Елбасы Н. Ə. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тəрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» – деген сөзіне жүгінсек, мұғалімге оңай жүк жүктелмеген. Тек шын ықылас жəне терең біліммен кемені болашаққа жетелеуге болады. Балаларға бала кезінен тəрбие беру, білім нəрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бəз-баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дəнін еккен диқаншы.

Тəуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мəртебесі артып, əлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тəрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тəуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «Мұғалім – мектептің жүрегі» деген даналық ойлары осы бір ұлы мамандықты игерген əрбір ұстазға арналады. Ұстаз – таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нəрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды.

Альжан Асель Пархатқызы 1980 жылы 30-қыркүйекте Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келді. Отбасында жеті қыз, бір ұл тəрбиеленді. 1986 жылы №169 орта метебінің бірінші сыныбына қабылданып,1997 жылы мектебін бітірді.

1997 жылы Қызылорда қаласындағы М.Маметова атындағы педагогикалық училищеге оқуға түсті. 2000 жылы аталған оқу орнының ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады. «Мектепте оқып жүрген кезімде маған ағылшын тілі пəні қатты ұнайтын» дейді. Сол ұстаздың арқысында Асель Пархатқызы да ағылшын тілі маманы.

2002 жылы Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы педагогикалық университетінің сырттай біліміне оқуға түсіп, 2005 жылы ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша жоғарғы білім дипломын алды.

Еңбек жолымды №163 атындағы орта мектепте ағылшын тілі мұғалімі болып бастады. 2014 жылы Алматы облысына көшіп келді. Сол жылдың 9 қыркүйек күнінен бастап, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы Абай атындағы гимназия мектебіне ағылшын тілі пəні мұғалімі болып жұмысқа орналасты. 2017 жылы Абай атындағы гимназия метебінен жұмыстан шығып, Ұзынағаш ауылындағы орта мектепке ағылшын тілі мұғалімі болып жұмысқа орналасты. «Мұғалім болу мен үшін оңай. Мен сабақтарды қуана өткіземін, балалармен сөйлесемін – мұның бəрі маған қатал жəне талапшыл мұғалім болуға кедергі болмайды» дейді.