Мақсаты: Егіз балаларды үй жағдайында тәрбиелеудің ерекшеліктерін анықтау  және  дамуына  сипаттама.

Егіздер  дүниеге  келгенде  көпшілік  ата –ана оларды  қалай  ер  жеткізу  жайлы  ойлайды. Егіздерді  психологиялық жетілдіру басқа  бір  баланы  жетілдіргенде,  солар  бағынған  тәртіпке   бағынып  тәрбиеленгенімен, олардың  өздеріне  жараса қиыншылықтары бар.                                                   Егіздер  туылғаннан   5 – 6  айға дейін  әрдайым  бірге  болады  және  одан  кейінгі  уақытта  олар бір –бірінің эмоцияларын  сезе  бастайды. Мысалы: біреуі  жыласа  екіншісіде  жылайды. Әрқашанда  олардың  бір – бірімен  тығыз  байланыстылығы  олардың адам  болып  қалыптасуына  үлкен  әсер  етеді. Шамамен  3  жастан  бастап  біргеліктегі   ойынында,  келешектегі  олардың  қарым – қатынасының  негізі  қаланады.  Бірақ  олардың  қалай  болуы  алдымен  ата–ана  кейін   тәрбиешіге  байланысты. Өкінішке  орай  ата –аналар  егіздерде  тосын сәт  оқиғаларын  ескере  бермейді.  Ата-аналардың  ең үлкен  қателіктерінің  бірі   ата–аналар  егіз  балаларды  егіз  деп  емес,   оларға бір  адамдай  қарағандай  қарайды. Олардың  сырт  бейнесі  ғана  емес   ішкі  дүниесінде  бірдей  етуге  әрекет  жасайды.  Көбіне  бұндай  жағдай  бір  ұрықтан пайда  болған  егіздерде  болады,  яғни  біріңғайқыз  немесе  біріңғай  ұл.  Бұны  медициналық  терминде  зигод  деп  атайды.

Олар бір – біріне  екі тамшы  судай  ұқсайтын  болады.  Оларға  бірдей  көзқараста  қарау   керек  емес,  бірдей киім,  бірдей  ойыншық  тіпті  бір – біріне   жақын,  ұқсас  ат  қоюда  керек  емес  болады. Тағы бір  үлкен  қателік  ата – аналар  оларды өздерін  жеке  бір  қоғам  деп  санап,  оларды   басқа  балалармен,  басқа  көпшілікпен  қарым – қатынасқа  түсірмей  қарайды.  Оларға  ондай  жеңіл  көзқараспен  қарап  үлкен  қателік  жасайды.  Олардың бір -біріне  ұқсастығы,   қарым –қатынастың  тығыздығы   оларды  тағыда  байланыстыра  түседі.  Уақыт  өте  келе  бұл  жағдай  олардың  болашақта  бір – бірінсіз  өмір  сүре алмайтындай  халге  жеткізеді.  Бұл  қоғамда,  мектеп  ортасында  қиыншылық  туғызады.  Осының  салдарынан   олар  бір – біріне  жүктеген   жауапкершілікті  атқара  алмай  қалады,  себебі  олар  бір – біріне   сүйеніп  қалған  болады.  Кейіншелік  тұрмыстық  өмірде  де  олар  өз жұптарынан нақ  өзінің  егізінің  сыңарының қасиеттерін  күтеді  және  талап  етіп  тұрады.

  • Ең алдымен  олардың  бір–біріне  қатты  ұқсас  екенін көп  айтпау  керек.
  • Оларды бірдей  киіндірмеу  керек.

Ең  маңыздысы  олардың  жеке  қажеттіліктеріне  көңіл  бөлу,  яғни  олардың  туылғаннан  бір–бірінен  айырмашылығы  бар  екенін,   сол  айырмашылығын  сезіндіріп,  оларды сыртқа  шығаруға көмектесу  керек.

