Праймериз – партия ішіндегі бәсекелестік. Алдымен АҚШ-та, кейін батыс мемлекеттерінің сайлау практикасында жүйелі түрде кең қолданысқа ие болған – партиялық праймериз ұғымы. Елбасы Н. Назарбаев – «Бұл партия атынан мәселелерді шешетін ең белсенді және сенімді мүшелерді анықтауға мүмкіндік беретін дұрыс шешім деп санаймын» деген болатын. Бүгінде елімізде «Nur Otan» партиясының ішкі іріктеу сайлау науқаны жүріп жатыр.
Осыған орай, Праймериз-2020 қатысушысы Абдукадирова Мадина Нематжанқызымен сұқбаттастық.
– Сәлеметсіз бе, Мадина ханым! Сайлау алды дайындық қалай жүріп жатыр?
– Армысыздар! Дайындық тамаша, қазір Бастауыш партия ұйымдарын аралап жүрміз. Бағдарламамен таныстырып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, қоғамдағы бар мәселелерді қозғап, шешімін іздеудеміз.
– Праймеризге қатысудағы басты мақсатыңыз?
– Мен, жастардың атынан жігерленіп отырмын. Елімнің жарқын болашағы үшін бар күш-қуатымды саламын! Мәжіліске баруда басты мақсатым, Әрбір қазақстандықты рухани және қаржы тәуелсіздігіне жетелеу! Тек статистика үшін емес, шын мәнінде әрбір қазақстандық – сапалы әрі салауатты өмірге ұмтылуы тиіс!
– Сәттілік тілейміз! Бағдарламаңызбен таныссақ…
- Халықтың басты қазынасы – денсаулық. Медицина сапасын арттырып, азаматтарға қызмет көрсету төлемін және дәрі-дәрмек құнын минималдатуға ықпал ету.
- Халықтың тұрмысын және әлауқатын жақсарту. Отандық өнімдерді дамыту. Ол үшін әр облыста фабрикалар мен зауыттар салу. Біріншіден, азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылады, екіншіден, қажетті тауарлар өзімізде өндіріледі, сәйкесінше, нарықта бағалар қолжетімді болады. Мәселен, өндіріс материалдары, химиялық заттар, тоқыма және тігін өндірісі, тұрмыстық техника, құрылыс материалдар т.б.
- Әр некеге тұрған отбасыға қаржылай қолдау ретінде – 10 мың долларға жуық қаражат бөлінуіне ықпал ету. Біріншіден, ажырасу саны азаяды, себебі көп проблема қаржы тапшылығынан болады, екіншіден, жастар бірігіп бар күш-қуатын бір кәсіпке салып, өзара өсіп-өнеді. Үш жылға мемлекетпен келісімшартқа отырып, үстемақысыз қайтарады. Ажырасқан жағдайда көрсетілген сомманы толық береді. Бұл еліміздің демографиясын көтереді және ажырасу мәселесін шешудің бір жолы болып табылады.
- Бидай, ет, мұнай, т.б. шикізат – экспортын азайтып, дайын өнім ретінде шетелге шығаруға ықпал ету. Макорон, ұн, кондитер өнімдері, шұжық, қазы, түрлі ет өнімдері, жанармай т.б. Ең алдымен мемлекет ішінде молшылық болуы тиіс.
- Алыс-шалғай аудандардағы аурухана және білім орталықтарын соңғы құрал-жабдықтармен, ғаламтормен, жаңа көлікпен қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ сапасын, жарамдылығын қадағалап отыратын қосымша жауапты өкілет құру.
- Әлемдегі жағдайды ескеріп, Қашықтықтан білім беруді әлі де жетілдіру қажет. Педагогтардың барлығы онлайн дәріс берсе, оқушы дәрісті мәселен, Ютуб желісінен қайталап көру арқылы кез келген тақырыпты меңгере алады. 6-шы сыныпқа дейін жалпы білім беріп, кейін мамандандырылған білімді қолға алу тиіс. Бұл бала үшін жақсы нәтиже береді. Ақысыз түрде түрлі кружоктар, спорт секцияларын көбейтуге ықпал ету.
- «Дипломмен – мамандық бойынша жұмысқа!». Қазақстандағы өзекті тақырыптың бірі, жастар оқу бітіре салып жұмысқа кіріп кетуі қиын. Себебі, қай мекемеге барса да тәжірибе сұрайды, өзі енді оқуды тәмамдаған балада қандай тәжірибе! Осы мәселені шешу. Университет қабырғасында соңғы 2 курсты тәжірибе жинауға ауыстыру, немесе жалпы мекемелермен келісіп, 0,5 ставкамен стажер ретінде жұмыспен қамту. Қаншама ақылды, потенциалды жігіттер-қыздар мамандық бойынша жұмысқа орналаса алмай, официант, сатушы болып кетті.
- 50 пайызға дейін тегін Білім алуды қамтамасыз етуге ықпал ету. Мәселен, Стамбул Университетінде бүгінгі таңда 500 000ға жуық студент тегін білім алуда.
- Қаншама елдің астанасында болып жүрміз, бірақ біздің елордадай тазалыққа көбі мән бере бермейді. Нұр-Сұлтаннан еліміздің өзге қалалары үлгі алуы тиіс. Тазалықты дәріптеу әр азаматтың міндеті деп білемін.
- Қағазбастылықтан арылу. Құжаттың барлығы тек электронды түрде болғаны абзал.
- Көпбалалы аналарды және жалғызбасты қарттарды қолдау.
- Еліміздің белсенді жастарын біріктіру. Қазақстанның әр аймағынан «911» сияқты штабтар құру. Кез келген жағдайда алдыңғы сапта ең алдымен айбатты, қайратты жастарымыз жұмыла ат салысады.
Ұрпақ үшін, ел үшін!
Атамекен жер үшін!
Жасасын Қазақстан!
Редакция қызметкері
Байжанова З.