Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық. Ұстаз болу – бала кезімнен арманы болған. «Адам адамнан тек білімі мен ақыл-ойы арқылы ғана озады» – Абай Құнанбаев деген екен. Мұғалім – баланың бойына біліммен бірге тəрбие сіңіруші, жанына жарық сəуле сеуіп, көкірегін нұрландырушы, деп біледі.
Балалық шақ – ұмытылмас бал күндер. Отбасымен өткізген кездер. Ата-ананың қамқорлығы, жақындарының мейірімі, ата-əженің жүрегі елжірей еркелетіп, берген тəрбиесі де тілге тиек етуге тұрарлық зор дүние,- деп санайды
Исламның орталығы. Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с) дүниеге келген қала. Əлемнің əр түкпіріндегі мұсылман қауымының қажылық жасайтын жері. Бұл мыңжылдық тарихы бар қала. Меккеде қасиетті Қағба орналасқан. Бұл қалада аңшылық жасалынбайды. Тіпті бұл қаланың бұтағын сындыру күнə жəне мұнда жоғалған болмашы затты иемденіп алуға тыйым салынған. Мекке – Абай Құнанбайұлы қажылық жасап, Шəкəрім Құдайбердіұлы тəубе еткен жерге бару орынды деп қарайды.
Шығармашылық ұжымды педагогикалық, көркемдік-технологиялық жəне орындаушылық қызметтің ұйымдасқан нысаны ретінде анықтауға болады, ол басшы мен ұжымның бірлескен қызметінің функциялары мен ұстанымдарына сəйкес нормалар мен құндылықтардың жиынтығын жүзеге асырады, олардың алдына қойылған міндеттердің сəтті орындалуын қамтамасыз етеді. Шығармашылық ұжымның басқарушылық қызметі шығармашылықты, икемділікті, қажет болған жағдайда күтпеген жағдайларда шешім қабылдауды, дайын үлгілерден бас тартуды, бар тəжірибені шығармашылықпен пайдалануды талап етеді жəне мұқият бақылаудың қажеті жоқ. Шын мəнінде, шығармашылық тапсырмаларды орындау күнделікті тапсырмаларға қарағанда əлдеқайда қиын. Жұмыстың негізгі бақылаушысы қызметкердің өзі болады-оның нəтижеге қанағаттану сезімі жəне жеке жауапкершілігі.Тиісті қолдаумен жəне жеткілікті құралдармен жұмыс еркіндігін қамтамасыз ете отырып, қызметкерлер жауапкершілікті сезінеді.Басшы ұжыммен бірге даму қажет, басқару кезінде, əрқашан қызметкерлерден кем дегенде бір саты жоғары болу керек. Шығармашылық ұжым мойынсынуға дайын емес, олар ресми билікті мойындамайды. Қолданылатын əдістерге, стратегияларға жəне қабылданған шешімдерге əрқашан дауласуға жəне күмəндануға дайын. Сондықтан олардың сеніміне ие болған адамдардың басшылығымен жұмыс істеуге дайын. Ең жақсы нұсқа-ұжымда сараптамалық билік болған кезде,басшы жедел басқаруды бақылау, бағалау, əкімшілік мəселелерді шешу функцияларын сақтай отырып, шығармашылық адамға (өз саласында танылған кəсіпқойға) тапсыруы керек. Басшы жаңа бастамалар мен ұсыныстарды ынтамен іздей отырып, қызметкерлерді ынталандыруы керек. Дегенмен, бұл жерде адал болу маңызды. Идея жеткілікті түрде өңделмеген немесе сəйкес келмеген кезде, өз пікірін дəлелдей отырып жеткізу. Теріс ынталандыру (төмендету, жұмыстан шығару, сөгіс жəне т. б. қаупі) арқылы шығармашылық тұлғаларды ынталандыруға қол жеткізу мүмкін емес.
Бос уақытын отбасымен өткізгенді ұнатады. «Оқушыларымның жетістігі, өзімнің атқарған жұмысымның нəтижесі» деп біледі. Қажымайтын қайсарлығы мен батыл мінезінің арқасында ұстаздар үнемі толассыз білім мен үлкен ізденістің үстінде жүреді. Тарыдай баланың сауатын ашып, əріп танытса, таудай балаға білім-ғылым үйретеді. Оқулық пен кітап беттеріндегі əрбір сөздің, əрбір сөйлемнің үлкен маңдай термен келген еңбек екенін түсіне отырып, оны баланың санасына құяды, ұғындырады. Білім берудің небір қырлары мен сырларын игере отырып, оны өз тəжірибесінде орынды, тиянақты, дұрыс əрі дəл пайдаланып, қолданады. Білімді беру аз, ал оны қайтарып алу – міне басты мақсат. Ұстаз үшін берілген білімнің қаншалықты баланың санасына жетіп, көкейінде қалуы маңызды. Болашақта өзі еккен ағашының біртіндеп бүршік атып, жемісін беруі – əрбір ұстаздың қуанышы мен арманы. Ұлы жолдың бойымен келе жатырған ұлы ұстаздарымызды ұлықтау – тұтас елдің парызы. Тарихымызға үңілсек, ұлы ғұламалардың өзі ғылым жолын ұстаздықтан бастаған. Үлкен еңбектері мен терең білімдерінің арқасында олардың есімдері ел аузында мəңгілік.Ардақты ұстаздың ұлы еңбегі тиісінше ұлылықпен бағалануы керек. Өзгенін баласын өз баласындай көріп, оның əрбір басқан қадамы мен жеткен жетістігіне шынайы қуана білген ардақты ұстаз– екінші аяулы ана! Сол себепті де ұстаздарымызды ұлықтайық, аялайық, құрметтейік!
Ең сүйікті үш кітабы: Мұхтар Ауезов «Абай жолы», Гончаров М.А «Білім берудегі менеджмент», Джеймс Холлис «Жақсы адамдар неліктен жамандық жасайды».