ҚР мектептері мен жоғары оқу орындарында тек сапалы кадрлар ғана білім береді. Мұнымен қатар, оқу бағдарламасы америкалық, аустралиялық стандарттарға сай келеді. Ал дәл қазір талапкерлерге бизнес, экономика, менеджмент, маркетинг, ақпараттық технология саласындағы түрлі мамандық ұсынылады. Студенттер қолдарындағы дипломының арқасында Дубайда мансап жолын құрастыруға, беделді қызметке орналасуға мүмкіндік алады. Дәл қазір аталған елде білім алғысы келетіндер бір академиялық жыл үшін 5 000-нан 11 000 АҚШ долларына дейін төлейді. Мұнымен қатар, ай сайынғы шығыс құны 700 долларды құрайды. Таңдаған ЖОО-мызға сәйкес араб, ағылшын және орыс тілдерінде білім алу құқығымыз бар. Экзамен бір семестрде екі рет жүргізіледі. Ал бір семестр 10 аптаға созылады. Жыл бойы демалыссыз оқып, оқу жылын жылдам аяқтауға болады. Мемлекет студенттерге көмек болсын деген ниетпен жатақхана мен ЖОО ғимаратын интернетпен жабдықтаған. 3-4 жыл ішінде бакалавр дәрежесін, 2-3 жыл көлемінде магистр дәрежесін алуға болады. Дубайдағы Британия университеті магистр дәрежесін алуға мүмкіндік береді. Аталған оқу орны негізгі зерттеу орталығына айналып отыр. Оның беретін білімінің сапалы екендігіне Білім министрлігінің өзі кепілдік беруде. Британия университетін тәмамдаған соң түрлі ғимарат құрастыру жобаларына ат салысуға, ақпараттық технология, банк жұмысы сынды салаларда қызмет етуге болады. Бағдарламаның бағасы шамамен 20 000 долларды құрайды. Ал бағдарлама бойынша тапсыру үшін орта білім туралы аттестат және ағылшын тілін білетіндігіңіз туралы сертификат ұсынуыңыз керек.