш негізгі жақсы жағы – ол мықты теориялық білімді болу, оқуды оқушыға өмірмен байланыстырып, қызықты түсіндіре алу. Екіншіден, оқушыны жақсы көру, түсіну, сөйлесе алу. Үшіншіден төзімділік, сенімділік, ұқыптылық, шығармашылық – қазіргі таңда мұғалімнің өзіне қажетті негізгі қасиеттер. Үлкенді сыйлауға, табиғатты аялауға, еңбекке үйрету маңызды.
«Біздің жеріміз пайдалы қазбалар қорына өте бай елміз. Соны өндіріп, халықтың мүддесіне тиімді пайдалана білу қажет. Қазіргі дамыған елдердің тарихына көз жүгіртсек ұлттық идеолагияны мықтап ұстанғаны белгілі. Жемқорлыққы түбімен жойып, Қазақстанның болашағына өркендеуіне жұмыс жасау басты міндет болуы керек» – дейді Салтанат Жолдасбайқызы.
Жапоноияға бару – ұстаздың бала күнгі арманы. Кезінде ядролық қарумен астан-кестені шыққан, 0 ден бастап қазір ғылым мен техникасы аса дамып кеткен, халқының қарапайымдығы мен мəдениеті жоғары деңгейдегі осы елдің табиғатын да, қалаларын да, халқын да өз көзімен көргісі келеді. Сонымен қатар ұстазға Ə. Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», Д. Корнегидің «Язык убеждения», «Адамзаттың асыл тəжі» Д. Өмірзаққызы кітаптары ерекше ұнайды.
Мұғалімдердің жетістіктеріне тоқталсақ: 2008 жылы «Жаратылыстану – математика пəндері мұғалімдерінің олимпиадасы» биология пəні бойынша І орын диплом; 2008 жылы «Жаратылыстану – математика пəндері мұғалімдерінің олимпиадасы» биология пəні бойынша ІІІ орын диплом; 2014 жылы «Зерттеуші» республикалық ғылыми білім беру орталығы «Үздік педагог-зерттеуші» ғылыми-əдістемелік жұмыстар конкурсы «Биология пəні бойынша жоғарғы сатыдағы өсімдіктерді оқытуға арналған жұмыс дəптері» І орын грамота; 2014 жылы «Биолог анықтамалығы» республикалық ғылыми- танымдық педагогикалық журналы «Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы», «Қой шаруашылығы»; 2014 жылы «Зерттеуші» ғылыми білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Елорда ғылыми хабаршысы» ғылыми журналы «Жоғары сатыдағы өсімдіктерді оқытуға арналған жұмыс дəптері» оқыту құралы; 2016 жылы «Жаратылыстану – математика пəндері мұғалімдерінің олимпиадасы» химия пəні бойынша І орын диплом; «Жаратылыстану – математика пəндері мұғалімдерінің олимпиадасы» биология пəні бойынша І орын диплом; 2016 жылы «Жаратылыстану – математика пəндері мұғалімдерінің олимпиадасы» химия пəні сертификат; «Жаратылыстану – математика пəндері мұғалімдерінің олимпиадасы» биология пəні бойынша І орын диплом; 2016 жылы «Professional Developent Programme for Secondary School Teachers. Nazarbayev university»; 2016 жылы «Аchieved beginner level. Macmillan education» курсы; 2016 жылы «Swiss-American Acadey SA. Certifikate of completion in order to confirm that the English language course» (Reaching subjects in English) курсы; 2016 жылы «Nazarbayev University Graduate School of Education and University of Cambridge Faculty of Education gratefully acknowledge the contribution made buto the research on children’s wellbeing, motivation, and engagement in schools of Kazakhstan» signed bu Liz Winter сертификат; 2017 жылы «Үш тілді оқыту жағдайында мұғалімдердің пəндік жəне тілдік-қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру» бойынша оқу курсы «Өрлеу»БАҰО АҚ филиалы; 2017 жылы ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Химия» жəне «Жаратылыстану» пəндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша оқу курсы «Өрлеу»БАҰО АҚ филиалы; 2017 жылы «TKT: Content and language integrated learning» В1 курсы; 2017 жылы биология пəні бойынша «Мұғалімдерді Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы негізінде дайындау» семинарына қатысқаны үшін сертификат; 2017 жылы «Қазақ ұстазы» республикалық журналы «Lesson study- іс-əрекетті зерттеудің тиімді тəсілі»; 2018 жылы «Педагог тəжірибесіндегі зерттеушілік əрекет: сұрақтары мен шешу жолдары» атты облыстық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқаны үшін сертификат; 2018 жылы «Педагог» республикалық озат педагогтар порталының ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім-заман талабы» байқауы ІІ орын диплом; 2018 жылы «Cambrige English Placement Test» C1 курсы; 2019 жылы «Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану» білімін арттыру курсы; 2019 жылы «Биология» жаңартылған білім мазмұны бойынша əдістемелік құрал; 2020 жылы «Үздік тəрбие сағаты» І орын; 2020 жылы «Тиімді химия сабақтары: оқушылардың сұраныстарына сəйкес оқу үрдісін дифференциялау жолдары» білімін арттыру курсы;т2021 жылы КИО.KZ «Үздік педагогпəнінен Республикалық интеллектуалды олимпиада» ІІ дəрежелі диплом; 2021 жылы «Мектеп тəжірибесіндегі зерттеу» тренерлік курсы; 2021 жылы Аудандық семинар «Жаңартылған білім мазмұны бойынша БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру əдістемесі» сертификат; 2021 жылы Аудандық семинар «Оқушыларды ҰБТ дайындау жолдары» сертификат; 2021 жылы «Өсімдіктер дүниесін оқутыға араналған əдістемелік құрал» «Педагогтардың БАҚ пен жұмыс жасауы» тақырыбындағы ақпараттық республикалық тренинг курсынан өткені үшін сертификат; ZIATKER.KZ білім сайтына «Адам ағзасындағы химиялық элементтер», «Мектептегі сапалы білім болашақтың кепілі», «Химиялық элементтер жəне олардың таңбалары», «Lesson study – іс-əрекетті зерттеудің тиімді тəсілі» мақалалар жариялады.
«Адамның жақсы да, жағымсыз қасиеттері болады. Бəріне бірдей ұнау, жағу мүмкін емес. Егер меннен сен қандай адамсың, өзіңе мінездеме бер деп сұраса, əрине мен өзімді мақтамас едім. Алайда, сырт көз əрқашанда сыншы, жан-жағымда жүретін жақсы адамдардың айтуынша, мен сабырлы, байсалды, шындықты ұнататын, кейде аңғал, қарапайым, бастаған ісін соңына дейін жеткізетін, əрі қамқор жанмын-ау деп өзін солай санайды…» – дейді. Сондай-ақ, «Махаббат – ол ұлы сезім, ол сүйіспеншілік те, ғашықтық та, ынтызарлық та, жақсы көру де барлығы да бір сөздің ішіне кіреді. Ананың баласына деген шексіз махаббаты, баланың ата-анасына, шет елге шыққанда өз отаныңа деген ыстық сезім, басқа жаққа қыдырсаң үйіңді сағыну, ол да махаббаттан шығатын сезім. Бұл терминнің баламасы көп», – деп осылай толғанды.