«Балалық шақ жайлы айтар болсам – бұл естеліктерден жиналған төсек жапқыш сияқты. Үйде жасалған қойылымдар, спектакль, ұжымдық істер есімде. Сыныптастарыммен байланысты жақсы естеліктер де бар. Соның бірі: біз бүкіл сынып болып қойылым жасайтын болдық, рөлдерді бөлдік, костюмдер жасау үшін ата-аналардан əртүрлі заттарды алдық, плакат салдық, орын іздедік, дайындалдық сосын көрермендерді күттік. Əрине, ересектердің көмегі мен қолдауынсыз мұндай қойылымдар да сəтсіздікке ұшырайтын еді» – деп бөлісті.

1977 жылы 29 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген, қазіргі уақытта Жетісу облысы Талдықорған қаласы тумасы. «Мектепте оқып жүрген кезімде маған «орыс тілі мен əдебиеті» пəні қатты ұнайтын, сонымен қатар сол пəннің мұғалімі мен үшін үлгі болды» – дейді.

1995 жылы политехникалық колледжге түсіп, оны 1998 жылы үздік бітірді. 2000-2004 жылдары Қазақстан-Ресей халықаралық университетіне «Қаржы жəне несие» мамандығы бойынша оқуға түсті. 2005-2006 жылдары Алматы қаласындағы «Тері- венерология ғылыми-зерттеу институтында» еңбек қызметі, есепші болып жұмыс істеді. 2006-2013 жылдары Алматы облысы мен Алматы қаласында жерге орналастыру саласында бас маман – бас инспектор болып еңбек жолын жалғастырды. 2016-2018 жылдары Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде орыс тілі мен əдебиеті мамандығы бойынша оқиды. 2017-2019 жылдары еңбек қызметі Талдықорған қаласындағы №17 орта мектепте орыс тілінде оқытылатын сыныптарда орыс тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі болып қызмет еткен. 2019 жылы Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп-гимназиясына орыс тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі болып, орыс тілінде оқытатын сыныптарға жұмысқа қабылданып, бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп келеді.

Ұстаздың ойынша, қазіргі оқытушылар үш аксиоманы біріктіруі керек. Біріншісі: мұғалім қателесуі мүмкін екенін қабылдауы керек. Ол қателесуден қорықпайтынын мысалмен көрсетуі керек, «қателіктермен жұмыс жасау» маңызды. Екіншісі: жай мұғалім болу жəне сабақты тез өткізу ғана емес, сонымен бірге оқушыға болашақ ересек өмір үшін моральдық құндылықтарды енгізу керек. Үшіншісі: мұғалім педагогикалық импровизацияға қабілетті болуы керек, яғни оқушыларға əсер етудің əртүрлі əдістерін қолдана білуі керек.

«Əрбір адамның менталитеті күрделі жəне көп құрамды құрылым, оның бөліктерін ақ- қара деп бөлуге болмайды. Ұстазға М.С. Громбактың: «Қиындықты – үйреншіктіге, үйреншіктіні – жеңілге, жеңілді – жағымды етуге болады» деген сөзі ұнайды. Əр бала ерекше, сондықтан мұғалімнің міндеті – əр оқушының дамуында оқу процесіне жағдай жасау.

Егер өмірде бір нəрсені өзгертуге мүмкіндік болса, ол өзімді жəне өз ойымды өзгертер едім. Жазушы О. Хаксли айтқандай – «Əлемді өзгерту туралы мақсат қойсаңыз, сіз өзіңізді өзгертуге дайын болуыңыз қажет» дегендей адам бірінші өз ойларын,іс-əрекетін өзгерткен жөн. Танылған жеке қасиеттерге сүйенемін»- деп өз ойымен бөлісті.Ұстаз саяхаттауды өте жақсы көреді, сондықтан саяхаттап, бүкіл əлемді мүмкіндігінше көргісі келеді. Өйткені саяхат дамуға, жаңа белестерді ашуға жəне шабыттануға көмектеседі. Бос уақытынды көркем жəне заманауи əдебиеттермен танысып отырады. Ұстаз кітап оқығанды жақсы көрсе де, жұмыстың көптігі мен уақыттың аздығынан оқуға уақытым бола бермейтінің айтты. Жақында оқып шыққан кітаптары:Аян Құдайқұлованың «Колечко с сердоликом», Карина Сəрсенованың «Өмір шабыты», Александр Гриннің «Қызыл желкендер» туындалары.

