Бүгінде мұғалім болу оңай емес. Жаңалықтың барлығынан хабардар болып, оны сабақта пайдаланып отырған абзал. 1984 жылы 1 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Белое ауылында дүниеге келді. 1991 жылы Белое ауылындағы Белово орта мектебінің бірінші сыныбына барды. 1999 жылы 9-сынып негізінде Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің көпсалалы колледжіне «Қаржы» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2002 жылы оны үздік бітіріп, экономист, салық инспекторы біліктілігін алды. 2002 жылдың қыркүйек айында оқуын жалғастыру үшін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың күндізгі бөліміне «Қаржы» мамандығы бойынша оқуға түсті.

2004 жылы осы оқу орнын «Экономист-қаржыгер» біліктілігімен үздік бітірді. 2004 жылдан бастап ШҚМУ магистратурасында оқуын жалғастырды. Еңбек жолын 2004 жылы 4 қазанда Өскемен қаласы «АгроСервис-Март» хатшы- референттен бастады. 2005 жылы маусымынан бастап «Tomeris» ZHS сауда менеджері болып жұмыс атқарды.

2005 жылы Мамырбеков Ражан Мамырбекұлына тұрмысқа шықты. 2007 жылы қызы – Мамырбекова Дана Раджанқызы, 2008 жылы ұлы – Мамырбеков Темірлан Раджанұлы дүниеге келді.

«Университет пен мектепте сабақ бергенге дейін мен əртүрлі салаларда жұмыс істедім, бұл ауыл шаруашылығы, банк жəне мемлекеттік қызмет. Мен əрқашан бір нəрсені үйреніп, үйретіп, біреуге көмектескенді ұнататынмын» – дейді.

2010 жылы қантар айынан бастап С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Қаржы жəне есеп» кафедрасы оқытушысы болды. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін, Қазақстан-Америка университетінде аға оқытушы, іскерлік клубының жетекшісі жəне сертификатталған бизнес-тренер болып табылады. 2017 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетіне «туризм» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2019 жылы туризм менеджері біліктілігін бітірді.

Балабақшада, мектепте, университетте белсенділік танытқан. Пəндік олимпиадалар, Əнші балапан жəне Айналайын конкурстарының тұрақты қатысушысы болған. Мектеп кезінде қазақ тілі мен əдебиеті, орыс тілі мен əдебиеті, география жəне тарих пəндерін жақсы көрді. Сыныппен барлық мектеп іс-шараларына белсенді қатысып, мұғалімдердің «сүйікті» оқушысы болдым дейді.

«Мұғалім ақылды, тапқыр жəне табанды болуы керек» – деп ойлайды. Бүгінгі таңда оқытушы оқытушылық əдістемелерді біріктіруге, кəсіби салада құзыреттілікті сақтауға, материалды ұсынуға жəне оны шығармашылық форматта бекітуге міндетті.

Оқушыларды бірінші еңбекқорлыққа, өзара бір-біріне көмектесуге, сыйластыққа үйрету керек. Сосын жетіспейтін ақпаратты ізденуге жəне қорытынды жасауға, шығармашылық ойлауды дамытуға, үлгілерге қайшы, қораптан тыс ойлау қабілетін дамытуға, визуалды- кеңістіктік интеллектті дамытуға көңіл бөлген дұрыс. Сүйікті кітаптары: бірінші, 1997 жылы Роберт Т. Кийосаки мен Шарон Лехтер жазған «Бай əке, кедей əке» кітабы. Онда қаржылық сауаттылықтың, қаржылық тəуелсіздіктің жəне активтерге инвестициялау, жылжымайтын мүлікке инвестициялау, бизнесті ашу жəне иелену, сондай-ақ қаржылық интеллектіңізді арттыру арқылы байлық құрудың маңыздылығы, ең бастысы, əртүрлі ата-ана тəрбиесі мен өмірге деген көзқарас туралы айтылады.

Екінші, «Шыңғыс хан жəне қазіргі əлемнің тууы» кітабы. Американдық зерттеуші Джек Уэтерфордтың публицистикалық кітабы, антропология профессоры жəне оның ең танымал шығармасы. Кітапта моңғол көсемі Темуджиннің өмірі мен қалыптасуы, кейіннен Шыңғыс хан деген атқа ие болуы жəне оның жəне оның ізбасарларының еуропалық өркениетке тигізген əсері туралы баяндалады. Уэтерфорд батыс мəдениетінде кең таралған Шыңғыс ханның бейнесін варвар жəне қатыгез жаулап алушы ретінде жоюға тырысты, моңғол көшбасшысының жағымды қасиеттеріне жəне оның тарихқа сіңірген еңбегіне назар аударды. Автор қолданған негізгі дереккөздердің қатарына моңғолдардың ішкі аңызы, Рашид ад – Диннің «Шежірелер жинағы» жəне Əли- Малик Джувейнидің «Əлемді жаулап алушының тарихы» жатады.

Үшінші, ҚР ҰҒА академигі Е.А.Мамбетқазиевтің өмірі мен қызметі туралы «Өнегелі өмір» кітаптары. Бұл – Қазақстанның ең жарқын тарихи тұлғалары туралы 90 сериялық басылымның бірі, оның ішінде – Н. Назарбаев, Қ. Сəтбаев, О. Жолдасбеков, О. Сүлейменов, А. Нұршайхов, Б. Беремжанов, О. Сонгина.

