Гулжамал ханым мұғалімдер династиясын жалғастырушы зиялы ұстаз. Ол 1971 жылы 27 қарашада қазіргі Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шəуілдір селосында дүниеге келді. Əкесі Лес тарихшы, анасы Бибажар бастауыш сынып мұғалімі болған.
Аудан орталығындағы №4 мектеп-интернатын үздік тəмəмдап, Шымкент қаласындағы гидро-мелиоративтік техникумды, одан Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Университетін, Шымкентті оқып бітірді. Мектеп жасында да, техникумда да, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты.
Музыка мектебін де қатар оқыды. Əкесі Дулатбай баласы Лес туа біткен өнер иесі, əрі керемет тарихшы еді. Атақты композитор Шəмші Қалдаяқов пен бірге əн мен күй шығарып, гармонда бірге ойнап, əн салып, халыққа барынша еңбегін сіңдірген тұлға болатын. Бұкіл Одақтық ВДНХ да болған. Кезінде И.Сталинның алдында мектеп жасында домбырада өте шебер ойнап, КСРО басшысының қолынан мақтау қағазын алған. Иə, ол кезде кеңестік идеологияның басымдығы жұмысшы класты ғана қолдап, ағартушылар мен өнер иелері қаншалықты дарынды болса да, еленбей шеттетіліп отыратын немесе екінші орында тұратын. Анасы Алдабергенова Бибажар КСРО – на еңбегі сіңген ұстаз, Халықтар Достығы орденінің жəне бірнеше орден, медальдардың иегері болатын. Сол кездің интеллегенциясы білімді де дарынды кісілердің отбасында тəрбиеленген Гулжамал Лесқызы, мектеп жасында керемет баритон даусымен «Борьба за мир» өнер фестиваліне қатысып, т.б. байқаулардың жеңімпазы атанған. Отбасылық «Жас толқын» ансамбль əншісі болды.
«Бəріміз отбасымызбен кешкісін əкем мен анам келген соң, үлкен дастархан басында күліп ойнап, шулап өте бақытты болып отыратынбыз, əкем баян тартып, біз əн салатынбыз» деп балалық шағын есіне алды.
Ұстаз ұстамды, сабырлы, шыншыл болуы керек деп ойлайды. Бастауыш сыныпта ең бастысы салт-дəстүрімізді, ана тілімізді, қазақтың зиялы қауымының ерліктерін оқытып, бойына жақсылап сіңдіру керек. Ұстаздың еңбегі инемен құдық қазғандай демекші, жетістіктер оңай келген жоқ. Сан түрлі байқаулар, пəндік олимпиадалар, шəкірттерінің жетістікке жетуі, алтын белгілерін ақтауы, мұның бəрі асқан шеберлік пен тынымсыз еңбектердің арқасында келген дүниелер. Ешқандай ақы алмай халықтың баласын ұбт-ге дайындаған күндер мен түндер. Иə, мұндай кездерде, жеке басың түгілі, отбасыңды да екінші кезекке қоятын кездер болады. Ал сенің жұмсаған күш жігерің, жіберген алтын уақытың кейде еленіп, кейде еленбей жататыны да рас. Бірақ өзі сүйіп, қалаған осы ағартушылық жолы болғандқтан Гулжамал Лесқызы да, еш уақытта мамандығынан бас тартып, өзгертуге ұмтылған емес. Оған себеп, отбасының отағасы мен балаларының түсіністікпен қарауы, қажет кезде қолдап, көмектесуі.
Тек бала оқытып ғана қоймай, арасында түрлі байқаулар, семинарларға бірнеше методикалық кітаптарын, ғылыми еңбектерін де жазды. Атап айтатын болсақ, Кентау қаласының 50-жылдық мерей тойы қарсаңына «Кентауым – Қаратауым қазынам», Е. Есенберлиннің 90-жылдығына орай «Қазақ көшбасшылары», «Дінтану негіздері пəні – заман талабы» атты еңбегін оқулық жетіспеген қиындықтарда облыстың мұғалімдері методикалқ көмек ретінде пайдаланды десек те болады. «Білім беру жүйесін модернизациялаудағы проблемалар мен шешімдер» облыстық ғылыми – практикалық конференциясына, тарихшылардың «Тарихтағы жаңашыл тəжірибелер үлгісі», Ы. Алтынсаринның 175 – жылдығына орай Астанада өтілген «Ыбырай Алтынсарин жəне заманауи білім» халықаралық конференциясына қатысып, алғыс хаттармен, мақтау грамоталармен марапатталды. Еңбектері мен сабақтары ылғи да баспа беттерінде жарияланып отырады. Тағы да басқа, көптеген еңбектерінің арқасында түрлі марапаттарға ие болды. Биылғы оқу жылының өзінде «Сапалы білім, саналы тəрбие жəне дұрыс кəсіби бағдар» атты республикалық ғылыми – тəжірибелік конференциясына ұсынған жұмыстары үздік деп танылғаны үшін дипломмен марапатталды. « Дала данышпаны» тақырыбында өткен республикалық конференциясына да қатысты. «Не ексең, соны орасың» демей ме қазақ.
Ұстазымыздың сүйікті кітаптарына тоқталсақ, ол: Есенберлиннің «Көшпенділер» туындысы жəне Мұхтар Мұқанұлы Мағауиннің шығармалары.
Көпшіліктің алғысына бөленген ұстаз, қазіргі таңда өмірде өз мақсаттарына жеткен шəкірттерімен мақтанады. Ұстазымыз, əлі де үздіксіз еңбектер үстінде. Өз өмірін жақсы көретіндігімен бөлісті.