Егіздердің бір-бірімен  қарым-қатынасына  бақылау  жасау  мүмкін  емес,  және  керекте  емес  және  оларды  күштеп  біріктіруде  дұрыс  емес.  Бірақ  олардың  қарым – қатынас  жасайтын  ортасын  кеңейту  керек  яғни  олардың басқа балалармен  және  үлкендермен  қарым–қатынасын  кеңейту  керек. Бұл  өте  маңызды  себеп  болып  табылады.

Тек  қана  өздері  бір–бірімен  қарым – қатынас  жасайтын  егіздердің  тілі  өте  нашар  дамыған  болады:

  • Сөздік қоры  өте  аз;
  • Сөйлемді дұрыс  құрай  алмайды;
  • Сөзді дұрыс  жеткізе  алмайды. ( сөзді  соңына  дейін  айтпайды).

Соның  салдарынан  оларда тек  қана  өздеріне  ғана  түсінікті  тіл  пайда  болады.  Тілінің  дамымауы  олардың  психологиясының  және  ойлау  қабілетін  бұзушылыққа  тап  етеді,  бұл  жағдай  уақыт  өте  келе   өздерінің қатарластарымен   қарым-қатынас  жасауға,  мектеп  бағдарламасын  меңгеруге  кері  әсерін  тигізеді.  Олардың  дұрыс  сөйлеуі  үшін   олармен  көп  қарым – қатынаста  болу  керек  және   көбірек  әңгіме  құрап,  көп  кітап  оқып,   саяхатқа  апарып,  суретке  қарап  әңгіме  құрып  айту  керек.  Бұны  қайталатып  бір – бірін   толықтырып  жауап  беретіндей  етіп  сұрау  тиімді. Бұларды  ойын  түрінде  құру  оданда  тиімді  болып  келеді.

Бұл  ойын  оларды  қызықтырса, олар сіз жоқта да, сол ойынды ойнайды. Егіздердің тәрбиесінде олар сіздің  теңдей  дәрежеде  көңіл  бөлуіңізді,  теңдей  еркелетуіңізді  зәру  етеді.  Соны  естен шығармау  керек. Оларға  екі  түрлі  көзқараспен  қарау,  олардың  тәрбиесіне  кері әсеріе  тигізеді.

Тәжрибелеріне сүйене  ата-аналар  егіздердің  біреуін  бастауышы  ал  біреуін  соған  еруші  деп  бөліп  қарайды.

Бастауышы  қайсысы  болуы  мүмкін? Әдетте  екі  ұрықтан  пайда  болғандар яғни  біреуі  қыз,  біреуі  ұл  бала  болуы  мүмкін. Бастауышы  бірінші  туылғаны   яғни  үлкені  немесе  мықтысы  немесе нашары   бастауышы  болуы  мүмкін. Отбасы  басшысын   өзіне   жақын  алатыны  бастауышы  болуы  мүмкін.  Ал  ата-аналар егіздің  екінші  сыңырын  артынан   сөзсіз  еретіндігін  біледі  және сезеді. Бұл  бастауышының  артынан  ерушіні  түгелдей  басып  тастауына   алып  келеді. Бұнда  артынын  ерушінің  бастауышыға, ата –анаға  қарсы  шығу  пайда  болады. Бұны  сырт  көзге  көрсеткісі  келмейді  ал  ол  іштей  өзі  біледі.  Ал  бұл  оның  психикасына  кері  әсерін  тигізеді.  Егіздердің  отбасында  бірдей  дәрежеде  екендігін  сезу,  білу  осыған  байланысты

Егіздерде  бәсекелестік  жиі  пайда  болады. Егер   сіз  егіздерде  бәсекелестік  жиі- жиі  пайда  болады  десеңіз,  қателесесіз.

Олар әлі  жүріп  үлгірмегенімен  болсада  сыңарын  анасының  алдынан  итеріп  түсіруге  әрекет етеді.  Бірінші  сыңара  әкесі  немесе  анасымен  ойнап  жатқанда  екінші  сыңарына  ол  сырттай қарағанда, бірінші сыңарамен  ойнап  жатқан  адам  оған ойыншық  боп  сезіледі  де,  сол  ойыншықты  алуға  яғни сол  ойыншықты  мен  алып ойнасам  деген  ұғым  қалыптасады  яғнии балалардың  біруінде  эгоистік   пайда  болады. Мысалы әр күні  кешке   анасы  егіздерге  кітап  оқып  беріп  жатқан  кезде  бұларда  қиыншылық  туады.

