1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар! Қазан айының алғашқы аптасында республика көлемінде тойланатын ерекше мереке-ұстаздар мерекесі құтты болсын!

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,

Қолыңда шәкіртіңнің болашағы

Өмірді алға қарай өрлететін

Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,-дей отырып «Ұстаз деген ұлағатқа бас идік!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Әнұран орындалады

«Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла» дегендей,алғашқы құттықтау сөз кезегін мектебіміздің төрағасы—————————— береміз!

Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол-мұғалімнің еңбегі. Сол нұрлы жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңші. Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә!

Олай болса,келесі құттықтау сөз кезегін мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі ————-мен тәрбие ісінің меңгерушісі —————– беріледі!

Алішердің сөзі. Баяу музыка ойнайды.

Бізді білім беріп өсірген

Қатемізді әрқашанда кешірген

Өмір жолы қиын жол деп әрдайым

Тәрбиелеп,ақылды ғып өсірген

Анамдайсыз менің асыл ұстазым

Өтті бізбен көктем,қысы,жазың

Жылдар бойы тәрбиелеп аялап,

Болашаққа байтақ бір жол бастадың

Диас 5ә сынып оқушысы

Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады. Аса көрнекті қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша “…1 қыркүйекте не салтанатты шеру, не салюттер болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ”- деп толғаған.

Толғанай  5ә сынып оқушысы

Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек!

Барлығы:  Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Ән: Ұстазым

Мамайхан  5а сынып оқушысы

Анель -осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

Анель  5а сынып оқушысы

Ия, Мамайхан. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек қой.

-Олай болса,сөз кезегін оқушылардың құттықтауларына берейік!

-Экранға назар аударыңыздар.

Ән:

Сөз кезегі кішкентай бүлдіршіндерге беріледі:

Ақниет 4а сынып:

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Біржан 4а сынып:

Алғаш рет оятқансың санамды,
Алғаш рет ұстатқансың қаламды.
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды.

Динара 4а сынып:

Ұстаз болам ол-қолымнан келсе егер

Маман болам еш қалтқысыз ел сенер

Ұстаздардың еңбегінің бағасы

Шәкіртінің еңбегімен өлшенер

————-4а сынып:

Жақсылық атаулыға жақсы жандар

Жамандық атаулыға қарсы жандар

Баланы сусындатып өсіруге

Білімнің бұлақ көзін аршығандар

РЕПП орындалады.

5 «а,ә» сынып оқушылары шығады:

 

Диас: 5ә сын———————Армысыздар аяулы ұстаздар!

 

Толғанай: 5ә сын————–Бармысыздар,білім нәрімен сусындатқан ардақты

жандар!

 

Мамайхан: 5а сын————Сәнбісіздер «ұлағатты» сөзін биік ұстаған ұлылар!

 

Анель: 5а сын——————Біз бүгін ұстаздарға демалыс жариялаймыз!

 

Ән: Роза Әлқожа «Мен ұсынған орамал»  10-11 сынып оқушылар мұғалімдерді

Ортаға 4а сыныбының оқушыларын шақырамыз:

Ақниет

Ғұлама білгіш ғалымнан

Оқушы жақсы жанынан

Мархабаты ойшылдан

Мал өсірген қойшыдан

Біржан

Жазушыдан,ақынан

Ғарышкерден,батырдан

Өнер асқан актерден

Ырыс қазған шахтерден

Динара

Мың бұралған бишіден

Ой тербеткен күйшіден,

Оқыған жас-кәріден

Оқушының бәрінен

Барлығы:  Ұстаздарға мың сәлем!

Би:

Саханаға Диас пен Толғанай шығады:

Толғанай: қалай ойлайсың оқушылар үздік оқу үшін не істеу керек?

Диас: оқушылар үздік оқу үшін,

-сабаққа кешікпей келуі керек,

-үй тапсырмасын уақытында орындау керек,

-және мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдау керек

Саханаға Мамайхан мен Анель шығады:

Анель: нашар оқитын шәкірттеріміз болмау үшін біз не істеуіміз керек?

Мамайхан: нашар оқитын шәкірттеріміз болмау үшін

-біз ұстаздар сабаққа тыңғылықты дайындалуымыз керек,

-дәптер тексеруіміз керек

-балалармен тіл табысуымыз керек

-сабақ қызықты өту үшін слайд жасауымыз керек,

-жоспар жазуымыз керек,

-қысқасы жұмыс өте көп,соның бәріне үлгіруіміз керек.

Диас шығады:

Ал егер мен директор болсам,оқушыларға тек білім ғана емес,қомқорлыққа,тәрбиеге,адамгершілікке баулитын ұстаздарды қатты бағалар едім.

Олай,болса ұстаздарымыздың көңілін көтеру үшін ән немесе би сыйлайық:

Флешмоб

Мамайхан: 5а сынып

«Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.

Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,

Ұстаздың алып жүрген атын еркін

Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,

Жүректің алғысы мен рақметін.

Анель: 5а сынып

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Поэмадан үзінді «Қазақстан»  Отанбек

Саханаға Мамайхан мен Анель шығады:

Сен қалай ойлайсың, Анель? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Анель:

 «Талдырмай жүріп қанатын,жүрекке жол табатын» ұстаздарды-қалай атасақта көптік қыла қоймас деп ойлаймын,сендер қалай ойлайсыңдар достарым.

Мамайхан: Ия,олай болса,ұстаздар туралы сөздерді тізіп көрейікші!

Ең ақылды ұстаз ————–Диас         

Ең сүйікті ұстаз————-Толғанай

Ең мейірімді ұстаз———-Мамайхан

Ең қамқор ұстаз————Анель

Ең сұлу ұстаз————–Диас         

Ең белсенді ұстаз——–

Ең білімді ұстаз———-

Ең сабырлы ұстаз——-

Ең іскер ұстаз————-Толғанай

Ең ардақты ұстаз———-Мамайхан

Диас: Ой,Ой қандай тамаша сөздер тізбектелді.

Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз.

Барлығы: Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ән немесе би:

Аяқталуы:

Толғанай: Құрметті біздің сүйікті ұстаздарымыз! Сіздердің әрқайсыларыңыз біздерге қымбатсыздар! Бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңіз шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз. «Мектеп-білім тірегі, ұстаз-оның жүрегі» демекші, ұстаздық жолындағы еңбектеріңіз лаулап жана берсін!

Диас:

Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,

Тілектермен нығайсын мерекеміз

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,

Осыменен аяқталды мерекеміз.        Қош сау болыңыздар.

Барлығы: Мереке құтты болсын, аяулы ұстаздар!

Ән:     «Атамекен»

Қамар  Досмаганбетова 

тарих пәнінің мұғалімі
Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Қаражар ауылының орта мектебі