Ұстаз болу адамның тағдырына жазылған ең қиын да қызықты құбылыс. Айгүл ханым да осы жолда аянбай еңбек етіп мұғалімдікті тағдырына балаған жан.
1968 жылы 14 сəуірде Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келді. Білім саласына мектеп бітіргеннен кейін оқуға тусе алмай қалды, сосын бірінші еңбек өтілімін Ақтөбе қаласындағы «Юность» тігін фабрикасында бастаған.
Қазіргі уақытта 2007 жылдан бастап Ақтөбе сервис колледжінде «Технология» пəнінен еңбек жолын жалғастырып келеді. Осы аралықта келесі оқу орындарында білім алды: Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі «тігін өндірісі»; Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «еңбек технологиясы жəне кəсіпкерлік».
«Балалық шақтан есте қалған сəт, ол 8 наурызға анама бір керемет сыйлық жасағым келіп, анама өз қолыммен кестелеп тіккен ақ төсек жапқыш болган, сол жаюдың жиегіне тігілген 2,5 метрлік ұзындықтағы əдемі қызыл раушан гүлдерді ойып қиып алып баска матаға жаңадан аппликация жасап тігіп, мереке күні тарту еттім» дейді Айгүл ханым.
Мұғалімнің негізгі қасиеттеріне еңбек тəжірибемнен түйіп айтар болсам, ең алдымен кəсіби шеберлік керек, өз ісінің маманы болу тиіс жəне де өз ісіне деген махаббат ешқашан өшпеуі керек. Сол махаббатты өмір бойы алып жүрсе, мұғалім болып жумыс жасау өте жеңіл болады.
Ерекше ұнайтын кітаптары: М. Əуезовтың «Абай жолы» туындысы. Кітапта жергілікті жəне арсыз феодалдар əділетсіздігімен күрескен Абай Құнанбаев əрқашан халық күткен жарқын болашақтың келетініне сенімді болғандығы жазылған. Келесі Ə.Нұрпеисовтің романы «Қан мен тер», кіндік қаны тамған жері Аралым дегендей, Арал теңізі жанында тіршілік еткен қазақ халқының революция кезіндегі тұрмыс салты, күн көрісі, сол уақытта болған қырғындар, бай мен кедей арасындағы күрес, əйел теңсіздігі т.б. сипатталған. М. Мақатаевтің «Махаббат қызық мол жылдар» романы жақсы мен жаманның, адалдық пен арамдықтың ара жігін ажыратып беретін, үлкен өмірге дайындайтын жалпы адам баласына тəн мөлдір сезімді өзек еткен шығарма.
Кəсіби жетістіктері жайлы айтар болсақ, 2020 жылы Ақтөбе облыстық техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пəн оқытушылар арасындағы сырттай облыстық «Мəртебелі мамандық» байқауынан II дəрежелі диплом; 2020 жылы Ақтөбе облыстық техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пəн оқытушылар арасындағы облыстық «Үздік арнайы пəн оқытушысы – 2020» байқауынан II дəрежелі диплом; 2021 жылы Ақтөбе облыстық техникалық жəне кəсіптік білім бері ұйымдарының арнайы пəн оқытушылар арасындағы сырттай облыстық «Арнайы пəн оқытушысының портфолиосы» байқауынан II дəрежелі диплом; 2020 жылы Ақтөбе облысының əкімдігі, облыстық тамыз кеңесі сертификат «Ең үздік арнайы пəн оқытушысы»; 2020 жылы Ақтөбе облыстық ғылыми-тəжірибелік орталығы облыстық «Жыл таңдауы – 2020» диплом; 2021 жылы Ақтөбе облыстық ғылыми-тəжірибелік орталығы, облыстық шебер класста өз іс-тəжірибесімен бөлісіп кəсіби шеберлігін танытқаны үшін алғыс хат; 2021 жылы Ақтөбе облысының əкімдігінен алғыс хат; «WorldSkills Kazakhstan 2021» IV республикалық кəсіби шеберлік чемпионатына қатысушы дайындап қосқан үлесі үшін алғыс хат; 2022 жылы Ақтөбе облысының білім басқармасы «WorldSkills Aktobe- 2022» аймақтық чемпионатында «Сəн технологиялары» құзыреттілігі бойынша қатысушы дайындап, кəсіби шеберлігін танытқаны үшін алғыс хат; 2018 жылы Ақтөбе облысының білім басқармасынан құрмет грамотасы; 2019 жылы «Қазақстандық салалық білім жəне ғылым қызметкерлері кəсіптік одағаның Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінен құрмет грамотасы; 2020 жылы «Үздік автор-2020» республикалық конкурстан құрмет грамотасы, «Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журнал дамуына үлес қосқаны үшін құрмет грамотасы; 2019 жылы халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция «Мемлекеттің əл–ауқатының өсуінің негізгі факторы–жастар: ғылым мен өндіріс жолында» ІІ дəрежелі диплом; 2018 жылы облыстық əдістемелік панорама, ашық бинарлы сабақ «Бұйымдағы машина жұмыстары. Жаттығуларды орындау. Сырып тігу жəне торлау тігістерін орындау»; 2019 жылы облыстық семинар- практикум «Ақтөбе сервис колледжіне 70 жыл» – ашық сабақ «Сəн жəне киім үлгілері»; 2021 жылы облыстық шебер-класс «Техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымындағы жалпы білім беретін, əлеуметтік-қоғамдық жəне арнайы пəндерді оқытудың ерекшеліктері»; 2019 жылы халықаралық ғылыми–тəжірибелік конференция «Мемлекеттің əл–ауқатының өсуінің негізгі факторы–жастар: ғылым мен өндіріс жолында» ІІІ дəрежелі диплом табысталды.
Біліктілікті жоғарылату барысында сабаққа қажетті əдістемелік құралдар мен электронды орталар «Ақтөбе ұстазы» газеті, «Мектептегі технология» республикалық əдістемелік журналы, «Кəсіби білім беру»республикалық педагогикалық-əдістемелік журналы, «Зияткер» республикалық ғылыми-əдістемелік жəне педагогикалық басылымдарында мақалалар жарық көрді. Сонымен қатар, облыстық деңгейде ашық сабақтар, семинарлар өткізді.
Ұстаз ізденгіш болуы тиіс, бұған қоса: ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек. Үлкен өмірге қадам басу мектеп табалдырығын аттағаннан басталады.