Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана нағыз мұғалім болады. Оқуды, ізденуді доғаруымен оның мұғалімдігі де жойылады.

1989 жылы 25 сəуірде Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылында дүниеге келді. Үнемі ойын барысында мұғалім ойнап, ойыншықтарды да оқушы сияқты отырғызып, кез келген кабинеттің есігін ашып, бұл менің тақтам болады, деп оларға математика, қазақ тілі т.б. пəндерді өткізіп ойнайтын. 1995 жылы Ш.Уəлиханов орта мектебіне барды. 2004 жылы негізгі мектепті бітіргеннен кейін анасының кеңесімен мұғалімдік жолға түсіп, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжіне оқуға түсті, оқуды 2008 жылы ағылшын тілі мұғалімі біліктілігімен шет тілі мамандығы бойынша бітірді. 2011 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді.

Өмірінде анасын бəрінен де жақсы көреді, ол бас əріппен жазылған жан еді, еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімінен бастаған, одан кейін директордың орынбасары, 10 жыл мектеп директоры, ал өмірінің соңғы жылдары біздің ауылдық округтің əкімі болды. Адал, жігерлі, əділ, адал еңбегімен бəріне жетті. С.Аманжолов атындағы Батыс Қазақстан Университетін «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша 2022 жылы бітірді. Білім берудің кез келген деңгейінде ең алдымен балаларды функционалдық сауаттылыққа үйрету, яғни барлық жаңа білімді шынайы өмірмен байланыстырып, осы білімді қолдана білуге үйрету маңызды деп ойлайды. Ағылшын тілін тамаша меңгерген шəкірттерін мақтаныш санайды, өйткені мұғалім үшін студенттің жетістігі əрқашан мақтаныш жəне нəтиженің көрсеткіші болып табылады. М.Əуезовтің «Абай жолы» кітабы, көптеген өмірлік сұрақтарға жауап таба алатын жəне қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірі туралы ғана емес, сонымен бірге қазақ халқының тұрмысы, əдет-ғұрпы мен салт-дəстүрі туралы да сыр шертетін кітап. Никола Юнның «Бүкіл əлем» кітабы. Бұл кітап балаларыңды асыра қорғау жақсы емес екеніне көзімді ашты, ең алдымен балаларыңды адам ретінде қабылдап, олардың пікірі мен тілектерін құрметтеп, тыңдау керек. Сара Хапвидің «Кайдзен» кітабы маған өзін-өзі реттеуге жəне мақсаттарға жетуге көп көмектесетін əдеттерді шағын қадамдармен өзгертудің жапондық əдісі туралы, – деп кітап туралы өз пікірімен бөлісті. Еңбек жолын 2008 жылы колледжді бітіргеннен кейін басталды.

2008-2009 жылдары орта мектепте ағылшын тілі пəнінен сабақ берді. 2010-2011 жылдары Өскемен қаласындағы көпсалалы колледжде ағылшын тілі мұғалімі болды. 2011-2012 жылдары Риддер қаласының кəсіпкерлік, ауыл шаруашылығы жəне ветеринария бөлімінде аудармашы болып қызмет атқарды. 2012-2016 жылдары Риддер қаласының білім бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.

Жетістіктеріне тоқталатын болсақ: 2022 жылы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы əзірлеген «Мектептегі ағылшын тілі сабағы: басымдықтар жəне жетілдіру стратегиялары» педагогтердің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша тренер; 2022 жылы мамыр аудандық ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған семинарда үздік жұмыс көрсеткені үшін грамота; 2022 жылы «Мұғалім тəжірибесіндегі зерттеулер» тақырыбында облыс көлемінде тəжірибе тарату; 2021 жылы қазан «Ы. Алтынсаринның 180 жылдығына» арналған халықаралық конференцияда «Мектептің білім беру мазмұнын жаңарту жəне үш тілді тұлға қалыптастырудағы Ы. Алтынсарин мұрасының рөлі» тақырыбында баяндама; 2018 жылы қыркүйек Тұғыл ауылдық округі əкімінің құрмет грамотасы; 2018 жылы тамыз ШҚО үштілділікті дамыту бағдарламасы аясында атқарған нəтижелі жұмысы үшін облыс əкімінің қаржылай сыйақысы; 2018 жылы «Ағылшын тілін оқыту əдістемесі» біліктілігін арттыру курсы; «Using authentic materials in teaching English» жобалық жұмысы; 2018 жылы аудандық «Үштілділік заман талабы» семинарында үздік жұмыс көрсеткені үшін аудандық білім беру бөлімінің мақтау қағазы; 2017 жылы халықаралық CELTA (certificate in teaching English to speakers of other languages) сертификаты; 2017 жылы Тарбағатай ауданы əкімінің құрмет грамотасы; 2017 жылы тамыз кеңесінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған секция отырысында «Үштілде оқытуды ұйымдастыру – бəсекеге қабілетті білімді дамыту ресурсы» тақырынба баяндама оқып, аудандық білім беру бөлімінің мақтау қағазымен марапатталды; 2017 жылы халықаралық «ТКТ: Teaching knowledge test» тестінен өтіп, жоғары дəрежелі сертификатқа ие болды; 2016 жылы мектепішілік «Жыл мұғалімі – 2016» кəсіби сайысында «Бас жүлде» иеленді; 2015 жылы «За содействие в организации международной педагогической и образовательной площадки в городе Риддер» алғыс хат; 2014 жылы үздік жұмысы жəне қаланың білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Риддер қаласы əкімінің грамотасы; 2012 жылы «Тіл шебері» республикалық кəсіби үштілділік конкурсында ІІ орын; 2011 жылы «Тілдарын» облыстық үштілділік бойынша конкурста гран-при жүлдегері.

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һəм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.