Мұғалімнің жетістіктеріне тоқталсақ: 2017 жылы «САНДЫҚ ҚАЗАҚСТАН» мемлекеттік бағдарламасы аясында компьютерлік сауаттылықты оқыту курсы; 2017 жылы «НЗМ» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалының «Мектептегі мұғалім сабағын бақылау» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы; 2018 жылы «Өрлеу» АҚ ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептердегі «Орыс тілі мен əдебиеті» пəні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша курс; 2018 жылы Республикалық педагогикалық ғылыми-əдістемелік журналында сабақ жоспарын басылымға шығару; 2018 жылы «Білім əлемі» жаңа білім беру жүйесіндегі іс-шараларға қосқан үлесі үшін сертификат жəне грамотасы; 2018 жылы РҒОƏО «Алтын глобус» жаңартылған білім мазмұнының өзекті мəселелері мен даму перспективалары атты семинарында тəжірибесімен бөліскені үшін сертификат; 2018 жылы «Астана білім орталығы» республикалық байқау «Ең үздік тəрбие жоспары» III дəрежелі диплом; 2019 жылы «Үздік сабақ жоспары» атты байқау KAZRIO.KZ жас-өркен білім мен қабілетті дамыту орталығынан II дəрежелі диплом; 2019 жылы «НЗМ» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» əзірлеген бағдарлама аясында ҚР жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша «Жазғы мектеп» курсына қатысқаны үшін сертификат; 2019 жылы Республикалық жаңартылған білім мазмұнының өзекті мəселелері мен даму перспективалары атты ғылыми-педагокикалық конференцияға қатысқаны үшін сертификат; 2020 жылы білім беру жүйесіндегі белсенді еңбегі мен оқу- тəрбие жұмысындағы жетістіктеррі үшін грамота; 2020 жылы «Bilgen akademy» республикалық «Білікті педагог» олимпиадасы ІІІ дəрежелі диплом; 2020 жылы «НЗМ» ДББҰ əзірлеген бағдарлама аясында ҚР жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған «Қашықтықтан оқытуды үйренемін» курсы; 2020 жылы «Онлайн педагог» цифрлық сауаттылық курсы; 2020 жылы www.nio.kz республикалық ұлттық интернет олимпиада сайты ІІІ дəрежелі диплом жəне алғыс хат; 2020 жылы www.cdo.kz «KIO» республикалық олимпиада ІІІ дəрежелі грамота; 2020 жылы 1-7 сынып арасындағы ХVII республикалық «Зерде» конкурсының қалалық кезеңінен І дəрежелі, облыстық кезеңінен ІІ дəрежелі диплом; 2020 жылы «Педстарт» республикалық қашықтық олимпиадасында жеңімпаз ІІ дəрежелі диплом; 2020 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлерідің біліктілігін арттыру институты «Сабақты зерттеу тəсілі» басылымға шығару; 2020 жылы Цифрлық сауаттылық курсын өткені туралы сертификат; 2021 жылы «Ustaz tilegi» сайтында оқу əдістемелік  материалды жариалағаны үшін сертификат; 2021 жылы «Ustazшəкірт дайындағаны үшін грамота; 2021 жылы «Platon» халықаралық білім дамыту орталығы ұйымдастырған «Ұлылардың ҰЛЫСЫ – АБАЙ» атты байқауына жеңімпаздарды дайындағаны үшін грамота; 2021 жылы www.nio.kz республикалық ұлттық интернет олимпиада сайты ІІ дəрежелі диплом; 2021 жылы «Зияткер» онлайн олимпиадалар орталығының ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдық мерей тойы қарсаңында өткен «Кел балалар оқулық» атты республикалық өнер байқауына шəкірт дайындағаныңыз үшін алғыс хат; 2021 жылы «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» курсы серитификат; 2021 жылы Білім беру саласын дамытуға қосқан мол үлесі мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, біліктілік танытқаны үшін грамота; 2021 жылы «Ustaz tilegi» олимпиаадасынан ІІI дəрежелі диплом; 2021 жылы «Үлкен этнографиялық диктант- 2021» диктантына қатысу туралы сертификат; 2021 жылы «ЯКласс» цифрлық білім беру орталығанан сертификат; 2021 жылы KIO.KZ интеллектуалды олимпиадасы ІІІ дəрежелі диплом; 2021 жылы https://kopilkaurokov.ru/ сайтта жариялау туралы куəлік; 2021 жылы BilimPortal.kz білім беру порталындағы куəлік жəне алғыс хат; 2021 жылы «Эверест» баспа үйі – алғыс хат; 2022 жылы «Ustaz tilegi» ҒƏО республикалық пəн олимпиадасынан І дəрежелі диплом; 2022 жылы OnlineMektep «Как организовать ДО» тақырыбы бойынша ҚР педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы сертификат; 2022 жылы «Soft skills – тиімді кəсіби дағдылар» тақырыбында «НЗМ» ДББҰ ПШО өткізген вебинарына қатысқаны үшін сертификат; 2022 жылы Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген «Тəуелсіз елдің ұстазы – 2021» республикалық байқауына белсене қатысып, ұсынған жұмыстары үздік деп танылғаны үшін диплом жəне медаль; 2022 жылы QAZSAQ MEDIA GROUP халықаралық деңгейде тəжірибе алмасу мақсатында Дубай қаласындағы халықаралық ғылыми-тəжірибелік педагогикалық «X Global teaching DUBAI» форумына қатысқаны үшін сертификат жəне алғыс хат; 2023 жылы орыс тілі пəні бойынша мұгалімдер арасында ұйымдастырылган республикалық қашықтық олимпиадасына қатысқаны үшін сертификат; 2023 жылы «Soft skills – тиімді кəсіби дағдылар» тақырыбында «НЗМ» ДББҰ ПШО өткізген вебинарына қатысқаны үшін сертификат; 2023 жылы «Цифрлық сауаттылық негіздері жəне ААЖ-дағы жұмыс Kundelik.kz ҚР жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері» үшін тақырып бойынша онлайн біліктілікті арттыру курсы сертификат; 2023 жылы «Ustaz tilegi» республикалық ғылыми- əдістемелік сайтында оқу əдістемелік материал жариалағаны үшін сертификатпен марапатталды.