Шығыс емшілері Қара зерені мыңдаған жылдар бойы қолданып келді. Соңғы зерттеу нәтижесі бойынша оның зор құндылығын мойындады. Medina қара зере өнімінің ағзаға әсері анықталды. Мұнда  жүздеген пайдалы компонент бар. Оған көп қанықпаған май қышқылдары, амин қышқылдары, фитостеролдар, сапониндер, тимохинон, нигелон, бета-систерол секілді органикалық қышқылдар жатады. Бұл өнім кальций, фосфор, мыс, селен, мырыш, темір, А, С, Е, В дәрумені мен басқа да көптеген бағалы заттарға, микроэлементтер мен витаминдерге бай.

Қара зере әртүрлі және бай құрамының арқасында мынадай әсерге ие:

иммунтүрлендіргіш;

қабынуға қарсы;

бактерия жойғыштық;

аллергияға қарсы;

қызуды түсіретін;

ауруды басатын;

қақырық түсіретін;

несеп айдататын;

тыныштандыратын;

өт айдататын;

тырыспа жоюшы.

Пайдасы ұзақ уақыт бойы қолданылуымен расталған қара зере тұқымынан алынатын өнім бүгінгі таңда кеңінен қолданылады. Бұл асқазан-ішек жолдарының жұмысына жақсы әсер етеді. Оны қалыпты тұтыну шамадан тыс газ жиналу сияқты жағымсыз әсерді шешуге көмектеседі.

Бұл өнім асқазандағы толқи жиырылу мен қышқылдықты қалыпқа келтіреді, диареяны жойып, қабынуды азайтады, ішек ауруларының қоздырғыштарын және патогендерін бұзады, тіпті құрттарды жояды.

Ал өт айдататын әрекетінің арқасында өттің іркілуін жоюға және өт жолдарын тазалауға көмектеседі. Қара зере бауырға да жақсы әсер етеді.

Бауырдағы уытты заттарды шығаруға көмектесіп, оның құрылымын қалпына келтіреді және қабынуды азайтады. Бұл майды өт қабына тас байлану, гастрит, гепатит, дисбактериоз, панкреатит, гельминтоз, холецистит, асқазан жарасы, цирроз, панкреатит, энтероколит, бауыр циррозы сияқты ауруларды емдеуде қолдануға болады.

Сондай-ақ, Medina қара зересі қан тамырлары мен жүрекке де пайдалы. Аталған өнім қантамыр өткізгіштігін және холестеринді төмендетеді және қан тамырларының қабырғасын мықты етіп, қан қысымын төмендетіп, сондай-ақ қанның ұйыуын және беріштік түйіншектің алдын алады. Қара зере гипертония, атеросклероз, варикоз, жүректің ишемиялық ауруы, қанның ұйыуы, вегетососудистая дистония, тромбофлебит, мидың қан айналымының бұзылуы секілді ауруларды емдеуде жақсы нәтиже көрсетеді.

Сонымен қатар, қар зере  күшті антиоксидант болып табылады. Ол жасушаның өміршеңдігін жоғарылатып, олардың қалыпқа келу мүмкіндігін арттырады және еркін радикалдарды жойып,  ағзаның жастығын ұзартады. Ал қара зерені үнемі тұтыну орталық жүйке жүйесінің жай-күйін қалыпқа келтіріп, есте сақтауды жақсартады, сондай-ақ физикалық және ой жүктемелерін жеңіл көтеруге көмектеседі. Сонымен қатар ол метаболизм процестерін белсендіреді және иммунитетті көтереді.

Қара зере жиі үрпінің қабынып ауыруы, цистит (қуықтың қабынып ауруы), пиелонефрит (бүйрек және бүйрек түбінің қабынуы) және бүйректің қабынуы секілді несеп-жыныс жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарға ұсынылады. Бұл жағдайда қара зере  қабынуға, бактерияға қарсы және несеп айдататын қасиеттеріне байланысты оң әсер береді.

Қара Зере ер адамдарға ұрықтың сапасын жақсартуға, жыныстық белсенділік пен әлеуетті арттыруға көмектеседі. Бұдан басқа, қара зере ерлердің жыныс мүшелерінде қабыну процестерінің дамуының алдын-алуда жақсы ем болады.

Ал бедеулік, қуық асты безінің аденомасы, қуық асты безінің қабынуы секілді аурулардан зардап шегетін ер адамдар зере майына ерекше назар аударуы қажет. Қара Зере  әйелдер үшін де пайдалы. Оны тұтынудың арқасында гормоналды балансты қалыпқа келтіріп, қабынудың және тіпті жыныс аймағында ісіктердің пайда болуының алдын алуға болады. Бұл май сондай-ақ, бала емізетін аналарға сүттің жақсы шығуына көмектеседі.

