«Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

Умбетова Жанагуль Жұмахметқызы

Ақтау қалалық маслихатының V, VI  шақырылымының  депутаты.

Қызметтегі жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың, қалалық білім бөлімінің, Ақтау қаласы әкімінің, облыстық білім басқармасының, Білім және ғылым министрлігінің, Республикалық біліктілік арттыру институтының Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен,  Ы.Алтынсарин төсбелгісімен марапатталған.

Әлем тәжірибесі көрсеткеніндей, кез-келген мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты.

Ғылым мен білімді дәріптеу «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының басты құндылықтарының бірі болып табылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» атты мақаласындағы жиырма тапсырманың үштен бірі білім беру жүйесіне қатысты. Бүгінгі күні мектеп партасында отырған бүлдіршіннің ертеңгі ел тұтқасын ұстар азаматтар екендігі бәрімізге белгілі. Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру, білім сапасын әлемдік стандарттарға сай көтеру мақсатында  Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы жүйелі жұмыстар жүргізіп отыр. Орталықта  жоғары білімді, жоғары және бірінші санатты 29 қызметкер жұмыс жасайды. Жыл басында өткен жылғы жұмыстардың орындалысы жан-жақты талданып, алдағы жылдың мақсат-міндеттері айқындалып, жұмыс жоспары жасақталады.

«Орта білім беру адамгершілік құндылықтарын, ұлттық – мәдени дәстүрлерді нығайтуға және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге, өз Отаны үшін жауапкершілік алуға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталатын болады» деп Қазақстан Республикасының білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген болатын. Осы орайда КММ «Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының» жұмыс жоспарына сәйкес мұғалім шығармашылығын арттыру, іс-тәжірибесін бөлісу  және оқушы білімін шыңдау, біліктілігін арттыру мақсатында педагог қызметкерлер мен оқушылар арасында 99 байқау мен сайыстар өткізілсе, тәрбиеленушілер арасында 13 байқау мен сайыстар өткізілді.  Жүргізілген іс-шаралар нәтижесін қорытындылау үшін үнемі мониторинг жүргізіліп,  рейтинг жасалып отырады. Рейтинг қорытындысында алғашқы орындарда  №7 м/л, №13 м/г, №11 МФММ, эк.лицей, №4 м/г, №28 о/м. мен №14,59,4 мектепке дейінгі мекемелер көрінді.

Кейінгі жылдары жиі пайдаланылып келе жатқан жаңа ұғымдардың бірі – инновация. Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне кеңінен енгізу жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Осы мақсатта  жалпы білім беретін пәндерден қазақ тілі мен әдебиетінен №8 орта мектепте «Қазақ   шығармаларындағы  афоризмдер», №16 орта мектепте «Білім  беруде  ақпараттық  коммуникативтік  технологияларды  пайдалану», №23 орта  мектебінде «Сабақ  үрдісінде  қазақ тілі  мен  әдебиеті  пәнін  өзге   пәндермен  кіріктіре  оқыту» тақырыбында, экономикалық  лицейде «Мемлекеттік  тілді  меңгертуде  оқушылармен  жасалатын жұмыс  түрлері» атты семинар өткізілді.  География пәнінен №20 орта мектеп  базасында  мұғалімдер  мен  жас  мамандарға  арналған «Өлкетану оқулықтарын оқыту арқылы туған жер құндылықтарын меңгерту» және басқа да қажетті  тақырыптарда қалалық семинарлар  өткізілді. «Өлкетану» бағыты бойынша облыстық Б.Балұлы атындағы «Шыңдалу» мектебі жұмыс жасап келеді. Облыстық мектептердің аудандық, қалалық бөлімшелері жұмыс жасайды. Қазіргі таңда №№1,3,11,16,20,21,22,24,28 орта мектептерінде «Маңғыстау әдебиеті» және «Әбіштану» факультативтік курстарынан сағат бөлініп, сабақ жүргізілуде.

Білімнің іргетасы бастауышта қалыптасатындықтан, бастауыш сынып оқушыларын оқыту әдістемесіне де баса назар аударылады. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған  оқу  мазмұны  бойынша  бастауышта  білім  беру  әдістері», «Жаңа  технологияларды  қолдану  арқылы   бастауыш сынып оқушыларының   құзыреттілігін  қалыптастыру», «Бастауыш білім беру мазмұнын жаңартуда оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру», «Бастауыш  сыныптарда  ағылшын тілін  оқыту» тақырыбында семинарлар өткізілді.  Семинарларда үздік сабақтар үлгілері, панорамалық сабақтар көрсетіліп, баяндамалар тыңдалды.

