«Мектептің тірегі де, тіреуі де – оқыта білетін мұғалім» А.Байтұрсынов
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның мақсаты: экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Сондықтан да қазіргі таңдағы басты мәселелардің бірі жастарға сапалы білім беру. [1]
«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» — деп айтқан екен Сократ. Міне, бүгінгі таңда Егемен еліміздің білім саласында өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Еліміздің болашақ тұлғасын тәрбиелеу мен білім беру жолында — жаңашылдыққа жаны құмар, ізденімпаз, бәсекеге қабілетті, дені сау оқушының бейнесін жасауға атсалысу ұстаздар қауымының басты міндеті десем де болады.
Ал,осы міндетімізді адал атқару үшін біздерге, мұғалімдерге, мемлекетіміз үлкен қолдаулар көрсетіп отыр. Ұстаздардың жаңартылған бағдарламаны меңгеріп алу үшін біліктілік арттыру курстарының ықпалы зор.
Осы жаңартылған бағдарламаны меңгеріп алу менің мақсатым Һәм арманым болатын. Мен үшін бір қызық, бейтаныс, ғажап әлемдей болып көрінетін. Биыл «Өрлеу» БАҰО» АҚ ОҚО бойынша ПҚБАИ –дың ұйымдастыруының арқасында Маусым айының 12 мен 30 аралығанда Түркістан қаласында өткізілген «Қазақ тілі және әдебиеті пәндері бойынша жаңартылған білім мазмұны» біліктілік арттыру курсын оқу барысында осы арманыма қол жеткіздім десем де болады. Жаңартылған бағдарламадағы төрт дағдыны білетін бірақ, қалай пайдалануды білмейтін, мақсат қоя алатын, бірақ соны дұрыс жүзеге асыра алмайтын, жаңа әдіс-тәсілдерді білетін бірақ, дұрыс қолдана алмайтын мен үшін бұл оқу үлкен көмек болды. Институт тренері Махатаева Жанар Иманқызының баулуымен осы олқылықтың орны толды. Теорияны практикамен ұштастыра отырып оқытқан Жанар апайдан үйренгеніміз көп. Атап айтсам Жаңаша форматтағы сабақтар өткізуді; Үйрете отырып, үйренуге дағдылану; бағыт-бағдар беруде түрлі амал-тәсілдерді қолдана білетін деңгейге жетуді; мұғалім — оқушы — ата-ана арасындағы қарым-қатынастың ынтымақтастығын құра алатындай жағдайға жетуді үйрендім. Маған таңсық болған ғажап әлемнің құпиясы ашылғандай болды. Оқу барысында тренеріміздің жетекшілігімен түрлі әдіс-тәсілдерді мақсаты жүзеге асыру үшін дұрыс пайдалануды, сонымен қатар, сабақ мақсатын тақырыпқа сай, сынып деңгейіне бейімдеп, қолжетімді етіп дұрыс қоя білуді үйрендік. Жан-жақтан келген 30 мұғалім біріге отырып әсерлі сабақтар жүргізіп, тәжірибе алмастық. Өзіме ұнағаны сабақты сан қырлы етіп өту арқылы оқушылардың түрлі қабілеттерін дамытуға болатын тәсілдер үйрендім.
Қазіргі заман талабына сай оқыту да білім беруді жаңашаландыру – оқу тәрбие үдерісін даралау, демократияландыру – жаңа тақырыпты оқушылардың өздеріне меңгере алатындай билік беру, ізгілендіру, түрлендіру, тұлғаға бағытталған білім беру ұстанымдары арқылы жүзеге асырылатынын түсіндім. «Өркениеттің мақсаты – адамды ойлауға үйрету» деп атақты ғалым Т. А. Эдисон айтқандай, мектептің де, оқытылатын пәндердің басты мақсаты – оқушылардың танымдық – шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Демек, менің мақсатым айқындала түсті. Осы оқудың нәтежиесінде мен еркін, өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыра алсам мақсатыма жеткенім. Егер ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріе отырып, « Мәңгілік Ел» ұлтық идеясы қойып берген 7 бағытқа қарай бастай алсақ, нағыз ұлтжанды, адал ұрпақ тәрбиелеп шығарымыз сөзсіз. Бұндай ұрпағы һәм болашағы бар ұлт ешқашан жоғалмасы анық. Ертеңгі болашақ бүгінгі жастардың қолында болса, сол жас ұрпақты саналы етіп қалыптастыру ұстаздың қолында екенін біз ешқашан ұмытпауымыз керек.
Тұрманбетова Амина Үсенбекқызы
ОҚО, Түркістан қаласы,
Жаңа Иқан ауылы,
Ұлықбек жалпы орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі