Ұстаз миссиясы жоғары. Оның басына жүктелгенді кез келген адам көтере бермейді. Мұғалімнің орнын төрге қойған дана халқымыз өмірде ненің маңызы барын əуелден білген. Жылдар бойы білім саласын дамытуға қаншама еңбек жасап, тер төгіп бойындағы бар ақылын, ықыласын, көрген-білгенін үйретіп келеді. Барша тұлға ұстаздың алдынан өтеді. Қанаттандыратын да мотивация сыйлайтын да, а мен быны үйретіп, ақ пен қара жігін көрсететін де – ұстаз.
Ботакөз ханым 1973 жылы дүниеге келген. 1990 орта мектепті бітіріп, АПИИЯ- ға оқуға түсті. Алматы педагогикалық шет тілдер институты. Сол жерде жұмыс істеді. Албан фирмасында аудармашы болып жұмыс істеген. 2012 жылдан бері Қарасай ауданы Жібек жолы ауылында Ы. Алтынсарин мектебінде қызмет атқаруда. Осы жұмысқа тұрған жылдан бастап оқытқан оқушыларының барлығы грант иегері болды. Евгения Князева деген оқушысы университетке грантқа түсіп қызыл дипломмен бітірген.
«Жыл сайын əкем екеуміз Ессентукиге барып, тоғызыншы сыныпта Трускавецте бір ай жасөспірімдер санаторийінде болдық. Тілге деген сүйіспеншілік сол кезден артты»- деп еске алады. Ботакөз Умаровна басқа тілдерде сөйлегенді ұнатты. Сондықтан ол шет тілдері институтына оқуға түсті.
Мейірімді, жауапты жəне білімді болу міндетті қасиет дейді. Алдымен білім, сосын оқыту. «Өз пəніне деген сүйіспеншілікті қашан да арттырып отыру қажет» – деп санайды. Трускавец оның таңдаулы жері. Ол жерде өте əдемі орман бар. Бос уақытында балалармен өткізу ұнайды. Ата-анасын мақтаныш санайды.
Сүйікті шығармалары: «Ботакөз» С.Мұқанов. «Абай жолы» М.Əуезов пен «Король Лир» Шекспир.
«Не жасасаң да барлығын сүйіспеншілікпен істе» деген қағиданы ұстанады. Сүйіспеншілік деп – барлық жақын адамдарды жақсы көру деп біледі. Қазақстанымыз гүлденуі үшін сауатты, бəсекеге қабілетті болашақ тəрбиелеу керек. Ол үшін ұстаздар да жан жақты дамып отыруы тиіс. Күнделікті ізденіс арқылы жаңарып отырған білімнің қыр-сырын танып, үйреніп отыруға болады.
Ұстаздың парызы жақсы тұлға өсіру. Үйде ата-ана қараса, мектепте мұғалім тəрбиелейді. Сондықтан міндетті түрде оқушыға түрлі жолдар тауып, оның үздіксіз дамуына ат салысу қажет. Бұл жолда тек сабақ беріп қою аздық етеді. Тіпті сабақты берудің өзінде қаншама жаңа технологиялар, қосымшалар шығып дамып кеткен. Тəрбие бесігі отансүйгіштіктен басталады. Бала бойына патриоттық сезімді ұялату тиіс. Жақсы ұстаз – əрбір оқушымен жақсы болған ұстаз.