Раушан Тажибайқызы – тəжірибесі республика көлеміне таратылған, біліктілігі жоғары деңгейдегі, өз ісін жетік білетін, лауазымдық міндетін асқан жауапкершілікпен атқаратын, тəжірибелі, жоғары еңбек қабілеттілігімен, жаңашыл бастамашылдығымен, интеллектуалдық белсенділігімен, зор ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілетімен ерекшеленетін кəсіби маман.
Сапарбаева Раушан 1972 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді 1996 жылы «Қ.А. Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің» филология факультетін қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. Жоғары оқу орнында білім ала жүріп, Шымкент қаласындағы «№34 В.Терешкова атындағы орта мектепте» қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі қызметін атқарды.
1993-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданындағы Атамекен аулында өзі оқыған №23 «Жібек жолы» орта мектебінде мамандығы бойынша қызмет етті. Ауылда жүріп-ақ Мақтаарал аудандық «Өркен» апталық ақпараттық-сараптамалық газетінің, Оңтүстік Қазақстан облыстық «Болашақ» танымдық-тəрбиелік газетінің, «Қазақ тілі мен əдебиеті» республикалық ғылыми-педагогикалық, əдістемелік журналының авторлар құрамына енді.
2006-2007 оқу жылынан бастап Астана қаласындағы №52 мектеп-гимназияда қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі жəне мектеп директорының бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. Ол жетекшілік еткен «Жас мамандар мектебінен» шыңдалып шыққан бірқатар жас педагогтардың есімдері кəсіби шеберліктерімен Республика көлеміне танымал болды.
Шəкірттерінің бейімін сан қырынан танытып, дамытуға бар күш-жігерін жұмсап, ғылыми жарыстар мен пəндік олимпиадалар жеңімпаздарын, баспасөз құралдарының жас тілшілерін, айтыскер ақындар мен жыршыларды, көркем сөз оқу шеберлерін, жас актерлерді, «Абай-Шəкəрім оқулары», «Махамбет оқулары» байқауларына шығармашыл оқушыларды дайындап, республикалық деңгейде жеңімпаз етіп шығарды.
Біліммен нəрлендіріп, түлетіп самғатқан түлектері бүгінде Қазақстанның түкпір- түкпірінде əрқандай салада еліміздің өркендеп, көркеюіне өзіндік үлестерін қосуда. Ұстаздың сара жолын қуып, педагогтік мамандықты таңдаған шəкірттері өзімен əріптес болып, тəжірибе алмасып жатса, журналист шəкірттері БАҚ еңбек етуде.
Педагог қауымына жүктелген заман талабын жан жүрегімен сезінген əдіскер педагог оқытудың əдіс-тəсілдері мен ғылыми негізіне баса назар аудара отырып, тың серпінмен еңбектенумен қатар балауса шағынан бойына қонған өнерді, өзіндік шығармашылық ізденісін де қатар алып жүр. Республикалық «Жас Алаш», «Егемен Қазақстан» газетінде т.б. мерзімді басылымдарда өлеңдері мен көкейтесті мақалалары жарияланып, отандық білім беру жүйесіне қатысты өміршең де өзекті мəселелерге орай өзіндік ой толғамын, қарақты көзқарасы мен пайымды пікірлерін ортаға салып, айтары бар тəжірибелі, кəсіби маман екенін дəлелдей білді.
Сапарбаева Раушан Тажибайқызы ізденімпаздығы мен табандылығының арқасында бүгінгі білім саласының талабына сай оқытудың жаңа технологияларын меңгеруге жəне өз тəжірибесіне енгізуге мақсаткерлікпен еңбектеніп, кəсіби даму жолында біліктілігі мен білімін көтеру үшін Республикаға белгілі əдіскер Қанипа Бітібаеваның авторлық курстарына, шеберлік сабақтарына қатысып сабақ алды, нəтижесінде өз іс-тəжірибесін таратып, авторлық бағдарламалар, көмекші құралдар жазып шықты. 2010 жылы «5- сыныптың «Əдебиет» оқулығына арналған қосымша тапсырмалар жинағы» көмекші құралы; 2012 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 12 жылдық білім зертханасынан «Тіл білімі» қолданбалы курсының бағдарламасы; 2015 жылы «БІЛІМ-2050» шығармашыл педгогтерінің одағы қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «5 сыныптың қазақ əдебиеті оқулығына мұғалімнің жұмыс дəптері» көмекші құралы жарық көрді. 2021 жылы ҚР Білім жəне ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өткізген «Абай əлеміне саяхат» атты республикалық байқауының материалдар жинағының ІІ томына жəне ІІІ томына «ТҮС-АЯН», «Əлемнің ең бірінші кереметі» өлеңдері енді. 2021 жылы «НЗМ» педагогикалық шеберлік орталығы жанындағы Республикаалық «Шамшырақ» білім беру сайтында «Өлең – сөздің патшасы» шеберлік сағаты; 2021 жылы Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының elorda-mektep.kz сайтында Төлеген Айбергенов «Сағыныш» өлеңі сабағы жарияланды. 2021 жылы «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығынан Нугербаев Т.К., Танирбергенова А.Ш., Сапарбаева Р.Т. авторлығымен «Оқылым арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» оқу əдістемелік құралы жарық көрді.