Әр  бала  анасының  тек өзіне  кітап  оқығанын,  тек  өзіне  сурет  көрсетсе  деп ойлайды.  Анасы  кітап  оқып, сол  кітаптағы  суретті  біреуіне  көрсетіп  жатқанда,  екіншісі анасын  қызғанып  кітапты  тартады  яғни  балалардың  біреуінде  қызғаншақтық  пайда  болады. 14  айлығында  балаларда  алдындағы  затын  біреумен  бөліспей  тек  өзіме  деген  ұғым  қалыптасады.  Егер  бірінші  кездерде  екеуінеде  бірдей  қамқорлық  жасауға  талпынсақ,  кейін   уақыт  өте  келе басқа,  әкесі  немесе  анасы   тек  қана  біреуімен  айналысса,  екіншісі  қараусыз  қап  кететін  жайт  болады.  Бұнда  да  балалардың  бірінде  қызғаншақтық, эгоистік  қалыптасады.

Ата-анасының  назарын  тек  өзіне  аударғысы  келген  сәтте,   алдындағы барлық  қызығушылықтарды  жинап  тастайды.    Солардың  бәрі өздеріне  ған  тән  тілмен  сөйлеуден  басталады. 9  айлығынан  бастап  егіздер  өздерінің  көңіл-күйін  көтере  бастайды. Сіз  олардың  өз-өзімен  көңіл  көтеріп  жатқанын  көріп  рахаттанасыз.  Бұлардың  не   үшін  күліп,  ойнап  жатқанын  сіз   ересектер  сырт  көзбен  қарағанда түсінбейді,  бұл  егіздердің   өздеріне  ғана  белгілі  нәрсе.

Бірінші  еңбектейді,  кейін  журу,  одан  кейін  жүгіруді    үйренген  олар  өздері еркіндік  алады  және  сол  еркіндікте  өздері  қалаған  ойындарын,   қимылдарын  жасайды.

Бір  өзгермейтін  жәйт  егіздер  ешқашан  жалғыздықты  сезбейді.

Егер  егіздердің  біреуі  жоқ  болса,  сыңары  оны  іздейді, ата-ананың  берген  қамқорлығыда  оның  сыңарының  орнын  баспайды,  олар  оған  қанағаттанбайды.

Егіздерде  қатал  бәсекелестік  пайда  болады.  Әрқайсысы  ең  жақсы  болуға  әрекет  жасайды.   Әсіресе  бұл  екі  ұрық  клеткасынан  пайда  болғандарда  яғни  ұл  мен  қызда  анық  көрінеді.   Қыз  тез  жетіледі,  сондықтан ол  інісінің  үстінен  анасының   рөлінде  болып  басқарғысы  келеді.

Бұл  жағдайда  қызға  өзінен  үлкен, ал  балаға  өзінен  кіші  дос  тауып  беру  керек.  Себебі   балада  да  басқаруы  үшін және  оларды   2  топқа бөлген  дұрыс.

Педагог  Марсел Рауфтың  айту  бойынша «егіздерді  балабақшада  бір  топқа   немесе    мектепте   бір  класқа  қою  бұл  тәрбиешілердің  қателігі  деп  есептейді.  Оның ойынша  егіздерді  екі  бөлек  тәрбиелеу   балалардың  психикасына  пайдалы.

Жоғарыда  айтылғандарға  сүйене  отырып  біз  осындай   қорытындылаймыз:

Егіздермен  айналысу  мүмкін  емес,  оған  күш   керек  деген  ұғым  дұрыс  емес.  Жалпы  егіздердің  туылуы  бір  бақыт   және  олар  әрдайым  қасында  өзіне  ұқсас  жүргенін  білетін  болады.  Егіздердің  қасиеті  мен  қажеттілігі  дамуы  үшін  оларды  еркін  кеңістікпен  қамтамасыз  ету керек.

Хулкар Зарипова