Білім саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта, Денсаулық.

Білім бөлімі: тіл дамыту, қоршаған ортамен танысу, дене тәрбиесі.

Мақсаты: Балаларды табиғи апаттардың қауіп-қатерін жете түсінуді, жеке және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Төтенше жағдайлар кезіндегі мінез-құлық мәдениетін дамыту. Сабырлы болуға тәрбиелеу. Жер сілкінісі болған жағдайда қалай қорғану қажет екенін, су тасқыны кезінде ережелермен, қауіпсіздік теорияларын сақтауды үйрету.
Билингвалдық компонент: Жер сілкінісі – землетрясение, су тасқыны – наводнение.

Барысы: 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті сайыс түрінде өтетіндігін балаларға айту. Балаларды екі топқа бөлу. Әр топқа тапсырмалар беру арқылы жеңімпаз топты анықтау. Әр тапсырмаға «бір» ұпай беріледі.
І топ «Күн» тобы. Күн тобына әр дұрыс жауабына күн беріп отыру.
ІІ топ «Жұлдыз» тобы. Жұлдыз тобына әр дұрыс жауабы үшін жұлдыз беріп отыру.
Сәлемдесу:

Қайырлы таң, көк аспан!

Қайырлы таң, жер ана!

Қайырлы таң апайым,

Қайырлы таң  достарым!

        Тәрбиеші су тасқыны  туралы түсініктеме береді:

        СУ ТАСҚЫНЫ – бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады.  Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.

Су тасқынына қалай дайындалу керек

Егер де Сіздің аумағыңыз су тасқынынан жиі зардап шексе, су басу мүмкін жерлердің шекарасын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге жақын тұрған дөңестеу сирек су басатын жерлерді, оған баратын ең қысқа жолды  зерделеп, еске сақтаңыз.

Отбасы мүшелерін ұйымдасқан және жекелей көшіру кезінде әрекет ету, сонымен қатар кенеттен және буырқанып келе жатқан су тасқыны кезіндегі ережелерімен таныстырыңыз. Қайықтар, салдарды және оларды жасау үшін құрылыс матеиалдарын сақтау орындарын еске сақтаңыз. Көшіру кезінде алып шығатын құжаттар, мүлік және дәрі-дәрмектердің тізімін алдын-ала жасап қойыңыз. Арнайы чемодан немесе рюкзакқа құндылықтарды, қажетті жылы затарды, азық-түлік қорын, су және дәрі-дәрмекті салыңыз.

Су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек

Су тасқыны қаупі және көшіру туралы дабылды алғаннан кейін күттірместен, белгіленген тәртіп бойынша өзімен бірге қажетті заттар мен бұзылмайтын азық-түліктің екі күндік қорын алып апаттық су басуы ықтимал қауіпті аумақтан белгіленген қауіпсіз аумаққа немесе дөңестеу жерлерге барыңыз (шығыңыз). Көшіру пунктіне жеткеннен кейін тіркеліңіз.

Үйден кетер алдында электр қуаты мен газды сөндіріңіз, отын жағу пештеріндегі отты өшіріңіз, ғимараттың сыртындағы барлық қалқитын заттарды бекітіп қойыңыз немесе қосымша жайларға орналастырыңыз. Егер де уақытыңыз болса үйдегі құнды заттарды шатырға немесе жоғарғы қабаттарға орналастырыңыз. Есіктер мен терезелерді жауып, қажет болса және уақыт жеткілікті болса бірінші қабаттың терезелері мен есіктерін сыртынан тақтайлармен жабыңыз. Оған қоса, үнемі апат туралы дабылды беріңіз: күндіз – жақсы көрінетін шүберекті ағашқа байлап іліп немесе бұлғау, ал түнде жарықтық дабылмен және дауыс беру қажет.

