«Бүгінде ойлап отырсам, мұғалімдік жолға кездейсоқ келген жоқ екенмін. Мектепте оқып жүрген кезіміз 1969 -1979 жылдар оқуға, білімге құштарлығымыз бір шөліркеген жанның сусынға ұмтылысындай еді-ау. Мұғалімнің айтқанын екі етпейтін едік. «Шəкірт болып көрмеген – ұстаз болып жарытпас» – дегендей мектеп қабырғасында оқып жүрген кезде-ақ өзіммен көршілес, не болмаса өзімнен кіші бауырларымды жинап алып, өзімнің сүйікті ісіме – мұғалім болуға кірісемін. Мектепте өз мұғалімім нені үйретті, қалай сөйледі, мен де соны балаларға үйретіп, жақсы мұғалім болуға тырысатын едім. Осылайша сабақ үйретуден ұзақты күн жалықпаушы едім. Əсіресе, 9-сыныпта оқып жүрген кезде кеңес мектебінің дүние жүзінде теңдесі жоқ педагогы А.С. Макаренконың «Ұстаздық дастан» романын оқып шықтым. «Қиын» балаларды оқыту, тəрбиелеу, азамат – адам қалыптастыруы жолындағы ұлы педагогтың қажырлы еңбегі менің болашақ арманыма арқау болды. Мен сол арманыма жеттім…», – деп тебіренеді ұлағатты ұстаз Алма Серікқызы.

Сатыбалдина Алма Серікқызы 1963 жылы 01 ақпанда Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Жараспай ауылында дүниеге келді. 1979 жылы Нұра ауданының Нұра орта мектебін бітірді. 1979-1984 жылдары С. Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтының орыс тілі мен əдебиеті мұғалімі атанды. 1984 жылы Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданы, Энгельс орта мектебінде орыс тілі жəне əдебиеті мұғалімі болып алғашқы еңбек жолын бастады. 1989 жылы осы аталған мектепке директордың оқу-ісі жұмысы жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. 1997-2010 жылдар аралығында Қарағанды облысы, Бұхаржырау ауданы, Ленин орта мектебіне директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары болды. 2010 жылы Астана қаласына қоныс аударды. 2010-2011 оқу жылында Астана қаласы №58 мектеп лицейіне директордың ғылыми-əдістемелік жұмысының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2011–2014 жылдары Астана қаласы «Кəсіптік-техникалық колледжінде» əдіскер, 2015-2016 жылдары колледжде бөлім меңгерушісі қізметіне ауыстырылды. 2017 жылдан Астана қаласы №35 мектеп лицейінде орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғаліміболып жұмыс істеді.

Əкесі Сатыбалдин Серік 2011 жылы дүниеден озды. Анасы Ажмағанбетова Күлəн 1991 жылы дүниеден озды. Тұрмыс құрған жолдасы Тəуекелов Күмісбек Əділəшұлы – техник- механик. Қызы – Тəуекелова Диана Күмісбекқызы 1987 жылғы Қаржы министрлігінде бас маман. Ұлы – Тəуекелов Диас Күмісбекұлы 1989 жылғы Полиция департаменті АМБ-ЖҚАЖ полиция капитаны.

Жетістіктеріне тоқталатын болсақ: 2012 жылы Қарағанды облысы, Бұқаржырау аудандық білім басқармасы басшысының құрмет грамотасы; 2012 жылы ҚР Білім жəне ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінен алғыс хат; 2013 жылы Астана қаласының Білім басқармасынан алғыс хат; 2014 жылы Астана қаласы «Əділет» кəсіподақ ұйымының мадақтамасы; 2013 жылы Астана қаласы Білім басқармасынан алғыс хаты; 2014 жылы Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысынан алғыс хат; 2013 жылы Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Қазақшаңыз қалай?» атты қалалық байқауда I орын алғаны үшін алғыс хат марапатталды.

Сондай-ақ: 2022 жылы Астана қаласы «Жаңашыл ұстаз» атты білім саласы қызметкерлеріне арналған байқауда өзінің үздік жұмысымен, шығармашылық қабілетімен көзге түскен, үздіктерін қатарынан көрінген I орын диплом; 2022 жылы Астана қаласы Білім саласының үздік қызметкерлері арасында «Педагогика-менің таңдауым» атты байқауында белсенділік танытып, сапалы білім беруде атқарып жүрген еңбегіңіз бен жұмыстарыңыз үздік деп танылған үшін I орын диплом; 2022 жылы Астана қаласы халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми-ақпараттық, танымдық-тəрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік педагог» байқауына қатысып, «Үздік педагог» екенін үздік жұмысымен дəлелдеп І дəрежелі диплом; 2022 жылы Астана қаласы Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығының заманауи əдістер мен цифрлық бағдарламаларды білім жүйесіне енгізу бағытындағы жұмыстарына жүйелі қатысып, белсенділік танытқан, сондай-ақ ізденімпаздығымен ерекше көзге түскен «Жаңашыл педагог» номинациясымен диплом; 2022 жылы Дубай мемлекеті халықаралық ғылыми-тəжірибелік, педагогикалық «ХІІ Global teaching Dubai» семинарына қатысқаны үшін сертификат табысталды.

Мұғалімдік – бұл адамтану, оның күрделі жəне қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

Сатыбалдина Алма Серікқызы