Динара Самарқанқызы экономика, қаржы, туризм жəне мемлекеттік басқару салаларында 500-ден астам білікті кадрлар дайындады. «Кəсіпкерлік негіздері жəне бизнес» мектебінің мұғалімі. Білім беруге жəне дамытуға қосқан үлесі үшін министрден, облыс жəне қала əкімінен алғыс хатпен марапатталған.

Мұғалімнің жетістіктеріне тоқталсақ: 2012 жылы «Коучинг, көшбасшылық жəне əлеуетті дамыту» шеберлік сыныбына; 2012 жылы ҚР ҰҒА академигі Е. А. Мамбетказиевтің мерейтойына арналған «Халықаралық əріптестік: ұрпақтар тəжірибесі мен сабақтастығы» ғылыми конгресі шеңберінде мастер-класс жұмысына; 2012 жылы ҚР ҰҒА академигі Е. А. Мамбетказиевтің мерейтойына арналған «Халықаралық əріптестік: ұрпақтар тəжірибесі мен сабақтастығы» ғылыми конгресі шеңберінде университеттің «Экологиялық проблемаларды шешу үшін инновациялық технологияларды іздеудегі рөлі» білім беру семинарына қатысты. 2012 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Экономикалық даму жəне сауда министрлігі мен «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры АҚ ұйымдастырған «Бизнес – кеңесші» жобасы бойынша курсы; 2013 жылы «Мектеп – колледж – ЖОО жүйесіндегі өзара іс – қимылды үйлестіру: технологиялар жəне перспективалар» өңірлік ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде «Business Valuations»; 2013 жылы «Мектеп – колледж – ЖОО жүйесіндегі өзара іс-қимылды үйлестіру: технологиялар жəне перспективалар» өңірлік ғылыми-практикалық онференциясы шеңберінде «Managing student grades and performance with computers»; 2013 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Экономикалық даму жəне сауда министрлігі мен «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры АҚ ұйымдастырған «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша курсы; 2013 жылы «Үлгілі оқытушы» бағдарламасы конференциясы шеңберінде «Managing student grades and performance with computers»; 2013 жылы «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Экономикалық даму жəне сауда министрлігі мен «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры АҚ ұйымдастырған «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша курсы; 2013 жылы «Үлгілі оқытушы» бағдарламасы шеңберінде семинар; 2013 жылы «Басқарушылық шешімдер қабылдаудың тиімді əдістері» шеберлік сыныбы; 2013 жылы «Жаһандық ойлау жəне қазіргі заманғы сапа менеджменті» шеберлік сыныбы; 2013 жылы «Басқарушылық консалтингті сертификаттау» семинар-тренингі; 2013 жылы «Бизнес–кеңесші» жобасы шеңберінде «Салықтар жəне тексерулер» тақырыбындағы тренинг; 2014 жылы «Бизнес білім берудегі заманауи үрдістер» біліктілікті арттыру семинары; 2015 жылы «Мектеп-колледж-ЖОО өңірлік жүйесіндегі интеграция жəне инновация» өңірлік ғылыми- практикалық конференциясы; 2017  жылы «Мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде ЖОО-ның өзін-өзі бағалау жөніндегі есебін дайындау» семинарына қатысқаны үшін сертификат; 2017 жылы «Дебиторлық берешектің бухгалтерлік жəне басқарушылық аспектілері» семинарына қатысқаны үшін сертификат; 2017 жылы «StressInfluence upon Training Processes: techniques for Handling Stress» курстарына қатысқаны үшін сертификат; 2017 жылы «Assimilation and Accommodation: Reinforcing and Changing Conceptual Reality» семинарына қатысқаны үшін сертификат; 2017 жылы «Білім беру мазмұнын жаңарту: тəжірибе, проблемалар жəне шешімдер» курстарына қатысқаны үшін сертификат; 2017 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» ҚР Ұлттық Кəсіпкерлер палатасы ұйымдастырған кəсіпкерлер мен кəсіпкерлік бастамасы бар халыққа арналған «Бизнес- кеңесші» жобасы бойынша курс; ЭКСПО 2017 «ҚР туризмді дамыту перспективалары» атты дөңгелек үстел; 2017 жылы «The NEW AGE OF BUSINESS» мастер-классқа қатысқаны үшін сертификат; 2018 жылы «Еңбек нарығын зерттеудің заманауи əдістері» семинарына қатысқаны үшін сертификат; 2021 жылы «Successfully completed Research Methods course authorized by European Academy of Sciences and Research» сертификат; 2021 жылы «Creative Almaty Forum Forline» «Жасөспірімдерде Soft skills (икемді дағдылар, жұмсақ дағдылар) қалай дамыту керек?» курстары сертификат; 2021 жылы «Fashion Business Community» – Алматы Менеджмент Университеті жəне University of Northampton кəсіпкерлік жəне инновация мектебінің бірлескен бастамасы, ол Британдық кеңестің қолдауымен «Сreative Spark: Higher Education» бағдарламасы; 2022 жылы «Қонақ үйді басқару: басқарушылардың тəжірибесі» курсына қатысқаны үшін сертификат; 2022 жылы «Online – оқытушы» біліктілікті арттыру курстарына қатысқаны үшін сертификат; Алматы қаласының «AlmaU» университетінде бизнес-тренерлерді қайта даярлау курстарынан өткеніне дипломмен марапатталды. Ұстаздың басқа да жетістіктері мол.