Қатысушылар: Логопед, психолог, кейіпкерлер: Әже, бауырсақ, қасқыр, аю, түлкі. Балалар және жас аналар.

Керекті құрал жабдықтар: кейіпкерлер масакасы, жануарлардың үнімен әуендер, жарма ұнтағы

Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын дамыта отырып  танымдық процесін дамыту және  қызығушылықтарын арттыру. Жас аналарды тәрбие барысына мектеппен тығыз байланыста болуға шақыру.

Барысы:

Логопед:  Салеметсіздер ме құрметті жас аналар және оқушылар. Балалар сендерді аналарыңмен бірге көруіме қуаныштымыз. Балалар сендерге қазір психолог бір ертегіні жасырады қане тауып көрейік.

Психолог: «Ерте ерте ертеде бір ата мен әже болыпты. Ата әжеге «Кемпірім маған ………….. пісірші» дейді». (оқушылар «Бауырсақ» деп тауып айтуы керек)

Логопед: әрине дұрыс таптыңдар балалар. Ендеше балалар барлығымыз «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерін білеміз бе? Ендеше атайықшы. (балалар кейіпкерлерді ретімен атайды және өз ьқалаулары бойынша кейіпкерлер тағайындалады)

Психолог: Ал ендеше ортамыздан өз қалаулары бойынша кейіпкерлерді тағайындайық. Әжесі, бауырсақ, қоян, түлкі, аю, қасқыр.

Логопед:  әжемізге көңіл аударайықшы не жетіспейді? (өз қалауымен шыққан жас анаға қарап)

Психолог: Балалар қарандаршы кейіпкеріміз әжеге ұқсай ма? (балалар жауабы) ендеше кейіпкеріміз әже болу үшін мына фартукты, басына орамал тағайық. Қане балалар енді ұқсады ма? (жас ананы әжеге айналдырады)

Логопед: Әжеміздің іші пысып «Қой мен бауырсақ пісірейін деп» ойлады. Әжесі кастрюл алып нан илей бастады.(кейіпкер логопед сөзімен қимылдайды) нанын илеп онын исі мұрын жарардай өте дәмді. Бауырсақты  пісіріп оны суысын деп терезенін алдына қойды. Әже шаршап суығанша онын немерелері келгенде айтатын әнін есіне алып айта бастады. (балалармен бірге ән салу). Ән салып отырып әжесі ұйықтап кетеді.

Психолог: Аяқ асты бауырсаққа жан бітіп ол үйден қашуды ойлай бастайды.

Логопед: «мені бұл жерде ешкім жемейді, орманға қашып кетейін» -деп бауырсақ қаша жөнеледі.

Психолог: Орманда бауырсақ домалап ән салып қашып келеді. Қане балалар бауырсақтың әнін бірге орындайық. «Апамнан да құтылдым, атамнан да құтылдым алақай, алақай». Деп ән салып келе жатса алдынан кім шығады? (балалар жауабы) әрине қоян. Барлығымыз ортаға келіп қоянды шақырайық. Ол сендерден қорқып тұр. (балалар мен жас аналар шеңберге бір-бірін қолдарынан ұстап тұрып қоянды шақырады) Ал енді балалар біз қазір қоянмен ойын ойнайық. Менің айтқанымды барлығымыз қайталаймыз.

  • Қане қоян оңға , ал балалар солға бұрыл. (балалар қайталап тұрады)
  • Қане қоян ортада тұрып секір, балалар сендер де қоянды қайталаймыз.(музыка қосылып тұрады).
  • Қане қоян орнында тұрып айнал, балалар шеңбер бойымен айналамыз.
  • Қане енді барлығымыз қол шапалақтаймыз.

(қоян мен бауырсақ ортада қалады, балалар орындарына отырады).

Логопед:  бауырсақ пен қоян сендер  менің  айтқанымды қайталап тұрындар келістік пе?

Қоян: сен кімсің?

Бауырсақ: мен әлемдегі ең дәмді бауырсақпын. Мені жеп қойшы.

Қоян: Мен негізі орамжапырақпен немесе сәбізбен жасалған бәлішті жақсы көремін. Ал саған не қосылған?.

Бауырсақ: ештене.

Қоян: ендеше мен сені жемеймін

Логопед :- деп секіріп орнына жайғасады.

Психолог: Ал енді қасқырды шақырайық. (қорқынышты музыкамен қасқыр шығады) Қасқыр мен бауырсақ менін айтқанымды қайталап тұрамыз.

Қасқыр: сен кімсің?

Бауырсақ: мен әлемдегі ең дәмді бауырсақпын. Мені жеп қойшы.

Қасқыр: Мен ет жегенді жақсы көремін. Әсіресе лақтарды

Психолог: әрине бұл жерде лақтар жоқ сол себептен қане балалар «Қасқыр мен лақ» ойынын ойнайық: (барлық балалар ортаға шақырылады)

Балалар лақ болып өз орындарына жеткенше  қасқыр қуып ойнайды. 2-3 рет қайталайды. Қасқыр лақтарды ұстай алмай орманға кетіп қалады.

