ҚАЗАҚСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Алматы қаласында «QAZSAQ Media» орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген аталмыш шараға Жапония, Қазақстан және Түркия, Қытай, Қырғызстан елдері білім саласының білікті маман өкілдері қонақта болды. Әр мемлекеттің өкілі өз елінің білім ахуалымен таныстырды. Сондай-ақ, мұғалімнің қоғамдағы рөлі мен білім саласының үздік технологиялары талқыланды. Орталық тарапынан Медина Рей модератор болды.

Форум аясында, елімізде Тұңғыш рет, «Qazsaq» стипендиясын 10 ұстаз иемденді. Олар: Қалиева Нұргүл, Қодар Зәмзә, Қалиева Нуршат, Дүйсенбиев Алмас, Мырзахмет Эьмира, Альдибекова Шолпан, Изтаева Венера, Айтмухаметова Индира, Кусайнова Жанат, Танирбергенова Алуаға  табысталды. Қатысушы педагог Камбасова Мөлдір Мұратбекқызы «Үздік педагог» атты төс белгісімен (медаль) марапатталды. Сонымен қатар, форум жұмыстары жыл соңына дейін – «ІІ Global Teaching Forum» кітаптар жиынтығында жарық көретін болды.

Нұр Отан партиясының өкілі Нұрбатыров Болысбек, ҚР ҰКП «Атамекеннен» Анар Туманбаева,   Қазақстан халқы ассамблеясынан Қазақбай Таштемірұлы, Білім басқармасынан Асет Ғарифоллаұлы сынды өкілдер қазылар алқасы қатарында болып, бас жүлдені және стипендияны тағайындады.

Еліміздің барлық өңірлерінен ҚР білім мекемелерінің педагогтары шараға қатысты. Форумның соңында Qazsaq Media  орталығының директоры Диана Нематжанқызы қорытынды сөз сөйлеп, келіп келген қонақтардың барлығына алғысын білдірді.