Түркия Республикасы Мәдениет және Туризм министрлігі, Сыртқы істер министрлігі және Алматы Басконсулдығы демеушілігімен «Yerli Düşünce Derneği» ұйымының ұйымдастыруымен  «Y Түрік фильмдері апталығы-Алматы» 28-31 қазан аралығы 2019 ж.  Қазақстан Алматы қаласында өткізіледі.

Іс-шара барысында Түркия Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Явуз Селим Кыран, Әділет және Даму партиясының  Орду депутаты және «Yerli Düşünce Derneği» ұйымының президенті Метин Гүндоғду және тағы басқа да Түркиядан келетін саясаткерлер мен өнер адамдарының қатысуымен 29-шы қазан 2019 ж. өтетін Алматы Түрік фильмдері апталығының ашылу салтанатында режиссер  Шүкрү Алачамның «Тұрғын үй» фильмі көрсітіледі. Түркиядан келген саясаткерлер мен өнер адамдары Түркия Республикасы Алматы Басконсулдығының ұйымдастыруымен іске асатын «29-шы қазан Республика күні» қабылдауына қатысады.

Бауырлас екі мемлекет Казақстан және Түркия арасына кино әлемінің күшімен тағы бір көпір салуды мақсат еткен Түрік фильмдері апталығы талантты режиссерларды мойындатқан және киносүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген танымал кинофильмдері негізінде  таңдаулы фильмдерімен көрермендерге жалпы Түрік фильмдеріне бір панорамалық көзқарас қалыптастырады.

2019 ж. қазан айының 28-31 жұлдызы аралығында өтетін Алматы Ү Түрік фильмдері апталығында: «Тұрғын үй», «Ішімдегі қазына», «Шеф», және «Рафадан Тайфа» (анимациялық фильмі) киносүйер көрермендерге тегін ұсынылады. Сонымен қатар, апталықта фильм көрсетілімінен кейін өнер адамдарымен кездесу болады. Осы апталық барысында Түркиядан келген режиссерлер, актерлер және продюссерлер мен Қазақстандық кино саласы мамандарының кездесулері өтеді. Кездесу барысында бірлесе отырып фильм түсіру мәселелері бойынша екі жақты кездесулер мен сұхбаттасулар ұйымдастырылады.

Көрсетілетін фильмдер:

1. Тұрғын үй

2.Ішімдегі қазына

3.Шеф

4.Рафадан Тайфа (анимациялық фильм)

28-ші қазан 2019 ж.

Сағат: 19:00 Ашылу салтанты – коктейлі

Сағат: 19:30 Ашылу салтанаты

Сағат: 20:00 «Тұрғын үй» фильмінің көрсетілімі (90 минут)

29-шы қазан 2019 ж.

Сағат 14:30

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Кино      және ТД факультетінің студенттерімен кездесу.

Сағат: 17:00 «Тұрғын үй» фильмі (90 минут)

Сағат 18:00

Түркия республикасы Алматы Басконсулдығының «Республика күні» қабылдауы

Сағат 19:00 «Ішімдегі қазына» (105 минут)

30 қазан 2019

Сағат 11:30

Жиналыс. Қазақ фильм  кездесу және Қазақ фильм түсірілім алаңдарымен танысу.

Сағат 12:00 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерімен кездесу.

Сағат 17:00 «Ішімдегі қазына» (105 минут)

Сағат 19:00 «Шеф» (98 минут)

31 қазан 2019

Сағат 17:00 «Рафадан Тайфа» (8 минут)

Сағат 19:00 «Шеф» (98 минут)

Тұрғын үй

Ұғыр, Самсунда үйіне бару үшін микроавтобусқа мінеді. Радиода 80-ші жылдардың танымал бір музыкасы ойнатыла бастайды. Ұғыр қызы Беррактың осы әнді айтқан кезін еске алады.

1980 жылы Сиваста машинист қызметін атқарған Ұғыр, жұбайы Ханданға Дивиргиге депо басшысы ретінде тағайындалғандығын және көшуге тура келетіндігін айтады. Сонымен қатар, тұрғын үй берілетіндігіне қатты қуанады. Дивриге көшіп келгенде пәтер бос емес болғандықтан, қиындықтарға тап болады.  Үй таба алмай, еріксіз вагонда тұра бастайды. Ханданды пәтер мәселесі, сонымен қатар темір жолдың қауіпті екендігі тағы бар, қатты алаңдатады. Бірнеше айдан кейін  пәтер босайды және ол кездегі оқиғалар олардың өмірін  түбегейлі өзгертеді.