Оқушылардың білім сапасын арттыру, ұстаздар арасында деңгейлік бағдарламалар бойынша үшайлық курстан өткен мұғалімдердің өзара іс тәжірибе алмасуын жүзеге асыру, әр педагог қызметін белсенділендіру, педагогикалық және әдістемелік тәсілдерді қалыптастыру мақсатында қала бойынша 4 жетекші мектепке топтастырылып, жыл бойы семинарлар, шеберлік сынпытары, коучингтер, т.б. түрлі іс-шаралар орталықтың басшылығымен жүзеге асырылды. Сондай-ақ бүгінгі күнгі білім саласында болып жатқан өзгерістерге байланысты да барлық білім беру ұйымдарында түсіндіру жұмыстары, дөңгелек үстелдер өткізілді.

«Өздігінен білім алу және өзін –өзі жетілдіру педагог портфолиосында көрінетін қызметінің ажырамас бір бөлігі болып табылады» деп Қазақстан Республикасының білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында атап көрсеткендей, білім сапасын көтеруде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру шаралары да зор роль атқарады.  Осы орайда  білім беру ұйымдары қызметкерлері «Өрлеу»  БАҰО-ң «Маңғыстау облысы бойынша педогогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институтының» базасында өткізілетін мемлекеттік және ақылы курстарға  жүйелі түрде қатысу нәтижесінде 2015-2016  оқу жылында барлығы  571  қызметкер мемлекеттік, 460 қызметкер ақылы, 104 қызметкер республикалық деңгейдегі курстан өтті. 2012 жылдан бастан ҚР білім беру  ұйымдары педагог қызметкерлерін Кембридж бағдарламасы бойынша деңгейлік курстардан өткізу жүріп жатыр. Аталған бағдарлама бойынша ІІІ (базалық), ІІ (негізігі), І (ілгерінді) деңгейлерде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ПШО және  «Өрлеу»  БАҰО-ң «Маңғыстау облысы бойынша педогогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты» оқытуда. Қазіргі таңда деңгейлік бағдарлама бойынша 543 педогог курстан өтті. Ұстаздар арасында жаңа деңгейлік бағдарламаларды таныстыру, курстан өткен мұғалімдердің іс-тәжірибелерін тарату, курстан кейінгі кері байланысты жүзеге асыру, инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеру  мақсатына  №2 орта мектепте «Сындарлы  оқыту  үрдісі – оқушы  жетістігінің маңызды  факторы», №1 орта мектепте «Использование  7 модулей  на  уроках»,  №9 орта мектеп базасында «Сыни   тұрғыдан   ойлау  арқылы   оқушылардың   шығармашлық  қабілетін   дамыту», №13 гимназияда «Оқушылардың    оқу  жетістіктерін   бағалауда  критериалды   бағалаудың   тиімділігі», экономикалық  лицейде «Пәнаралық   байланыста  тиімді    тәжірибені  бірлесіп жоспарлаудағы   көшбасшылық»  тақырыптарында  әдістемелік семинарлар өткізілді. Бұл шаралардың барлығы да жаңа технологияларды енгізу арқылы оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып,  білім сапасын көтеруге бағытталған. Жаңаша білім беру бағдарламасы мен жаратылыстану пәндерін үштілде жүргізуге дайындау  бойынша курстан өткізу жұмыстары да жүйелі жүргізілуде.

«Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»,-деп Елбасымыз айтқандай , дарынды балаларды анықтау, олармен жемісті жұмыс жүргізу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.  Осы мақсатта дарын ісі жөніндегі сектор ашылып, өнімді еңбек етуде. Жылма жыл қалалық пәндік олимпиада өз деңгейінде өткізіліп, нәтижесінде облыстық, республикалық олимпиадада жүзден жүйрік шыққан оқушылар  қала намысын абыроймен қорғап жүр. Биылғы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген олимпиаданың республикалық кезеңінде облыс командасы бас жүлдеге ие болса, сол командының жүлделі орын алған 16 оқушысы Ақтау қаласының білім беру ұйымдарының оқушылары. Сонымен қатар республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен сайыстарға («Ақбота»,«Кенгуру», «Тарих ата », «Тіл – тәуелсіздік символы», «Русский медвежонок»т.б.) оқушылардың мезгілінде дайындықпен қатысуын қадағалап отырады. Оқушылардың интернет олимпиадалары, ЖОО грантын иеленуге арналаған конкурстарға да мектеп оқушылары белсене атсалысып отыр. Оқушы бойындағы талантын анықтау, ғылымға бет бұруына жағдай жасау үшін білім беру ұйымдары  және дарын орталығымен тығыз байланыста жұмыс жүргізілуде. Мектеп оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жобалар сайыстарының жеңімпаздары атануда. Бұл – жетекші мұғалімдердің оқушылармен жүргізілген жұмыстарының, білім сапасының көрсеткіші.  Дарын ісі жөніндегі сектордың бастамасымен олимпиадалық резерв құрылды. Жұмыс жоспары жасақталып, мектептерге тапсырмалар беріліп отырады. Әр мектеп өз ішінде олимпиада резервіндегі оқушылармен жеке жұмыстар жүргізеді. Адам бойындағы дарындылық әр қырынан көрінетіндігі бәрімізге белгілі. Осы бағытта өнер, спорт саласында да ерекше жетістікке жетіп жүрген оқушылар туралы портфолио жасалып, мониторинг жасақталып, жекелеген жұмыстар жүргізіледі.