Раушан ханым қалалық, республикалық шығармашылық топтар да елеулі еңбек етуде. 2020 жылы «ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің 2019 жылғы қызметінің қорытындылары жəне 2020 жылға арналған міндеттері туралы» кеңейтілген алқа отырысына қатысты. ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің 2019 жылы ОЖСБ өткізу үшін Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі өкілдерінің құрамында жұмыс атқарды. 2019 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында «Негізгі орта мектептің оқу пəндері бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының жинағын əзірлеу» əдістемелік ұсынымдамасын өңдеу жұмыс тобының құрамында еңбек етті. 2019-2021 жылдары «Оқулық» РҒПО мектеп оқушыларына ұсынылатын көркем əдебиеттер тізімін құрудағы сарапшы топ құрамында жұмыс атқарды. 2017-2020 жылдары Астана қаласының жалпы орта білім беру ұйымдарының қызметкерлерін аттестаттау барысында сараптама жұмыстарын жүргізгені үшін Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының Алғыс хатымен марапатталды. 2010-2015 жылдары жалпы білім беретін пəндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ кезеңіндегі (аудандық) тестілеу турының комиссиясының құрамында жəне жалпы білім беретін пəндер бойынша мектеп оқушыларының Республикалық олимпиадасының ІІ кезеңіндегі (аудандық) қазылар алқасының құрамында үздіксіз жұмыс атқарды. Іс-тəжірибесі республика көлеміне таратылған білікті маман «Астананың жыл мұғалімі – 2008» байқауының жеңімпазы; VІ Республикалық инновациялық – педагогикалық идеялар фестивалінің жүлдегері, шығармашылық ізденісі мен жемісті еңбегінің арқасында ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің, əкімінің, Білім басқармасының, Ұлттық Дельфий Комитетінің жəне т.б. мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдардың алғыс хаттары, құрмет грамоталары жəне дипломдарымен марапатталған. Талантты шəкірттерімен бірге 2012 жылы республикалық «Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы» энциклопедиясының «Құрмет тақтасы» рубрикасына енсе, 2013 жылы халықаралық «Үздік адамдар» үлкен энциклопедиясының «Құрмет галереясы» рубрикасына еніп, «Үздік адамдар» құрмет белгісімен марапатталған. 2018 жылы Қоғамдық марапаттар мен атақтар жөніндегі Республикалық кеңесінің «Білім беру саласының үздігі» құрметті атағы жəне «Білім беру саласының үздігі» медалімен, 2018 жылы Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығының «Қазақстан Республикасының Құрметті педагогы» төсбелгісімен, 2018 жылы ҚР-ның Білім жəне ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған. 2019 жылы Қазақстан педагогтар қауымдастығының «Педагогика саласының үздігі» төсбелгісімен, 2021 жылы ҚР – «Bilim-orkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының «ТМД-ның үздік педагогы – 2021» байқауының І дəрежелі дипломымен жəне төсбелгісімен марапатталды.
Педагог қауымына жүктелген заман талабын жан жүрегімен сезінген əдіскер педагог оқытудың əдіс-тəсілдері мен ғылыми негізіне баса назар аудара отырып, тың серпінмен еңбектенумен қатар балауса шағынан бойына қонған өнерді, өзіндік шығармашылық ізденісін де қатар алып жүр. Республикалық «Жас Алаш», «Егемен Қазақстан» газеттерінде т.б. мерзімді басылымдарда өлеңдері мен көкейтесті мақалалары жарияланып, отандық білім беру жүйесіне қатысты өміршең де өзекті мəселелерге орай өзіндік ой толғамын, қарақты көзқарасы мен пайымды пікірлерін ортаға салып, айтары бар тəжірибелі, кəсіби маман екенін көрсетті.