Биылғыжаз маусымы сән әлеміне ерекше өзгерістер енгізді. Сүйкімділік пен нәзіктілік, қаталдық пен романтикалық киім үлгілерін ұштастыра отырып, ол жаңа форматқа ауысуда.
Ежелден танымал классикалық қара түс сәннен шықпайды, дегенмен гардеробыңыздан түрлі-түсті киімдер де табылғаны абзал. Күздің жаңа топтамасын назарларыңызға ұсынамыз…
Қара түсті киім – әрқашан трендте!
Есіңізге салсақ, сән ханшайымы Коко Шанельдің сүйікті түсі – қара. Аталмыш күздің үздік тренді де – бастан аяқ киімге дейін түгел қап-қара болмақ. Бәрекелді, гардеробта жиналып қалған барша қара түстілерді жарыққа шығару сәті түсті.
Жаздың алуан түрлі ашық түстері
Қараны жақтырмайтындарға жағымды жаңалық! Түрлі-түсті фасондарды таңдай отырып, әлемдік сәннен жырақта қалып қоймайсыз. Жарық түсті сән үлгілеріне қара белдемше немесе кез-келген аксессуарларды пайдалана отырып сән музасына айналасыз. Жарқын жазды сағынышпен артта қалдыру қажет емес, гардеробыңды түрлі-түсті киімдерге батыл толтыра беруіңе болады!
Сумка – баул
Ежелде танымал болған пішіні жоқ дорба қайта сәнге оралды! Бұл мезгілде сән дизайнерлері дорбаның пішінін өзгертпек болып, түрлі әдістер пайдаланып көрді, алайда пішіні жоқ дорбаның нобайын сол сүйкімді қалпында қалдырды.
Сәнді – тері
Сіз білген көртенше немесе плащ үлгісіндегі тері, басқа да бейнеде сәнге айналды. Ол күздің тренді бола алады ма? –Әрине! Сәнді тері костюм және көйлек үлгілерінде сәнқой қауыммен қайта қауышпақ! Жұмсақ, матовый түрлері және алуан түсті былғары күздің ең үздік фасоны болмақ.
Жеңіл қозғалу
Денеде бос тұратын пальто, шалбар, сарафан, жейде және көйлек үлгілері үстіміздегі күздің ең танымал трендіне айналмақ. Қимылға қолайлы, бос әрі ыңғайлы бұл сән үлгілерін өзге де күз-2016 нобайларымен араластырып киюге болады.
Топтамада бос киімдерден өзге сән мен фигураны баяндайтын тар киімдер де танымал
Кеңес: Егерде арық бола отырып толық көрінуді көздесе ою, сурет бейнелеген шалбар таңдаған дұрыс. Ал керісінше, денеңізді жинақы көрсеткіңіз келсе еш бір ою-суреті жоқ, бір тонды кофтаға тоқталыңыз.
Альбина ОРАЛБЕК,
штаттан тыс тілші