Су тасқынынан кейін қалай әрекет ету керек

Ғимаратқа кірер алдында қандай-да болмаса бір заттың құлау немесе қопарылу қаупі бар ма жоқ па тексеріңіз. Жайды желдетіңіз (жиналып қалған газдан тазарту үшін). Жайларды толық желдетпейінше және газбен қамту жүйесінің жарамдығын тексермейінше электрді қоспаңыз, ашық отты пайдаланбаңыз және сіріңкені жақпаңыз. Электр өткізгіштердің, газбен қамту, су және канализация құбырларының жұмысқа жарамдылығын тексеріңіз. Олардың мамандардың көмегімен тексеріп жарамдылығына көз жеткізгенбейінше қолданбаңыз. Жайларды кептіру үшін есіктер мен терезелерді ашыңыз, едендегі және қабырғалардағы кірді жуып, подвалдардағы суды шығарыңыз. Сумен тікелей жанасқан тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз. Құдықтарды тазартуды ұйымдастырып ондағы лас суды шығарыңыз.

Жер сілкіну дегеніміз – жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы кенет ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербеле қозғалуы!

Жер сілкіну ұзаққа созылмайды,әдетте бірнеше секунтдардың ішінде ғана өтеді!Бірақ жер асты дүмпулері бірінің артынан бірі қайталанып,бірнеше жылдарға жалғасуы мүмкін!Мысалы,Алматыда 1887 жылы басталған жер сілкіну 3 жылға созылған!

Жер сілкінісі жиі қайталанатын аудандарда зілзалаға төзімді үйлер тұрғызылады!Мұндай үйлердің қабырғасы арасына темір салынған бетон құймалармен бекітіледі,іргетасының беріктігіне айрықша көңіл бөлінеді!

Жер сілкіну уақытын болжауда жануарлардың да себі тиетындігі байқалған!Кейбір жануарлар жер сілкінуге бірнеше сағат абыржи бастайты екен!Мәселен,жылқы жем жемей,кісінеп,жан-жағына қарап үркеді!Құстар у-шу болып,аспанды шыр айнала ұшады!Аквариумдағы ұсақ балықтар ерсілі-қарсылы тынымсыз жүзеді!

І тапсырма. «Жер сілікінісі туралы не білесің?»
Әр топқа үш сұрақтан беріледі.
1. Жер сілкінісі кезінде қандай заттар құлауы мүмкін?
2. Қауіпсіз орындар мен сенімді жерлерді ата.
3. Жер сілкінісі кезінде көшеде болсаң не істейсің?
4. Жер сілкінісі кезінде қандай жерге баруға болмайды?
ІІ тапсырма. «Сел мен көшкін, су тасқыны туралы не білесің?»
1. Сел мен көшкін деген не?
2. Сел мен көшкін кезінде қалай аман қалуға болады?
3. Су тасқыны деген не?
4. Су тасқыны кезінде қалай аман қалуға болады?

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Далада жел  еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.
ІІІ тапсырма. «Кім жылдам?»
Жұмбақ шешу.

Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер.
(от)
Жалт-жұлт етеді,
Жалмай-жалмай жұтады.
(от)
Жол үстінде төсек.
(көпір)
Ұзын-ұзын ұз келер,
Ұзын бойлы қыз келер.
(жол)
Бір құсым бар жаны жоқ,
Қанатының саны жоқ.
Кісіге өзі тым жақын,
Сөйлесуге дамыл жоқ.
(телефон)
Бір нәрсе әуенмен сөйлеп қатты,
Әуеде оның өзі керек тапты.
Сөйлесе маңызды сөз әңгімесі,
Қаратады аузына жамағатты.
(радио)
Шыр-шыр етеді, құлағыңа жетеді,
Ұстай алсаң, сөйлеп кетеді.
(телефон)
Қуыста қызыл әтеш билейді.
(от)

Табиғат ерекшеліктері туралы жұмбақтар:

Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел)

Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай)

Қуып едім-мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім-қолға тұрмады. (Боран)

Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел)

Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті. (Күн күркүреуі)
Қорытындылау 
Сайыстың соңында екі топтың жинаған ұпайларын есептеп, жеңімпаз топты анықтау. Сайысқа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Жер сілкінісі кезінде қалай қорғануды.

Игереді:    Су тасқыны кезінде қалай қорғануды біледі.

Меңгереді: Әр уақытта барлық жағдайға дайын болуды.