Бала кезінен нақты мақсатпен өскен ұстаздың арманы бүгінде орындалған. Успанова Фарида Ануарқызы 19 қараша 1964 жылы дүниеге келген. Ұстаз екі диплом иегері, ол Қазақтың мемлекеттік қыздар институтының жəне Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының жоғары білімі.

Заманауи колледждегі басқару теориясы мен тəжірибесін жақсы меңгерген, белсенді өмірлік ұстанымы бар шығармашыл, көшбасшы. Біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман. Педагогикалық ұжыммен оқу бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Колледжішілік оқу-оқыту үдерісін басқарып, оқытушылардың құзіреттілігіне, білім алушылардың үлгеріміне жəне олардың мінез-құлқына, пəн үйірмелерінің жұмысына жəне факультативтік сабақтардың өткізілуіне бақылауды талдауды, түзету жұмыстарын жаңа инновациялық əдіс-тəсілдермен жүзеге асырады. Педагог кадрларды орналастыруға да қатысады. Жаңартылған білім мазмұны аясында оқытушылардың біліктілігін арттыру үдерісінде кəсіби қолдау жасап, білім көтеру іс- шараларын ұйымдастырады. Білім алушылардың оқу жүктемесін реттейді, топ жетекшілерінің жəне пəн білім алушыларының жұмысын басқарады жəне критериалды бағалау үдерісінің дұрыс ұйымдастырылуына ықпал етеді. Емтихандарды дайындауды жəне өткізуді ұйымдастырады.

Педагогикалық ұжымда өзінің білімділік, іскерлік қабілетімен танылған жетекші. Тəжірибелі, ізденімпаз, өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, білім əлеміндегі жаңалықты тез меңгеріп, əріптестері арасында біліктіліктерін арттыруға бағыт бағдар береді, насихаттау жəне ұйымдастырушылық қабілеті жоғары білікті маман. Педагогикалық ғылым жетістіктерімен озық тəжірибені, оқытудың озық технологияларын насихаттай отырып, білім алушыларға заманауи білім мен тəрбие беруді басты назарда ұстайды. Оқытушылардың əр түрлі санаттарымен сараланған жұмыс жүйесін жүзеге асырады.

Ұстаздың жеткен жетістіктері: 2010 жылы «Қазақстан Республикасы Білім жəне Ғылым министрлігі» құрмет грамотасы; 2012 жылы «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі; 2013 жылы «Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі; 2013 жылы БСҰ бастығының алғыс хаты; 2014 жылдан 2019 жылға дейін аккредиттеу шеңберінде сыртқы аудит жөніндегі сарапшы; 2014 жылы Ақтөбе қаласы облыстық кəсіподағының құрмет грамотасы; 2017 жылы «Тау-кен ғылымының үздігі» құрмет белгісі; 2018 жылы «Пайдалы қазбалар кен орындарын игерудің заманауи техникасы мен технологиясын жетілдіру перспективалары»; 2019 жылы орта білімнен кейінгі типтегі ұйымдарда қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын іске асыру. «Кəсіпқор Холдингі» КЕАҚ; 2019 жылы Халықаралық жоба-аналитикалық семинар (Санкт-Петербург қ.); 2019 жылы БПҰ мекемелерінде оқыту сапасы (Липецк қ.); 2019 жылы Қазақстан педагогтар қауымдастығы «Үздік педагог» төс белгісі; 2019 жылы «Директордың орынбасары 2019» халықаралық байқауы І орын; 2019 жылы «Хромтау тау-кен техникалық колледжінде кадрлардың кəсіпқой дайындықтардың даму үрділері мен факторлары» Хромтау газеті; 2020 жылы «ҚР 2016 СМЖ бойынша білім беруді ұйымдастыру» біліктілікті арттыру; 2020 жылы «Сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудиті» біліктілікті арттыру; 2020 жылы «Педагогтардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру жəне дамыту» біліктілікті арттыру; 2020 жылы «Қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру» біліктілікті арттыру; 2020 жылы «Техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы қашықтықтан оқыту: контентін құрудан бастап оқу процесін ұйымдастыруға дейін» біліктілікті арттыру; 2020 жылы «НЗМ» «Қашықтықтан оқытуды үйренемін» біліктілікті арттыру; 2020 жылы «Дəрістер мен тест тапсырмалары. Жарылыс жұмыстарының технологиясы»; 2020 жылы «Ақтөбе облысының білім басқармасынан» құрмет грамотасы; 2021 жылы «Өрлеу» «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент» біліктілікті арттыру курсы; 2021 жылы «Өрлеу» «Инновациялық менеджмент саласындағы цифрлық технологиялары» облыстық вебинар; 2021 жылы «Үздік педагогикалық идеялар» республикалық байқауы 1 орын; 2021 жылы колледжде оқудың үздігінің жұмысы нəтиже бағалауы мониторингі; 2021 жылы «Ұстаз тілі» республикалық ғылым-əділдік сайтына материал; 2021 жылы «Колледждегі теориялық оқытуды бақылау» Өркениет ғылыми-тəжірибелік орталығы; 2021 жылы «Ұңғымаларды, шпурларды, мина камераларын тиеуге қатысу жəне жарылғыш заттарды жеткізу» Ақтөбе облыстық ғылым-тəжірибелік орталығы; 2021 жылы «Колледждегі теориялық оқытуды бақылау» Ақтөбе облыстық ғылыми- практикалық орталығы; 2021 жылы «1 курс студенттеріне арналған орыс тілінен жұмыс дəптері» Ақтөбе облыстық ғылыми-практикалық орталығында жариялады.