Режиссері: Şükrü Alaçam

Актерлері:

Alican Yücesoy

Yeliz Kuvacı

Nisa SofiyaAksongur

İlber Uygar Kaboğlu

Nergiz Çorakçı

Cem Cücenoğlu

Coşkun Çetinalp

Volkan Çetinkaya

Ecehan Çetinkaya

Lale Gençtürk

Сценарий авторы: Şükrü Alaçam – Mine Ölce Çakan

Продюссерлері: Oya Işıl Cuhadar – Şükrü Alaçam

Музыка: Hasan Yükselir

Жанры: отбасылық драма

Түсірілген жылы: 2018

Фильмнің ұзақтығы: 90 минут

Ішімдегі қазына

Жас келіншек Сема  ата-тегі Айда әулетінің жалғыз ұрпағы. Қазіргі кезде Сема   қиын және ауыр күндерді басынан өткізуде, себебі ең жақын және қадірлі адамы әкесі жақында қайтыс болған еді. Жасқа малыңған Сема кесінің өліміне қатты қайғырады. Жаназасы үшін Стамбулға келген жас келіншек, отбасына деген сезімі оянып жаназадан кейін отбасылық үйіне қайтып оралады. Бірақ, өміріндегі өзгерістер мұнымен шектелмейді. Ендігі күндерін жаңа бір дағдыға келтіруге тырысқан Семаның өмірі  оған жіберілген құжаттан кейін мүлде өзгереді. Құжат пен бірге өзіне беймәлім бір әлемнің ішіне түскен Сема жұмбақ құжаттың сырын шеше алады ма?

Режиссері: Hakan Gürtop

Актерлері:

Melis Cemre Çınar

Demir Karahan

Fatih Ayhan

Ömür Gedik

Levent Sülün

Güner Özkul

Önder Selen

Tuncay Gençkalan

Сценарий авторы: Coşkun Çokyiğit

Музыка:  Ferhat Göçer

Жанры:  Триллер

Түсірілген жылы: 2018

Фильмнің ұзақтығы: 105 минут

Шеф

Шеф фильмі әртүрлі қиындықтарды бастан өткізген бір ерлі-зайыптының өмірін баяндайды . Хүснү Ыстамбұлда банкта жұмыс жасайтын бір жас жігіт. Үйде және жұмысында түрлі проблемалардан бас алалмаған жігіт өз өмірінен әбден түңіледі. Жақсы бір өмірге қол жеткізу үшін  жол іздеген Хүснү байлықа кеңеліп арманына қол жеткізгісі келеді. Оның бұл өмірдегі армандарының бірі қалаған автокөліктің иесі атану еді. Бірақ, оның қазіргі таңда қолынан келетіні кешкісін автосалондарға барып армандаған автокөлігіне алыстан қарау ғана еді. Бұл өмірден жалыққан жалғыз Хүснү емес еді. Оның жұбайы да өмірінде орын алып жатқан түрлі проблемалармен күресіп жүрді. Күйеуімен  қиындықтарға толы бір отбасын құрған  жас әйел көршісінің көмегімен үйін тастап, жаңа бір өмір бастағысы келеді. Үйленіп, алайда бір-бірін түсіне алмаған жұптың екіге айрылып  өздері салған екі бөлек жол оларды қайда апарып соғады?

Режиссері: Mehmet Gün

Актерлері:

Bekir Aksoy

Müge Ulusoy

Şebnem Köstem

Buket Dereoğlu

Deniz Oral

Hacı Ali Konuk

Fatih Ayhan

Sinan Gülşen

Abdullah Şekeroğlu

Nail Demir

Сценарий авторы: Hakan Yakıcı

Жанры: Романткалық комедия.

Түсірілген жылы: 2018

Фильмнің ұзақтығы: 98 минут

Рафадан Тайфа 

Рафадан Тайфа тунель шытырман оқиғасы.  Аудандағы үйлердің қирауына жол бермеу жолында Рафадан Тайфа командасының тап болған шытырман оқиғасы баяндалады. Бір құрылыс фирмасы аудандағы үйлердің сапасын тексеру үшін келген кезде ауданды үлкен абыр-сабыр басталады. Қандайда бір нәтиже шықпай жатып үйлерінің сүрілуін ойлап үрейлене бастайды. Ғимараттардың сүрдірілуіне байланысты бір әңгіме қозғалғанда аудандағылар тіптен шулап көтеріле бастайды. Ауданда ең сабырлы жалғыз адам тек Кушчу Баба еді. Ол ауданның тарихи құндылығына байланысты ешкімнің ауданға тиіспеуі керек деп ойлайды. Алайды,  Бірақ, ес-ақылына күмән тудыратын Кушчу Бабаның айтқандарына ешкім сенбейтін еді. Рафадан Тайфа командасы болса, оның сөздеріне құлақ асты. Кушчу Бабаның айтқандарын зерттеуге  кітапханаға барғанда әрбір сөзінің дұрыстығына көз жеткізеді. Өмір сүріп жатқан аудандарының астынан Ыстамбұлдың ең көне тунельдердің біреуі өтеді екен. Енді олардың жалғыз мақсаты тунельді тауып ауданды сүрүлуден құтқарып қалу.

Режиссері: İsmail Fidan

Сценарий авторы: Ozan Civit

Музыка: Görkem Gürlevik – Ozan Çınar – İsmail Fidan

Жанры: Шытырман оқиға-анимация Macera -Animasyon

Түсірілген уақыты: 2018

Фильмнің ұзақтығы: 89 минут.

QMG ақпарат