Топ: Қонжық I кіші топ
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сенсорика»
Мақсаты: Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың коммуникативтік- ақпараттық құзіреттілігін арттыру, ой- түйсігін, қиялын дамыту. Сенсорлық ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер, қажетті құралдар:түрлі- түсті тұрақтар, көліктер, пішіндер, пирамида.
Сөздік жұмыс:Қызыл, жасыл, көк, сары.
Билингвальді компоненті: Қызыл – красный, Көк – синий
Сары – желтый, Жасыл – зеленый
Мотивациялық-қозғаушылық кезең:
(Амандасу рәсімі)
Шаттық шеңбер:
Армысын күн!
Армыс жер ана!
Армысын достарым!
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең:
Балақайлар түстер әлеміне қош келдіңдер! Балалар бізге Түстер ханшайымы қонаққа келді. Кәнекей қарсы алайық. (Музыка ойнайды. Түстер ханшайымы келеді).
Түстер ханшайымы: Балалар мен сендерден көмек сұрап келдім. Менің патшалығымдағы жарқырап тұрған күнді қара бұлт басты. Енді сол күннің көзін ашу үшін бірнеше тапсырма орындау керек, сендер маған көмектесесіндер ма?
Балалар : Ия, көмектесеміз.
Апай: Ендеше балалар Түстерханшайымымна көмектеспес бұрын түстерді есімізге түсіріп алайық.
Балалар қараңыздар, жаңбырдан кейін кемпірқосақта шығып қалыпты, балалар қараңыздар кемпірқосақтың түстері әртүрлі көк, сары, қызыл, жасыл т.б
Енді балалар тапсырмаларды орындауға кірісейік. Әр тапсырманы орындаған сайын күннің бетіндегі бұлттар алынып тұрады.
- Түстеріне байланысты пішіндерді өз үйшіктеріне жабыстыру.
- Әр көлікті түстеріне байланысты өз тұрақтарына орналастыру.
Келесі тапсырманы орындамас бұрын, орнымыздан тұрып бой сергітіп алайық.
Ұзын мұртты құмырсқа, Келе жатты жұмысқа , Алды допты қолына, Қойды оны жолына, Оңға қарайды, Солға қарайды, Алдынан үлкен тау шықты.
- Пирамиданы жинастыру. (Әр балаға жеке-жеке пирамиданы жинастыру. Түстерді жеке сұрап шығу).
Рефлексиялық-түзетушілік кезең:Балалар бүгін біз қандай түстер өттік? Балалар біздер түстер әлемінің тапсырмаларында орындап бітірдік. Сендерге түстер әлемінің сыйлығы бар. (түрлі- түсті шарлар сыйлау). Түстер ханшаймымен қоштасу.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: түстермен танысады, тапсырманы орындауға бейімделеді.
Түсінеді: әртүрлі түстер екенін түсінеді.
Қолданылады: дидактикалық ойын арқылы түстерді бір-бірінен ажырата алады.
Мақпал Абдрасилова
Астана қаласы,
№82 «Айару» балабақшасы