Бүгінде трендке айналған бағдарламалар сан-алуан әрі кең қолданысқа ие. Кейбірінің фамостығы соншалықты, тіпті зейнеткерлер де ара-арасында мульти файлдарды желіге жүктеп әлек болады. Қайда түкірсең де түкірігің вайнер, блогер, тиктокер, влогер басына тиеді. Өкініштісі пайдалы әрі қызықтыларын санасаң саусақ бітіп, ыржың-тыржыңды, мән-мағынасы жоғының шегіне еш жете алмайсың.

Қазақ – қашан да даналығымен, ой-өрісі өзгешелігімен, ақыл-парасатымен сыйлы болған. Арзан атақ қуып, ол үшін жарасса да, жараспаса да селкілдеп абройын түсірмеген. Қазақ өте еңбекқор. Болар-болмасты жарнамалап, үйде ішті боққа толтырып жатпаған. Өз орнын білмеген көкелеріме, жұрттың алдында мазақ болып жүрген жеңгелеріме, әр жерін ашып, қысқа киіп көзге түскен сіңлілеріме, секіріп ұятсыз қимылды билерді билеп жүрген әжелеріме – қарным ашып, жүрегім ауырады.

Заманға сай жүріс жүрген дұрыс, дегенмен, өзін жерге төсеп «арзан атақ» қуғандарды түсіне алар емеспін. Нағыз құндылықтарды жоғалтпайық, ағайын…

Qazsaq Media Group

Бас редакторы

Медина Рей