Сабақтың мақсаты:
білімділігі: өлең мазмұнын дұрыс түсініп оқу. Төрт түлік түрлері мен атауларын білу;
дамытушылық: ұлттық дәстүрімізді меңгере отырып, жаңаша білуге, өз ойын ашық айтуға, пікірін қорғауға, ізденуге, танымдық қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік: төрт түлікті қадірлеп, қастерлей білуге, еңбексүйгіштікке баулу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Таным сабақ
Сабақты әдісі: сұрақ – жауап, көрнекілік, топпен жұмыс, ойын, әңгімелесу, сергіту жаттығуы.
Сабақтың көрнекілігі: үй жануарлардың суреттері, интерактивті тақта, плакаттар, маркерлер, түрлі түсті қаламдар т.б.
Пәнаралақ байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңбері:
Жарқын, жарқын үніміз
Болашақтың күніміз.
Бастауыш деген бір үйдің
Жайнап тұрған гүліміз.
- Топқа бөліну
А) Әр оқушы 1 қағаздан алады. 1 топтың оқушылары жиналып 1 сурет құрастырады. Қошақан, ботақан, құлыншақ, бұзауқан деген топқа бөлінеді.
Ә) Бағалау парағы
Б) Топ басшысын сайлау.
Видео ролик көрсету. «Жыл басына таласқан хайуандар ертегісі»
І. Қызығушылықты ояту
А) Сұрақ – жауап Төрт түлік туралы ( Қазақ халқының ежелгі кәсібі мал бағу. Ол сауса сүт, сойса ет, кисе киім, мінсе көлік. Халық малды өте қастерлеген.)
Ә) Үй тапсырмасын тексеру.
Б) Құлынды сипаттап айту.
Басы құп – құлдыр Жалы жібектей
Көзі моншақтай Саны білектей
Ерні жып – жымыр Құйрығы шашақтай
Жағы қалақтай Денесі жұп – жұмыр
Мойны садақтай
Жаңа сабақ
Балалар бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбын ЖҰМБАҚТЫҢ жауабын тапсақ сабақтың тақырыбы шығады.
Екі найзасы бар,
Екі айнасы бар.
Төрт аяғы бар,
Бір таяғы бар. (Сиыр)
Төрт түліктің бірі – Сиыр.
ІІ. Мағынаны тану
- Оқулықпен жұмыс
- Мақал мәтелмен жұмыс.
Сиырлының үйі – айран,
Сиырсыздың үйі – сырдаң.
Сиырдың сүті – тілінде.
Мақалдарға түсінік беру.
Түсіндірме сөздікке тоқталу.
Сырдаң – жұтаң, тапшы, кедей.
– Тағы басқа кім мақал – мәтелдер біледі, жұмбақ болса да, жаңылтпаш болса да.
А) Мақал – мәтелдер
Құтты қонақ келсе,
Қой егіз табады.
Қойдың сүті – қорғасын,
Қойды соққан оңбасын.
Сиырлының үйі – айран.
Сиырды теппейді,
Сүтті төкпейді.
Оқулықпен жұмыс
А) Мұғалім оқып, түсіндіреді, тірек сызбамен жұмыс жасайды.
Сиырдың төлі бұзау. Сиыр жем, шөп жейді, су ішеді. Бұзау сүт емеді. Сиыр сауса сүт, сойса ет, терісінен киім тігеді. Сиырдың пірі – Зеңгі баба. Сиырдың сүтінен қаймақ, айран, сүзбе, құрт, май, ірімшік алынады.
Ә) Әр топтан 1 оқушыдан оқиды.
В) Жаңа сөздерге түсінік.
- Дәптермен жұмыс
Сырдаң – жұтаң, тапшы, кедей.
- Сергіту сәті: «Әли мен Айя» мултьфильмнен үзінді. Төлді шақыру, атауы туралы.
- Сиыр жырын оқи отырып, ойды аяқтау.
Мүйізі … (айдай иілген)
Мұрнын … (көкке шүйірген)
Ірімшік, құрт, майы … (Жегенде тілді үйірген)
- Шығармашылық тапсырма 1 – кезең
I топ Ботақан тобы: Ішіне – сыртына стратегиясы
II топ Бұзауқан тобы: Асықпайық – саспайық, жеміс жинап тастайық!
III топ Қошақан тобы: Адасқан сөздер
IV топ Құлыншақ тобы: Сюжетті суретке сөйлем құрастыру
I топ Ботақан тобы: Ішіне – сыртына стратегиясы
II топ Бұзауқан тобы: Асықпайық – саспайық, жеміс жинап тастайық!
Мәнерлеп өлең оқу.
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп
Ештеңені білмейтін «момыным» – деп
Сиыр сүйеді баласын «Торпағым» деп.
Қараңғыға баспаған «қорқағым» деп.
Түйе сүйеді баласын «Тайлағым» деп
Жабу жапса жарасқан «жайнағым» деп
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп
Тастан тасқа секірген «шұнағым» деп
Жылқы сүйеді баласын «шұбарым» – деп
Жүгіруден тарасын «құмарым» деп
III топ Қошақан тобы: Адасқан сөздер
IV топ Құлыншақ тобы: Сюжетті суретке сөйлем құрастыру
- Шығармашылық тапсырма 2 – кезең
Ботақан тобы: Төрт түліктің атасының аталуы
Бұзауқан тобы: Төрт түліктің анасының аталуы
Қошақан тобы: Төрт түліктің сүтінің аталуы
Құлыншақ тобы: Төрт түліктің тобының аталуы
ІІІ. Ой толғаныс
А) Жайлау композициясын құру
Берілген суреттер мен макеттерді пайдаланып, әр топ өз төлі бойынша жайылып жүрген
Ә) Әр топтың жұмысын бағалау «Шапалақтау» арқылы бағалау
IV. Сабақтың қорытындысы:
Сәйкестерін тап
1 Сиыр Құлын
2 Жылқы Қозы
3 Түйе Лақ
4 Қой Бұзау
5 Ешкі Бота
А) Рефлексия. Әр топ ақылдасып, Жайлау композициясына көк туды іледі. Ұнамаса ілмейді.
Ә) Бағалау. Топ басшысы
- Үйге тапсырма беру:
1) Сиыр жырды түсініп оқу.
2) Кестені толтыру
3) Сиыр малы туралы ертегі жазу
Сыздыкова А.О.