Мектепте пионер жетекшісі болып жұмыс істеу үшін қалған. Бала кезінен сынып жетекшісі Ысқақова Роза Ғабдулхаққызы, биология пəнінің мұғалімі Геннадий Евгеньевич Горохов жəне алғашқы ұстазы Наурызбаева Жания Молдашқызы үлгі болған жандар деп есіне алды ұстаз.

Ұлттық мəдени дəстүрді жетік білетін, халқының тарихын сүйетін, ел болашағының тірегі бола алатын ұрпақ тəрбиелеу – тарихымыз бен мəдени мұрамыз қалыптасқан бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. нығайтылды жəне зерттелуде. Осы міндеттерді жүзеге асыруда жалпы білім беретін мектеп пен ұстаздар қауымының жұмысына ерекше көңіл бөлінуде.

Абай тəрбиеші мен тəлімгердің педагогикалық шеберлігінің басты белгілері – мақсаттылық, жалпы педагогикалық мəдениеттің жоғары деңгейі, парасаттылық, мейірімді жүрек, ұстаздық дарын, үнемі ізденуге дайын болу, ізгі ниет деп санады. Осы салынған дара жолы бізге тəрбиенің негізгі көзі болу керек.

Шыңы биік, мінер баспалдағы ауыр жол. Оқу мен тынымсыз еңбектің жолы. Қуаныш пен көз жастың жолы. «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты» дейді қазақта. Мұндағы «мықты ұстаз» – жаңағы айтылған ұлы жолдың шыңына жетемін деп талпыну. Алда тұрған небір кедергілер мен ауыр асуларды бағындыра алу жəне оған қарсы тұра білетін ерік-жігер, мықтылық, сабырлық пен төзімділік. Осы қасиеттерді өз бойына ұштастыра білген ұстазды нағыз өз ісінің маманы дейді.

Ұстазға ақын да, ғалым да, малшы да, хан да бас иген. Ерен еңбегін құрметтеп, ұстаз есімін үнемі ұлықтаған. Себебі, ұстаздық ету – үлкен шеберлік. Сол шеберлікке жоғары баға бергендердің бірі – орыстың атақты педагог демократы, əрі педагогика ғылымының нағыз майталманының бірі – К.Д. Ушинский еді. Ол өзінің бір сөзінде: «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» деп үлкен баға берген болатын. Бұл сөзіндегі «сырттай қарапайым» дегенін бөлек алып қарайықшы. Яғни, сырттай қарапайым, жай ғана бір мамандық. Мұны бірі түсінсе, бірі аса түсіне бермейді, бірақ мұғалім өз бойында тек бір ғана ұстаздықты, бір ғана тəлімгерлікті алып жүрмейді.

Қажет кезінде актер де, əнші де, ұйымдастырушы, режиссер, биші, бағдарламашы, суретші болады. Бұл қасиеттердің барлығы бір ғана ұстаздың бойынан табылатыны таң қалдырады. Бір емес, бірнеше асыл қасиеттерді өз бойына арқалап жүрген аяулы ұстаздарымыздың еңбегі – баға жетпес асыл еңбек. Сол себепті де К.Д. Ушинскийдің ұстаздықты ең ұлы іс, ең ұлы жол деп бағалауы бекер емес.