Логопед: Ал балалар енді кімды шақырамыз.(балалар жауабы) әрине аюды. (ортаға аю шығады) :  бауырсақ пен аю сендер  менің  айтқанымды қайталап тұрындар келістік пе?

Аю:  сен кімсің?

Бауырсақ: мен әлемдегі ең дәмді бауырсақпын. Мені жеп қойшы.

Аю: Мен балды жақсы көремін, көңіл көтергенді жақсы көремін. Сені жемеймін

Ендеше балалар аюмен көңіл көтерейікші бәріміз.

(Тіл жаттығуларын орындау. Логопед үйде қолжетімді құралдарды пайдалану арқылы жүргізілетін тіл жаттығуларын қолдануға болады)

Аю: Қандай керемет балаларсындар. Мен осында керемет балалар бар екенін ормандағыларға хабарлайын.

Психолог: Қане балалар кім қалды? (балалар жауабы) Әрине түлкіні шақырайық. Ал (ортаға түлкі шығады) :  бауырсақ пен түлкі сендер  менің  айтқанымды қайталап тұрындар келістік пе?

Түлкі:  сен кімсің?

Бауырсақ: мен әлемдегі ең дәмді бауырсақпын. Мені жеп қойшы.

Түлкі: Жоқ бауырсақ мен сені жемеймін. Менің естуімше мында отырған балалар  өте ақылды балалар екен. Мен  шаршап келе жатырмын. Одан да мен демалтатындай не істей аласындар.

Психолог:Арнайы жас аналар мен балаларға қолдың ұсақ моторикасын дамыту мақсатында «құм терапиясы» бойынша ұнтақ жарма арқылы келесідегідей  мотивациялық жаттығулар жасайық: (психолог алдын ала керекті құрал-жабдықтарды дайындап қояды). Барлығымыз анасы мен баласы бірігіп алдарыңыздағы үстелге жайғасамыз. Стакандарда тұрған жарма ұнтағымен жұмыс жасаймыз.

  1. Ұнтақ жармадан үлкен үйме жасаймыз;
  2. Жармадан жаңбыр жауғызамыз. 1 төмен жаңбыр(қолына уыстап жарманы алып төменнен жаңбыр жауғызады) 2 орташа, 3 жоғарыдан жаңбыр жауғыз;
  3. Ұнтақ жармадан шынашақтың қалындығындай дөңгелетіп тарелка жаса;
  4. Жасалған тарелканы тек шынашақ арқылы әртүрлі өрнектер сал;
  5. Жасалған дөңгелек тарелканы төртбұрышқа айналдыр;
  6. Екі жұп болып жұмыс істе. (бірі өзі айдан тауып қиялына байланысты әректтер жасаса, екіншісі оны қайталап отырады. Жаттығу ауысып жалғасады);

Құм арқылы таным процесстерін дамыту ойыны

Мақсаты: баланың таным процесстерін дамыту.

Жүргізілу барысы: Қатысушыларға ұнтақ жарма дайындалады. Сол ұнтақ жарма арқылы келесідегідей жаттығулар жүргізіледі:

  1. Екі қолымызбен бірге екі дөңгелек саламыз;
  2. Салынған дөңгелектен саусақтардын көмегімен көз саламыз. (көршісінін көзіне қарап салады);
  3. Бір уақытта уыстап жармамен екі қолмен гүл саламыз;
  4. Бір уақытта уыстап жармамен екі түрлі гүл саламыз;
  5. Салынған гүлдерін ортаңғы саусақпен әдемілейміз;
  6. Екі қолмен ұнтақ жармамен «маған жайлы әрі ыңғайлы үй» тақырыбында сурет саламыз; (қатысушылар өз сезімдерін білдіреді)
  7. Ұнтақ жармамен жұлдызша жасаймыз;
  8. Уыстап жармамен шеңбер арқылы ұлу жасаймыз. Саусақтарыңызбен әдемілеміз.
  9. Саусақпен жүру техникасы. Ұнтақ жармаға ойыншықтар қойылып, қатысушының көзі жабылып, саусақтарымен іздеу ұсынылады;
  10. Түрлі түсті параққа желіммен сурет салып, ұнтақ жарманы шашып жіберу арқылы әдемі бейне жасау.

Логопед: Бауырсақ сені ешкім тыңдамады ма?

Бауырсақ: ия.

Логопед: Қане барлық жануарларды ортаға шақырып әжеге қонаққа барайық.

Психолог: Әже сіз неге көңілсіз отырсыз?

Әже: мен дәмділеп бауырсақ пісіріп едім ол қашып кетіпті.

Логопед: мұңайма әже, сіздің бауырсағыңыз міне достарымен оралды.

Барлығымыз тату тәтті қызықты, көңілді өмір сүрейік құрметті жас анала мен балалар.

Психолог: Қане балалар ертегіміз кәдімгі сендер оқитын ердегіге ұқсамады. Осы ертегіның осылай аяқталуы кімге ұнады. Қазір барлығымыз егер ұнаса үш рет қол шапалақтаймыз.Барлықтарыңызға бүгінгі ойынға қатысқандарыңызға үлкен рахмет.

Қарағанды облысы «Теміртау қ. №4 ЖББОМ» КММ

 Сарсекенова Айнаш Сарсенгельдыевна