Мақсаты

Әлеуметтік педагогтардың міндеттері туралы тұсінік беру

 

Күтілетін

нәтиже

 

● Әлеуметтік педагогтың негізгі міндеттері жайлы үйренеді

● Проблемаларды шешу жолдарын  меңгереді.

● Оқушыны әлеуметтік ортаға бейімдеу  әдісін біледі.

 

Негізгі

идеялар

 

Әлеуметтік педагогтар бір-бірімен өз жұмыс тәжірібесімен бөлісіп,бір-біріне үйретеді.

 

Жаттығулар

 

1. «Жүрекше» тренингі

2. Рефлексия

3. Идеялар аукционы

4. Интервью әдісі

 

 

 

 

Коучинг сабақ

Психологиялық тренинг

Топқа бөлу: «Жүрекше» Қолыма жүрекшелерді ұстап тұрып: «мен іздердің барлығыңызды да жақсы көремін. Сіздерге бүгінгі жұмыстарыңызға сәттілік тілей отырып, жүрекшелерімді таратып бергім келіп тұр. Мен кімнен бастап беремін сол адамнан бастап барлығымызға өзінің бір тілегін айтып тұрады.

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде тудым,

Мыңмен жалғыз алыстып кінә қойма.

 

Әр үстелде «Мектеп», «Бала», «Отбасы», «Орта» деген сөз жазулы тұрады. Әркім өз жүрекшесінде шыққан сөз бойынша топқа бөлінеді.

 

 

 

 

Топқа бөліну бойынша рефлексия жүргізу.

Жаңа не істедіңіздер?

Топқа қалай бөліндіңіздер?

Топқа бөлінуде қиындықтар туындады ма, әлде оңай болды ма?

Топқа бөлінуде өзіңізді жайлы сезіндіңіз бе?

Әлде жайсыз сезіндіңіз бе?

Неліктен?

Осылай топқа бөлінуден өзіңізге бір нәрсе алдыңыз ба?

 

ІІ. Негізгі бөлім

Әлеуметтік педагогты мен қалай сипаттаймын.Идеялар аукционы

Жеке ойланады. Жұпта талқылайды. Топпен постер қорғайды.

Мен бала құқығын қорғаушымын.

Осы сұрақ төңірегінде топ болып бір эссе жазу. Жазып

болған соң оқып, қабырғаға іледі. «Галереяға саяхат» стратегиясы.

Топтар бір- бірінің эсселерін формативті бағалайды.

 

Физминутка өткізу

 

Мағынаны тану

Қазіргі заман жағдайында әлеуметтік педагог қандай болуы керек?

Слайд арқылы тақырып түсіндіріледі.

 

Коучингке қатысушылармен ой бөлісу.

«Интервью» әдісі арқылы коучинг қатысушыларынан интервью алу

Пікір алмасу

 

Психологиялық тренинг

Ән – көңілдің ажары

«Ұстазым менің ұстазым»

 

Кері байланыс

 

Сәтті. сәтсіз

 

Гүлчехра Ертаева