Бүгін Алматы қаласында Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығын атап қту шарасы бастау алды. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаев, Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов , ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұовалар қатысып университтің бас алаңындағы әл-Фараби ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Кітапхана-әл-Фараби орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
келген қонақтар Шығыс ойшылына арналған мұражай экспозицияларын тамашалады. Сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президентіне, Абай және Алаш қозғалысының қайраткерлеріне арналған залдарды, сирек және құнды кітаптар қоры мен цифрлы оқу залын аралады.
Қырымбек Көшербаев: «Әл-Фарабидың 1150 жылдығын мерекелеу ұлы ғұлама мұраларын зерттеуге және біздің елдегі, сонымен бірге шет елдегі әлемдік өркениет дамуында оны түсінуге қуатты импульс береді»,-деп атап өтті. Сонымен қатар, ЮНЕСКО, ИЫҰ, ТҮРКСОЙ және т.б қолдауымен халықаралық мәдени алаңда кеңінен аталатындығын айтты.
Әл-Фараби мерей тойы аясында Париждегі ЮНЕСКО-ның Штаб пәтерінде, Нұр-Сұлтан қаласында және Түркістан облысында ғылыми симпозиумдер өткізу жоспарланған, оған әлемнің 40-тан астам елінен ғалымдар-фарабитанушылар келіп қатысады. Сондай-ақ, халықаралық экспедициялар, тарихи мәдени нысандарды жаңарту, ғұламаның ғылыми еңбектерінің қайта басылуы мен аудармалары, екінші ұстаз жайлы деректі фильмдер циклін жасау, шетелдерде әл-Фараби орталықтарын ашу және т.б шаралар ұйымдастырылатын болды.