Сонымен бірге оқушыларды ұлтжандылыққа, елін, Отанын сүюге тәрбиелеу, елінің бай, тарихи мұрасын   қастерлеуге баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бала бойындағы ерекше қабілетін ашу, оларды мадақтау мақсатында түрлі тақырыптардағы ұйымдастырылған сайыстар мен конкурстар нәтижесінде  оқушылар облыстық және республикалық деңгейде көрініп жүр.

Бүгінгі күні мұғалім тек сабақ беруші емес, жан-жақты біліммен қаруланған, жаңа ақпараттық технологияларды меңгерген, инновациялық әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесінде қолдана алатын, ізденуден, үйренуден жалықпайтын жеке тұлға болуы керек. Осындай жаңашыл, ізденімпаз ұстаздарды анықтау, олардың тәжірибесін тарату, мұғалім мәртебесін арттыру мақсатында білім беру ұйымдар қызметкерлеріне арналған тілші мұғалімдер олимпиадасы, «Жаңашыл ұстаз», «Үздік педагог», «Ең үздік сабақтар сайысы»,  «Ең үздік сынып жетекшісі», «Үздік мектеп», «Үздік балабақша», «Панорамалық сабақтар», «Жаңашыл ұстаз», «Үздік әдістемелік құралдар», «Үздік жыл әдіскері»,  т.б байқаулар мен сайыстар өткізіледі. Бұл сайыстарда жеңімпаз атанған ұстаздар облыстық және республикалық сайыстарға жолдама алып, жүлдемен оралып жүр. Атап айтсақ облыстық деңгейдегі сайыстарда  бас жүлде – 3,  І орын- 21,  ІІ орын-20,  ІІІ орын-25,  ІV орынды -27 мұғалім  иеленген. Республикалық деңгейдегі сайыстарда  І орын – 88, ІІ орын – 59, ІІІ орын -59,  ІV орын – 112 алды. Халықаралық   деңгейдегі  сайыстарда   І орын -4,  ІІ орын – 2, ІІІ орын  -3,  ІV орынды – 5  мұғалім иеленген. Жеңімпаз  ұстаздарымыздың мәртебесін көтеру мақсатында тамыз кеңесі және мұғалімдер күні қарсаңында қала әкімі атынан бағалы сыйлықтармен марапатталып отырды.

Өз біліктілігіне сай ұстаздардың санаттарын көтеруде екенін байқаймыз. Ақтау қаласы бойынша 2015-2016 оқу жылында барлығы 2318 мұғалім болса, солардың 520-ы өз санаттарын көтерген. Бұл да -мұғалімдердің жемісті еңбектерінің айғағы.

Оқу жылы барысында жалпы білім беретін пәндердің тәжірибелі, жаңашыл ұстаздарынан құрылған шығармашылық топ мүшелері жұмыс істейді. Орталық әдіскерлерімен бірлесе отырып, пәндердің берілу жағдайымен танысып, мектептерде жеке пәндер бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде әдістемелік көмектер көрсетіліп отырады.

Орталық  білім беру ұйымдарымен, білім басқармасына қарасты басқа да мекемелермен тығыз байланыста болып, жемісті еңбек етуі арқасында соңғы үш жыл бойы аудандық, қалалық білім үйлестіру орталықтарының арасында жүргізілетін рейтинг қорытындысында 1,2 орынға шығып, «Өрлеу»  БАҰО-ң «Маңғыстау облысы бойынша педогогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институтының» дипломдарымен марапатталды.

Орталық алдағы уақытта да жаңа талаптарға сай білім мен ғылымды дамыту, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында өз жұмыстарын жалғастырады.