«Балалық шағымда мұғалім болуды жиі армандайтынмын жəне бауырларымды, туыстарымды жинап, мектеп ойнайтайтынбыз. Мен сол шақта тез өсіп өз мамандығым иесі атанғым келетін» – дейді Гүлжан ханым. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің қабырғасында 2000-2004 жылдары аралығында «Қаржы жəне Экономика» мамандығы бойынша жоғарғы білімін алған. Білім жəне ғылым саласында университетті бітіргеннен кейін оқуды шешті.
«Мен алгебра мұғалімін қатты жақсы көрдім. Ол өте жарқын жəне мейірімді жан еді. Ол сабақ бергенге дейін менде түсініксіз математикалық тақырыптар болды. Бірақ бұл мұғалімнің келуімен бəрі өзгерді, мен математикадағы барлық тапсырмаларды түсініп, шеше бастадым. Жəне сенімділікке ие болдым. Ол ұстаз маған болашаққа деген сенімділік пен үміт сыйлады, мен оған өте ризамын, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес» – дейді.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде 2005 жылы «Тарих жəне философия», сондай-ақ 2006 жылы шет тілі «Ағылшын тілі» бойынша кандидаттық емтихандарды тапсырып, Т. Рысқұлов атындағы «Экономика жəне Қаржы» институтының асперантуралық бөлімінде, Қазақстан Республикасының ҰҒА-ның академигі Ғ.С. Сейтқасымовтың жетекшілігімен «Ғылыми-Ізденуші» болып бекітіліп, тағайындалды.
2004-2013 жылдар аралығында «Экономика жəне қаржы» мамандықтарын оқыту саласында Астана қаласының Жоғарғы оқу орындарында көптеген жұмыс атқарылды. Менің ойымша, біріншіден, мұғалім балаларды жақсы көруі керек. Екіншіден, шыдамдылық танытып, агрессияны көрсетпеуі керек. Үшіншіден, балаларды оқыту арқылы мұғалім бүкіл ұлтты, өз отанын, елін оқытатынын түсінуі керек.
«Мен Қазақстанда туылғаныма жəне асыл тұқымды халқыма мақтанамын. Менің атам ғалым, филолог болғанына мақтанамын. Мені дұрыс жəне сүйіспеншілікпен тəрбиелеген ата аналармен мақтанамын» дейді.
«Бастауыш сыныптарға ата-аналармен тығыз байланысты, ел мəдениетін, ересектерді құрметтеу, қоғамдағы дұрыс мінез-құлықты үйрету керек» дейді.
Егер мүмкіндік болса, мен жас кезімде өзін-өзі тəрбиелеуге мен өзін-өзі дамытуға көп уақытты жұмсар едім. Себебі өзін-өзі дамыту – бұл кез-келген адамның жасына, уақытына қарамастан өз-өзімен жұмыс атқарып отыруы керек.
Ең сүйікті кітабы – Құран. Ол кітапты жиі оқиды жəне оқыған сайын таңдануды тоқтатқан емес. Келесі кітап – «Учись учиться» авторы Рон Хаббард. Бұл кітапта автор дұрыс оқыту туралы нақты нұсқаулар береді жəне білім алуға қандай кедергілер бар екенімен бөліседі. Егер сіз кітаптағы ережелерді ұстасаңыз, онда сіз кез-келген ғылымды оқып, балаларды дұрыс оқыта аласыз. Жəне ұстаз көшбасшылық туралы кітаптарды оқығанды жақсы көреді.
Бəрінен бұрын махаббат – бұл қамқорлық пен құрмет. Сүйетін адам сүйген адамын қорламайды. Махаббат əдемі сөздер емес, бұл шынайы махаббат іс-əрекеттермен анықталады. Махаббат-бұл бір-бірін сезіну жəне түсіну, адамды сол күйінде кешіру жəне қабылдау қабілеті. Егер сіз өзіңізді біреудің жанында жайлы жəне жылы сезсеңіз, бұл бақыт.
Егер менің елімізде бірнəрсе өзгертуге мүмкіндігім болса, бұл қаншалықты күлкілі болып көрінсе де, ол қоқыс жүйесі болар еді. Себебі қазір тек ғана елімізде емес, бүкіл əлемде бұл үлкен экологиялық мəселе болып табылады. Қоқыстарды дұрыс қайта өңдеу зауыттарын салған болар едім. Бізге тек қайта өңдеу зауыттары ғана емес, сонымен қатар күйдірілген қоқыстарды ауаға шығармай тастайтын көп қабатты сүзгілері бар жану зауыттары да қажет.
Қазақстан Республикасының ҰҒА- ның академигі Ғ. С. Сейтқасымовтың жетекшілігімен «Ғылыми-Ізденушілік» жұмыс атқару барысында Қазақстан Университеттерінің қабырғаларында өткізілетін «Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларында» ғылыми мақалалар жариялады.
Ел Ордасы Астана қаласындағы, Еуразия Гуманитарлық Институтының «Экономикалық жəне математикалық пəндер» кафедрасының білікті Аға-оқытушысы болу мақсатында көп еңбектер жасалды. 2014 жылдан бастап Жармахан Гүлжанмен халыққа оқу-ағартушылық қызмет атқару ниетімен жеке оқу орталығын ашу мақсаты көзделді. Осы бағытта оқу-əдістемелік жұмыстар басталып, балаларға, яғни мектеп жасындағы оқушыларға білім беру мақсатында, «Soroban Japanese Arithmetic» Менталды Арифметика оқу орталығы Жармахан Гүлжанмен ашылып, Жапония еліне іс-сапармен, осы елдің оқыту əдістемесін, өзіміздің елге алып-келу мақсатында аттанды.
2015 – 2016 жылдары аралығында Қазақстандағы Жапон Елшілігімен ұйымдастырылған, «Қазақстан-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығында» жапон тілін зерделеу жұмыстары жүргізілді.
2015 жылы шілде айында Жапонияның Чиба қаласында «Тревел Хотел Брайдал» атты Халықаралық Мамандандырылған Мектебінде Жапон тілі мен əдет-ғұрыпын, сондай- ақ дəстүрін зерделеу атқарылды. Сонымен қатар Менталды Арифметиканы тереңінен меңгеру мақсатында, толығымен оқыту əдістемесін Қазақстанға алып-келу үшін Жапонияның Сенмей қаласындағы «Шинжюку» мектебінде, Кейген Масаюки директорының бағыттауымен Жармахан Гүлжан толыққанды жоғарыда көрсетілген əдістемені меңгеріп, Қазақстан еліне алып келді.
Қорытындылай келе 2015 жылы Жапониядан алынған əдістемені Қазақстан білім саласына сəйкестендіре отырып, «Жапониялық Менталды Арифметика Соробан» əдістемесі бойынша Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде оқулықтар жинағының авторлық құқығы Жармахан Гүлжанмен қорғалды. Сонымен қатар, мектеп жасындағы балаларға сапалы білім беру мақсатында, «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығымен өткізілген.
2016 жылы ҚР-ң педагогика кадрларының біліктілігін арттыру, білім беру бағдарламасы бойынша 120 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтады. 2014 жылдан бастап, Жармахан Гүлжан мектеп жасындағы балаларды оқыту-ағартушылық мақсатында бүгінгі күнге дейін жұмыс атқаруда.