Эльмира ханым жаңашыл, ізденімпаз, заманауи ұстаз. Өз мамандығын теориялық, практикалық жағынан жетік меңгерген.

1968 жылы 25 тамызда Жамбыл облысы, Джувалин ауданы, Бурное ауылында зиялы қауым отбасында дүниеге келген. 1986 жылы В. Г. Орджоникидзе атындағы орта мектепті бітірді. Сосын Жамбыл технологиялық институтына оқуға түсті. Оны жақсы бітіріп шықты.

2000 жылы Тараз университетіне филология факультетіне орыс тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түсті. 2002 жылы оқуын бітірді.

Қарасаз ауылының Джувалин ауданы «А. Пушкин атындағы орта мектебінде» орыс тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Қазіргі уақытта мен сол оқу орнында жұмыс істейді.

«Ұстаздың бойында ең алдымен мейірімділік болуы тиіс. Одан кейін білім беру, тəрбие үйрету, сондай-ақ қайсарлық қажет. Қандай жағдай болмасын алға қарай үздіксіз қадамдар жасап дамып отыру қажет» – деп санайды.

Күйеуі Баетов Жұмат Сейтнасимұлы Қарасаз ауылдық округінің бас маманы лауазымында. Жетістіктеріне тоқталсақ, 2016 жылы оқушылары А.Мырзайым, А.Жақсымбет, И.Төленбекова орыс тілі пəнінен халықаралық монопəндік турнирде І дəрежелі диплом; 2016 жылы «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Орыс тілі» пəні бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиада І орын диплом жəне алғыс хат; 2017 жылы «Просвещение» республикалық ақпараттық əдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «ҚР білім берудің жаңартылған мазмұны» атты республикалық олимпиаданың І дəрежелі диплом; 2017 жылы «Білім беру мазмұнын жаңарту мəнмəтініндегі тілдік стандарттың біртұтастығы» халықаралық конференциясы мақалалар жинағында «Единый филологический блок и языковой стандарт в контексте обновления содержания образования» атты мақаласы; 2018 жылы «Алаш үміті» халықаралық рухани жаңғыру фестивалінде Үздік жетекші диплом; 2018 жылы Республикалық «Үздік ғылыми жоба 2018» байқауында құрмет грамотасым; 2018 жылы «Астана-ұлы дала астанасы» атты облыстық эссе конкурсында алғыс хат; 2018 жылы «Көшбасшы мұғалім» атты республикалық ғылыми-əдістемелік журналында «Здоровый образ жизни» тақырыбында сабағы; 2019 жылы «ХХІ ғасырдағы оқытудың тиімді дағдыларын қа лыпт астыру: мұға л імдердің инновациялық Білім беру технологияларының тəжірибесімен алмасу» атты ІІІ республикалық ғылыми- практикалық конференциясына қатысып І орын диплом; 2019 жылы оқушысы Құнанбай Сымбат «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» атты ХХІ Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып ІІ орын диплом; 2019 жылы Мəскеу қаласында «Новые технологии и педагогическая практика» атты Халықаралық ғылыми- практикалық конференциясына қатысып І орын диплом; 2019 жылы Қазақстан-Ресей қоғамымен ұйымдастырылған «Орыс тілі» пəні бойынша халықаралық қашықтық олимпиадаға жеңімпаздарды дайындағаны үшін диплом жəне алғыс хат; 2019 жылы «Педстарт» атты республикалық қашықтық олимпиадада І дəрежелі диплом; 2019 жылы «Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына» арналған мерей- тойлық төсбелгісі; 2020 жылы республикалық «Үздік ғылыми жоба 2020» байқауында құрмет грамотасы; 2020 жылы «Мен өмірге құштармын» жалпы ұлттық жоба аясында өткен байқауда алғыс хат; 2021 жылы республикалық «Үздік ғылыми жоба 2021» байқауында құрмет грамотасы; 2021 жылы «Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігіне 30 жыл» атты төсбелгісі; 2021 жылы «Орыс тілі пəнінің үздік педагогі 2021» атты республикалық байқауда І дəрежелі диплом; 2021 жылы «Орыс тілі пəнінің үздік педагогі 2021» атты республикалық байқауының материалдар жинағында мақаласы жарияланды.

Баетова Эльмира Аршақызы ұжымда сыйлы, жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайтын, оқушыларды тəрбиелеуден талмайтын, үлкендер мен жастардың көңілін таба білетін, жұмысын іскерлікпен атқаратын жаңашыл ұстаз.