Сондай-ақ, қара зеренің температураны төмендету, қақырық түсіру, вирусқа қарсы және бактерия жойғыштық әсері, бронхит, пневмония, жөтел, тамақ ауруы секілді ауруларды емдейтін қабілеті туралы да атап өткен жөн.

Қара зере  тері проблемаларын шешуде де белсенді қолданылады. Оны безеу мен бөртпелерді емдеуге арналған ең жақсы өнімдердің бірі деп атауға болады. Бұл май қабынуды басып, зақымдардың тез жазылуына ықпал етіп, бактериялар мен зеңдерді жояды. Зере майы қышыма, теңге қотыр, ұшық, күйік, теріні зең басу, зақымданған теріні, атопиялық дерматит, сүйел, есекжем секілді денеге шығатын түрлі ауруларды емдеу үшін ұсынылады. Бұған қоса, ол геморрой, ринит және құлақ ауруларын емдеуге көмектеседі.

Қара зере косметологияда да сұранысқа ие.

Қара зере теріні ылғалдандырып, жұмсартады және сергітеді. Ол әжімдерді азайтып, терінің серпімділігін және өңін жақсартады. Бұл өнім майлы бездердің жұмысын қалыпқа келтіріп, қызаруд

 

ы жояды және терінің регенеративті қабілетін арттырады.

Бұдан басқа, бұл өнім целлюлитке қарсы жақсы күреседі және қайызғақтан арылтып, шаштың түсуін тоқтатады. Яғни, жалпы  шаштың құрылымын қалыпқа келтіріп, өсуін ынталандырады және оның жағдайын жақсартады.

 

Қара зеренің басқа да көптеген күшті дәрілік өсімдіктерден айырмашылығы ол ағзаға елеулі зиян келтірмейді, сондықтан оны қолдануда аса көп қарсы көрсеткіштер болмайды.

Ең алдымен, бұл өнімді жүкті әйелдер қолданбауы керек, себебі ол жатырдың кішірейуіне әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ, оны жақында ғана ағзаны трансплантациялау отасын өткерген адамдарға да қабылдауға болмайды. Бұл жағдайда қара зеренің күшті иммунокүшейтуші қасиеті ағзаны қабылдамауды тудыруы мүмкін.

Қара зере қысымды төмендетуге қабілетті болғандықтан, қан қысымы төмен адамдар оны бар сақтықпен қолдануы керек. Сонымен қатар, оны үш жасқа толмаған балаларға беруге болмайды. Және, әрине, бұл өнімді жеке төзімсіздікке байланысты көтере алмайтын адамдарға қолдануға қатаң тыйым салынады.

Ал қалғандары қара зерені тек бақылаусыз қолданған кезде және ұсынылған дозадан көп қолданған жағжайда жағымсыз әсер көрсетуі мүмкін екенін ескеруі керек.

Medina қара зересін қалай қолдану керек?

Қолдануда оң нәтижеге жету үшін мамандарға хабарласу арқылы әртүрлі қоспаларсыз дайындалған жоғары сапалы органикалық өнімді ғана қолданыңыз.

Дегенмен, зерені қолданудың көптеген жолдары бар, ал олардан жасалатын өнім де әртүрлі тәсілдермен қолданылады.

Жас ерекшеліктен басқа, қара зеренің қолданылуы мен дозасы қандай ауруды емдейтініңізге байланысты болады. Толығырақ Medina қара зере денсаулық орталығының мамандарынан біле аласыз.

Жалпы қара зеренің жиырмаға жуық түрі бар. Өсімдік дәнінің түсі қара болып келеді, оның «қара зере» деп аталуының себебі де осы. Қара зеренің емдік қасиетіне байланысты көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілген. 1960 жылы профессор Дахакна қара зеренің майымен артритті емдеуге болатындығын дәлелдеген. Ал 1992 жылы Дакка (Бангладеш) университетінде жүргізілген зерттеуде қара зеренің бактерияға қарсы тұра алатын қасиеті анықталған. Сондай-ақ ол қатерлі ісікті емдеу үшін де қолданылады. Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ерекше мақтаған бұл өсімдік бар дерттің дауасы екенін бірі білсе, бірі білмейді. Араб елдерінде «пайғамбар өсімдігі» аталып кеткен қара зеренің пайдасы айтарлықтай.. Ғалым Ибн Қайым Жаузия өзінің «Пайғамбар медицинасы» атты кітабында қара зеремен 50 шақты ауруды емдеуге болатындығын көрсетсе кейінгі зерттеулерде жер бетіндегі 97 түрлі дерттің дауасы екендігін анықтаған.