Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Əлия ауылының түлегімін. Бала қиял жетелеген мен жастайымнан ұстаз болуды армандап, өзімнен кіші ойынға шыққан бауырларым мен көрші балаларды ыстық күннің астына отырғызып, көбейту кестесін сұрау, есеп шығарту, өлеңді жатқа айтқызып, ең қызықты ертегілерді баяндатудан бастау алған қиялым бүгінде жүзеге асып, 40 жылға жуық ұстаздық жолда қызмет етіп келеді.

Ұстаз бойындағы болуы қажет басты қасиеттер: білімділік, жаңашылдыққа құштарлық, шəкіртіне деген сүйіспеншілік. Ұстаздық жолымның 30 жылдан астам уақытын бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау ісіне арнап келе жатқандықтан, болашақ ұстаздарға заманауи талапқа сай дамып, ең алдымен бала бойына оқуға құштарлық сезімін оятуды, оқушы сауатты оқып – жаза білуге, математикалық сауаттылық, жаратылыстану мəселесін игеруге баса назар бөлуді айтып келеді. Сайып келгенде, менің бұл ойым бала бойындағы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру ұғымымен байланысын тапты,-деп өз əдісінен үзін айтып берді.

Тəуелсіз жəне егемен Қазақстан өз дамуында ғылыми-техникалық, ақпараттық, саяси, экологиялық жəне рухани қамтамасыз етудің жаңа деңгейіне көтерілуде. Республика өміріндегі бұл өзгерістер білім берудің жай-күйі мен оның сапасын қайта қарауды талап етеді. Соңғы жылдары сөз жүзінде емес, іс жүзінде білім беру мемлекетіміздің дамуының басым бағытына айналғаны даусыз шындық. Кез келген мемлекеттің бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үдерісінде инновациялар мен сапалы білім жетекші рөл атқаратыны белгілі. Еліміздің экономикалық өсуі сапалы білімге байланысты. Заман өзгеруде, əлеуметтік-экономикалық өмір жағдайлары өзгеруде. Қоғамдағы өзгерістер білім беру жүйесіндегі өзгерістерді тудырды, оның негізгі мақсаты қазіргі кезеңде білім мен дағдыларды беру емес, оқушылардың шығармашылық дамуы, олардың өмір бойы өзін-өзі тəрбиелеу жəне өзін-өзі дамыту қабілеті болып табылады.

Заманауи қазақстандық мектеп ескірген жəне жарамсызды жоққа шығарып, озық ұстаздар мен əдіскерлер мұрасының бар жақсысын пайдаланады. Жұмыстың ең тиімді əдістерін мұқият іріктеу жүргізіледі жəне бұл іріктеуді тарихи тəжірибені білмей, бұрыннан ашылған жаңалықтарға сүйенбей елестету мүмкін емес. Қазақстандағы білім берудің дамуында М. Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастарымен үйлесетін сабақтастық дəстүрлері бар. Əдебиет – жанұя тəрбиесі – адамгершілік өзін-өзі жетілдіру – мұғалімнің кəсіби шеберлігі.

Мектеп оқушыларын адамгершілікке тəрбиелеу əдістерінің ішінен М. Жұмабаев мысал əдісін ғана емес, жазалау, сендіру, əңгімелесу əдісін де ерекше атап, дене жазалауына теріс көзқарас танытқан. Терең діндар тұлға болғандықтан, ол баланың бойындағы діни сезімдерді тəрбиелеуге үлкен мəн берген, бұл сезімдерді адамгершіліктің өзін-өзі жетілдіруге шақыратын руханияттың негізі деп санаған. М. Жұмабаев отбасындағы тəрбие мəселесіне баса назар аударған. Бəсекеге қабілетті, қазіргі заманда сұранысқа ие тұлғаны тəрбиелеуде ата-аналар қауымының нақты көмегінсіз мектептің де төтеп бере алмайтынын түсініп, қазіргі білім беру саласы да отбасына арқа сүйейді. М. Жұмабаев өзінің педагогикалық көзқарастарында мұғалімнтің оқу-тəрбие процесіндегі рөліне үлкен мəн берген. Жұмабаевтың мұғалімге қойылатын негізгі талаптарды: кəсіби шеберлік, балаға деген сүйіспеншілік, тілді тамаша меңгеру жəне жақсы сөйлеу, баланың жеке басына құрметпен қарау болып табылады.

Ұстаз жоғарыда аталған мəселені шешудегі бастапқы ұстанымы баланың табиғи білімге деген құштарлығына сүйену болды. Табиғатқа сəйкестік принципі мұнда да жетекші болып шықты. Ұстаздық жолда ешқашан ешбір басқа мамандыққа айырбастауды ойламаған, өйткені бұл жол – өмірлік таңдау жолым,-деп санаған.

Бос уақытында кітап оқумен, интернет желісіндегі білім саласына қатысты семинар, вебинарларға қатысып, əдістемелік деңгейіді көтеруге арнаймын, өйткені жақсы да жаңа идеялар тудыру менің ұстаздық жолымдағы ұстанымым, – дейді Бибигуль ұстаз.

Ең сүйікті кітаптары:М.Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы, І.Есенберлиннің «Көшпенділер» және Ə.Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» туындысы.

Классикалық шығармалар бала кезінен ұнатып, ал тарихи шығармалар арқылы өткенді біліп, болашаққа болжау жасау мүмкіндігі туатынын жеткізді. Өз бойындағы құштарлық, жаңалықтан қорықпау, қарапайымдылық сияқты қасиеттерім жөнінде айтқанды ұнатады. «Сүйіспеншілік» ұғымын өзіңе, жан-жағыңа, мамандығыңа, оқушыға деген риясыз махаббат деп түсінеді. Өз кəсібіңе деген сүйіспеншілік жетістікке жетелейтін жол деп санайды.