Қазсақ медиа ұжымы еліміздің үздік 20-ға жуық ұстаздарымен Түркияда білім және біліктілікті жетілдіріп, тәжірибе алмасып келді. Жаңашыл педагогтар алдағы уақытта өзге жұртта алған тәжірибесімен елімізде қарапайым сабақтарда бөліспек

Өзге елде өзгеше көзқарас. Жаңа форматта танымдық көзқараспен өз білімін жетілдіре жұмыс жасауы ұстаздар қауымы үшін таптырмас мүмкіндік. Қазсақ Медиа Орталғы 5 жыл ішінде педагогтармен тығыз қарым-қатынаста.

Түркия мемлекетінің Стамбул қаласында 19-26 қаңтарда «III Global Teaching Qazsaq» атты халықаралық форум өткізілді. Аталмыш шараға  Қазақстан Республикасының педагогтары қатысты. Форумның басты мақсаты білім саласы бойынша тәжірибе алмасу. Педагогтарға форум аясында  Халықаралық санат көтеру Дипломдары, сонымен қатар, Үздік ұстаз төс белгісі және қатысушы сертификаттар табысталды.

Ағымдағы жыл аталмыш орталық педагогтардың біліктілігін жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатында шет елдің 10 елін бағындыруды жоспарлауда.