«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» демекші, ұстаздар қауымы бүтін өмірін бала тəрбиелеуге, оқытуға арнайды. Тек білім беріп қоймай, рухани нұрды да аямай төгеді. Патриоттық сезімді де беретін ұлағатты мұғалім.

Автор 1986 жылы 23 шілде күні Талдықорған облысы, Көксу ауданының Балпық би кентінде дүниеге келді. Əкесі Кокынбаев Нұртай инженер-механик, шешесі Мукаканова Сəулежан балабақшада тəрбиеші қызметін атқарған, қазіргі уақытта екеуі де зейнетте.

1992 жылы Көксу ауданының Балпық би кентіндегі Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектептің 1-сыныбына қабылданып, 11 жыл бойы білім нəрінен сусындап, ойдағыдай жақсы бітіріп шықты. «Менің анам педагогикалық институтты бітіріп, ұзақ жылдар бойы балабақшада тəрбиеші болып жұмыс істеді. Ата-аналардың құрметпен қарауы мен балалардың сүйіспеншілігін көріп өстім. Мен анамды мақтан тұтамын! Кейде тіпті қызғанышпен қарайтынмын» дейді Эльмира ханым.

«Мені бірінші сыныпқа апарған кезде менің алғашқы ұстазым Гүлжаухар Исламқызын көрдім, соншалықты əдемі жəне жас еді. Барлығы оған ұнағысы жəне ұқсағысы келетін. Қыздар мұғалімнің сүйікті оқушысы атану үшін күресетін. Гүлжаухар Исламқызы біздің идеалымыз болды. Бұл менің екінші жарқын мысалым десем болады» деп өз естелігімен бөлісті.

Осылайша Жетісу мемлекеттік универиситетін екі шет тілі бойынша түскен. Университетті бітірген соң өз мектебіне, яғни, Балпық би кентіндегі Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебіне ағылшын тілі пəнінің мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданды.

Ұстаздың ойынша, бірінші кезекте бастауыш сыныптардағы балаларды бір-біріне қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керек жəне тəрбиеге үйрету керек дейді. Шығыс ойшылы Əбу Насыр Əл-Фараби «Тəрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы» деп дұрыс айтқан.

Мұғалімдік қызмет жолында əрдайым білімді жетілдіріп отырудан жалыққан емес. Əр түрлі курстарға қатысып, сертификаттарға да ие болған. Атап айтса, «Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары» аясында бірінші деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсы, «Ағылшын тілін оқытуда білім сапасын арттыру арқылы құзіреттілікті қалыптастыру», «English Teachers Training programme, University of Central Asia», «Digital Resources, British Council», «Ағылшын тілі əдістемесінің теориялары, практикасы жəне оқыту технологиялары», «Using E-resources in Teaching Practice, British Council», «Ағылшын тілі» пəні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы курсы, «Teaching young learners. Language is a life skill, Macmillan Education», «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясындағы критериалды бағалау жүйесі», «Ағылшын тілі оқытудың мазмұны мен əдістемесі. Ағылшын тілі сабағында үштілдік бағдарламаны жүзеге асыру», «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Ағылшын тілі» пəні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы, Stepik course «Қашықтықтан оқытуды үйренемін» курсы, «Способы организации дистанционного обучения», «Online Learning: Engaging and Motivating Learners», «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» курстарына қатысқан.

Мектептегі негізгі қызметімен қатар, Алматы облысы Көксу ауданы бойынша шет тілі пəні мұғалімдерінің ассоциация координатор мүшесі.

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы ағылшын тілінен қалыптастырушы тапсырмалар жинағының авторы. Сонымен қатар, Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-əдістемелік орталығы ұйымдастырып шығарған «Ағылшын тілі пəнінен мəтіндік тапсырмалар жинағының» авторы, Көксу ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесі жанындағы əдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Желілік қоғамдастық арқылы тұрақты дамытуды қолдау», «Заман талабына сай жаңаша оқыту» тақырыптарындағы жинақтардың авторы.

Айта кететін болсақ, баспа беттеріне де жарияланған мақалалардың авторы. Олар: «Білім шапағаты» облыстық педагогикалық ғылыми-əдістемелік газетке «ҰБТ ата-ана көзімен» тақырыбында коучинг жоспары, «Ұстаз əдістемесі» республикалық педагогикалық ғылыми-əдістемелік журналында «Менің іс-тəжірибеден түйгенім», «Ustaz tilegi» республикалық ғылыми əдістемелік сайтында «1-мамыр – Бейбітшілік күні», «Food and drink. Things I like», «Natural environment. Weather», «Rain, rain everywhere», «By the sea», «Food and drink» тақырыптарында мақалалар жарияланды.

