Суйкимбаева Алма Анарбайқызы – «Керемет» бастауыш мектеп-балабақша меңгерушісі жəне əдіскер маманы, ҚР «Үздік педагогтер академиясының» мүшесі, ІІІ-ші Халықаралық «Fest style» фестивальдің «Үздік басшы» төсбелгісінің иегері, «Дамуы кеш балаларды жалпы балабақшада тəрбиелеу əдісі» атты авторлық бағдарламаның, «Балабақшада жаңа технологияларды қолдану əдістері» тағы да бірнеше əдістемелік құралдардың авторы.

«Бұл мамандықты таңдаған себебім əр баланың болашағына жол сілтеп, бойына ақыл мен білім дарытатын, қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылым жемісінің дəмін таттыратын ұстаз болғым келді. Ұлағатты ұстаз болу, жас ұрпақты білім нəрімен сусындату, өз білгенімді өзгеге үйрету ол менің жүрек қалауым» – дейді Алма ханым.

Ел қорғаған батырды, ақыл ойы терең данышпан да, он саусағынан өнер тамған шебер де, тілінен бал тамған ақында ұстаздан тəрбие алады. Ұстазда Қазақстанды дамытатын ақылына көркі сай ертеңгі елді болашағы болатын жас мамандарды даярлап шығарып, оларға білім беру мақаты екен. «Өз қызығушылықтарым мен икемділігімді бағамдай отырып осы мамандықты таңдадым» – дейді.

Кемеңгер дана Абай атамыздың «Сенде бір кірпіш дүниеге, тетігін тапта, бар қалан», – деген қасиетті сөзі мақсатқа жету үшін пендеге керемет мүмкіндіктерге жол ашады. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды. Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген əрбір адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері ұстазда осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, қиялдап, өзі қалайтын, өзі сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүреді. Ақырында осы бір сұрақтың жауабын тапты. Оның жауабы – ұстаздық сала еді. Ұстаз – ең алдымен, оқушы үшін білім нəрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тəжірибелерді үйретуші тəлімгер, адамгершілікке баулитын тəрбиеші психолог екені сөзсіз.

Қазіргі таңда Түркістан қаласында орналасқан «Керемет» бастауыш мектеп-балабақша кешенінде балабақша меңгеруші жəне əдіскер лауазымын 2020 жылдан бері атқарып келеді. «Мен жиі балалық шағыма саяхаттаймын. Себебі,есімде қалған тəтті шақтарым мен өзіме сабақ болған жолдарым өте көп. Менің шыңдалуыма бүгінгі жетістікке жетуіме бірден-бір себеп – ол балалық шақ» – деп бөлісті.

«Егер, мына өмірде өзгертуге болатындай қолымнан келер іс болса, онда мен ең алдымен ауру балалар болмағанын, жетім балдардың болмағанын қалар едім жəне барлық ана баласын үш жасқа дейін үйінде отырып тəрбиелейтіндей қаражат бөлер едім» – деп сөз толғады.

Бала күнінде кітапты көп оқығанын айтты. Себебі əжесі кітапханашы болатын. Таңсұлу Алдаберген қызының «Əйел-Əлем», Əлемдік мəдениет тану «Ой сана» І-том, Мұхтар Əуезов «Абай жолы» І-бөлім, Ғалымқайыр Мұтанов «Айналаңды нұрландыр» атты шығармаларды оқыған. Өмір жолы, өткен тарихы, дана сөздер өмірлік жолдарға керек тұстары өте мол.

Ұстаз, ұлағатты тəрбиеші аласапыран тіршілікте жастардың тура жол тапқандарын қалайды. Адамды адастырмайтын тура жолға жеткізе алатын – сезімтал да жанашыр жүрек. Ендеше сол жүрек үніне əрдайым құлақ салуды ұмытпағанымыз абзал. Баланың жүрегінен орын алғыңыз келсе, баланың үнін тыңдаған онымен балаша қарым қатынаста болған жөн.

Ұстаз – бала тəрбиесінен, оның жетістігінен, ата-ананың ризашылығынан мотивация, бойына күш жігер алады. Олардың таза, кіршіксіз жан дүниесін кірлетпеуге тырысады. Өз мамандығын сүйеді, жан дүниесін толықтай жұмысқа арнайды. Кешікпей осы мамандыққа келгеніне шүкір етеді!