«Ұстаз» – қандай құрметтті сөз! Меніңше, шәкіртке білім мен тәрбие берудің ұстанымы деп ойлаймын.Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңші!

Ұлағатты ой иелері де арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. ОЛ-Ұстаз!

Ұстаз-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы,маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы,жарқын үлгісі,бала қиялын самғатып,арманын көне ұғындырушы басты тұлға.

Ендеше олардың еңбектерінің нәтижесі-елін сүйетін,білімді де білікті шәкірттер.

Елдің ертеңі-бүгінгі ұрпақ.Тәуелсіз еліміздің ұрпағы-кемел де терең біліммен қаруланған,ғылым мен техниканың сан қырлы тетігін меңгерген,бүкіләлемдік құндылықтарды бойына сіңіре алған ұрпақ болуы хақ.Ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан бабалар дәстүрін,аманатын орындау-бүгінгі ұрпақтың міндеті.Сондықтан да XXlғасырда ұстазға қойылатын талаптар да зор екенін білеміз.

ХХl ғасыр-бұл ақпараттың  қоғам дәуірі,технологиялық   мәдениет дәуірі,айналадағы дүниеге,адамның денсаулығына,кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі мұғалім-ата-ана,бала бағбаны,қоғам қайраткері.Бала тәрбиесінің қайнар көзі саналатын бастауыш сынып оқушыларына қойылатын талап та күн сайын артып келеді.Оқушыны белгілі мақсатқа сай  баулу,логикалық  ойлау қабілетін дамыту тікелей ұстазға байланысты.Сол себепті менің қызығы мен қиындығы  мол еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым-бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына  сай боларлықтай  ұрпақ  оқыту,балалардың қабілеттері мен таланттарын  жан-жақты ашу,айқындау, тәрбиенің ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне  көтеру,бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсат-мұраттарға жетелеу.

Бастауыш пәнінің мұғалімі болу аса маңызды жауапкершілікті қажет етеді.Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз,қабылдау мүмкіндіктері әр түрлі болады.Дегенмен,әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.Мен өз тәжірибемде бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық  тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алатынына көз жеткіземін.Ол үшін шығармашылық   тапсырмалар әр сабақта  өтілетіндей ұйымдастыру қажет.

Жалпы оқушылардың шығармашылығын дамытуда»Сын тұрғысынан ойлау»технологиясы мен «Дамыта оқыту»технологиясын тиімді деп есептеймін және сабағымда  жиі  қолданамын.

Келешекте өз әдістемем технологияларыммен сабақ үйрету  шеберлігімді жетілдіру үшін төмендегідей  жұмыстарды жүргізу қажет деп білемін.

-Үздіксіз біліктілігімді көтеру,жұмыстың мақсаты мен міндетін айқындау,өзіндік жұмысты жоспарлау,ұйымдастыру,мұғалім мен оқушының жеке тұлға ретінде шығармашылық ынтымақтастығын дамыту.

Бүгінгі ұрпақ-жаңа ғасыр ұрпағы.

Сондықтан»Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан,»-деп Абай атамыз айтқандай,біздің әрбір шәкірттеріміз кірпіш болып қаланып,дәстүріне берік болып,жасалып жатқан жақсылықтарды қайтаруға күш-жігерін аямайтын ұрпақ болуы қажет.Сонда бізді өзге елдер тани түсер еді.Өйткені,болашақ жастардікі.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні,жас ұрпаққа сапалы біліммен саналы тәрбие беруде педагогикалық шеберлігімді шығармашылық арқылы дамытуға күш-жігерімді аямаймын.

Шындығында,әрбір  ұстаз  жаңа инновациялық  технологияны меңгеру барысында  өзін-өзін дамытады,өзін-өзі қалыптастырады.

Біздің мақсат-рухани әлемі бай шәкірт.Осы мақсаттан шығу-ұстаздардың басты міндеті деп білемін.

 

Лиза Пришова,

Қызылорда қаласы,

№187 М.Шоқай атындағы мектеп