Ұстаз əр түрлі сайыстар мен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Атап айтсақ, «Ustaz tilegi» республикалық ғылыми əдістемелік орталығы ұйымдастырған халықаралық ағылшын тілі пəнінен ұстаздар арасында олимпиадасы I- дəрежелі диплом; республикалық ағылшын тілі пəнінен ұстаздар арасында олимпиада I- дəрежелі диплом; республикалық «Ағылшын тілі» Блиц-турнирі I-дəрежелі диплом; халықаралық ағылшын тілі пəнінен ұстаздар арасында олимпиада II-дəрежелі диплом; vpo.kz сайты мұғалімдер арасында ұйымдастырған «Ағылшын тілі» пəнінен республикалық виртуалды-олимпиада I-дəрежелі диплом; КИО ағылшын тілі пəні бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадасы, аудандық кезеңінде III-орын; Дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары мұғалімдерінің

«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсынан II-дəрежелі дипломмен марапатталды. Жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған ағылшын тілінен қашықтықтан өткізілген «EXPO-2017» байқауында «Draw your idea and describe your drawing» номинациясының жүлдегері дипломмен марапатталды. Чехия Республикасы Прага қаласында өткен халықаралық «STEP Olimpics» олимпиадасында Айдынқызы М. 86/100 ұпай жинап, жақсы нəтиже көрсеткені үшін сертификат берілді.

Мұғалімдік қызметінде өзінің де, оқушыларының да жеткен жетістіктері үшін мынадай марапаттарға ие болды. Республикалық ұлттық интернет олимпиадасына жеңімпаз оқушылар дайындап, жас ұрпақтың интеллектуалдық дамуына, білімін шыңдауына ықпал еткеніңіз үшін алғыс хат; республикалық дəстүрлі интернет олимпиада байқауында білім алушылардың ынтасын арттыруға, болашақ ұрпақтың тəрбиесіне қосқан үлесіңіз үшін алғыс хат; «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалынан алғыс хат; онлайн əдістемелік сайтында өткізілген олимпиадаға дарынды оқушыларды дайындағаны, оқушыларға сапалы білім беріп, қызығушылықтарын арттырғаны, жаңашыл көзқараспен қарап білім беруге қосқан үлесі үшін алғыс хат; Білім мен ғылым қызметкерлерінің Көксу аудандық кəсіподақ филиалынан құрмет грамотасы жəне алғыс хат алды.Сонымен қатар, Көксу ауданы бойынша білім бөлімінен «English Language Skills» жобасы аясында облыс көлемінде іс-тəжірибесімен бөлісіп, шебер-сынып көрсетіп, жаңашыл идеялары мен жүйелі жұмыстарын ұсынғаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

«Тұрмыстамын, жолдасым – Марденов Айдын Жомартұлы, 1983 жылы туған, Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектебінде тарих-география пəнінің мұғалімі. Көпбалалы отбасымыз, 4 баламыз бар: қызғалдақтай 3 ханшайымымыз: Мирэля, Анеля жəне Жанеля, арыстандай айбатты ұлымыз – Əділ».

Ұстаз «Беверли Хиллз 90210» сериалы түскен жер АҚШ-қа, атап айтқанда Калифорния штаты барып американдықтардың əдеттегі өмірі сүруін сезінгім келеді дейді. Кем дегенде бір рет.

Кітап оқуға күніне екі сағат бөлуге болады. Ұстаздың ең сүйікті кітаптары; бірінші, Адель Фабер жəне Эйлен Мазлиш «Балалармен оқу үшін қалай сөйлесу керек» туындысы. Бұл кітапта тентек оқушылардың оқуға деген құштарлығын оятуға арналған мысалдар мен кеңестер бар. Екінші, Джанни Родаридің «Қиял грамматикасы» атты кітабы. Бұл кітап филолог мұғалімдерге жарайды, өйткені ұсынылған тапсырмалардың бір бөлігі қиялды дамытуға бағытталған. Үшінші кітап атақты психолог – Сатьидың «Быть счатливой, а не удобной» кітабы. Кітапты оқи отырып, сіз шынымен не қалайтыныңызды түсіне аласыз, айналаңыздағылардың пікірін емес, жүрегіңізді тыңдауға жəне оны ұстануға үйретеді, жоқ деп айтуға жəне жəбірленуші күйден шығуға көмектеседі.

Ұстаз өз мамандығын жақсы көреді. Алға қойған мақсаттары əлі де жетерлік. Солардың бірі заман талабына сай, күнделікті жаңарып отқан білім жəне технологияларды үйреніп отыру жəне тəжірибеде пайдалану.