Ұстаз – Алланың адамзатқа берген үлкен сыйы. Бұл ұстаз жайлы айтар болсақ, еңбекқор, ізденімпаз, ісіне адал мұғалім. Қаншама балаға тəрбие беріп, білім жолында аянбай еңбек жасап жүрген оқушылардың жанашыры.

Хакимова Диларам Мамаджанқызы 25 ақпан 1967 жылы дүниеге келген. Бірінші сыныптан бастап мұғалім болғысы келді. Бес жасында балабақшада құмсалғышта ойнап отырғанда əкесімен анасының келгенін байқап, қолындағы заттарды лақтыра салып, əкесіне барлық жылдамдықпен жүгіріп барғанын көзіне жас алып, есіне түсірді. Мектепті тəмамдап, Ташкент педагогикалық шет тілдер институтына «ағылшын тілі» мамандығына оқуға түсіп, 1989 жылы бітірді.

Қазіргі уақытта мұғалім екенін біліп жанашырлық танытатын адамдарды жиі кездестіретінін айтты. «Өзінің мектепте жұмыс істегеніне бір сəт те өкінбегенін» жеткізді. Мұғалімнің бойында жүйелілік, кəсібилік жəне мамандыққа деген сүйіспеншілік болу керек деп ойлайды ұстаз.

Педагогикалық қызметінде оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыруды, яғни бағдарламада көрсетілген шектерде ана тілдерімен тұлғааралық жəне мəдениетаралық қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілетін басты міндет деп санайды.

Əр сабақта тілдік дайындықтың түрлі деңгейлері бар оқушылар сабақтарда жиі болатынын ескере отырып, өзінің заманауи білім беру технологияларымен бөлісті:

  • ақпараттық-коммуникациялық
  • жобалау əдісі
  • оқушылардың зерттеу қызметі
  • көп деңгейлі оқыту
  • сараланған оқыту
  • ынтымақтастықта немесе топтық жұмыста оқыту технологиясы
  • денсаулық сақтау технологиялары

Оқушылармен жұмыс жасағанда қызықсыз тапсырмаларға жаңа мағына беру, ішкі мотивацияны ынталандыру, рөлдерді өзгерту (мысалы: оқушының орнына «мұғалім»), оған өз бетінше сабақ беруді үйрету, жетістіктерімен бөлісу жəне материалмен жұмыс жасауды қарастырған дұрыс деп санайды.

«Мен» жəне «мен үшін маңызды» ғана емес, белгілі бір дəрежеде басқа адамдардың игілігін ойлайтын адамдарға таңданады. Ұстаз өзінің тірек нүктесін тауып, дұрыс жолды таңдағысы келеді.

Демалыс үшін Солтүстік Карелия, Финляндия елдеріне, бірақ саяхатшы ретінде Шығыс мотивтерін жақсы көретін адам ретінде Самарқандқа, Ташкентке, Хорезмге барғысы келетінін айтты.

Герберт Уэллстің «Көрінбейтін адам» туындысы өте ұзақ əсер қалдырған деп санайды. Тіпті бұл шығарманы бірнеше рет оқыған. Джек Лондонның «Ақ азуы» жазбасы бақытты аяқталуымен таң қалдырды. Теодор Драйзердің «Сестра Керри» романын оқу барысында күрделі сезімдерді бастан кешкен іспеттес.

Ұлағатты ұстазымыздың жетістіктеріне тоқталсақ: 2009 жылы семинар «Ideas for the future: ESL Teaching Techniques and Activities»; 2010 жылы «Инновационные технологии обучения с применением мультимедийных методов»; 2011 жылы қашықтықтан мастер- класс «Стратегия и тактика подготовки учащихся к успешной сдаче экзамена по английскому языку»; 2013 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы; 2013 жылы Ағылшын тілі пəні мұғалімі жоғары біліктілік санатын растау туралы куəлік; 2014 жылы республикалық ғылыми-практикалық конференция «Функционалдық сауаттылық – сапалы білім беру кепілі»; 2014 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары шеңберінде екінші деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын «Өрлеу» БАҰО АҚ «Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы жəне ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың республикалық институты» филиалы; 2015 жылы «Qurmet-AB» Қоғамдық бірлестігінің «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі; 2016 жылы Certificate of Attendance; 2018 жылы Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту жағдайында ағылшын тілі пəні мұғалімдерінің кəсіби құзыреттіліктерін дамыту; 2018 жылы Ағылшын тілі пəнінің мұғалімі «Педагог шебер» біліктілік санатын беруге, растауға аттестатталушы адамды аттестаттау туралы куəлік; 2018 жылы Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тəрбие берудегі игілікті істер мен шығармашылық ізденістер танытқан белсенділігі мен кəсіби шеберлігі үшін марапатталды. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы жəне Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты; 2019 жылы Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «ағылшын тілі» пəні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша курстарды аяқтады. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы жəне Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты; 2019 жылы республикалық ғылыми-əдістемелік журнал «Педагогикалық шеберлік»; 2019 жылы Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тəрбие берудегі игілікті істер мен шығармашылық ізденістер танытқан белсенділігі мен кəсіби шеберлігі үшін; 2019 жылы Мəңгілік ел идеясымен қаруланған еліміздің тұлғалы азаматтарын тəрбиелеп, отанымызды сүюге, оның бай мəдениеті мен салт-дəстүрлерін құрметтеп, игере білуге құлшындырып, білім алушылардың шығармашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хат; 2019 жылыБілім беру саласында жаңашыл əдіс-тəсілдерді ұтымды пайдаланып, шығармашылық ізденімпаздылық танытқаны үшін мадақтама; 2020 жылы «Best Teacher Award 2020» ІІ дəрежелі диплом: 2021 жылы республикалық байқауда бірінші орын «Best Teacher 2021» марапаттарына ие болған.

«Мұғалім болуды бақыт деп санаймын. Мамандығым өзіме қатты ұнайды. Қашан да ізденуді, өсуді талап етеді. Ұстаздар адамзат тағдырына зор əсер етіп, қашан да тірек болып пенде жанынан табылады. Ол осы дүниедегі ең жауапты, ардақты, сұлу мамандықтардың бірі.