Мақсаты:                    Баланың қарапайым математикалық түсініктерден

алған білімін тиянақтау, геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру. Ұйымшыл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу. Сандарды тура және кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:            Буратино, математика, жұмбақтар, су, көпір,

геометриялық пішіндер, үйшіктер.

Балалар қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық.

Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады

Шаттық шеңбері:

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнап, күлеміз.

Бірге балық аулаймыз.

Міне, біздер қандаймыз?

Орман, көлге, шыңға біз,

Саяхатқа барамыз.

Бөлінбейді іргеміз

Әрқашанда біргеміз.

Біз қазақтың баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен.

Иіліп сәлем береміз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Балалар сендер бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер?

Балалар: Жылулықты, мейірімділікті, достықты.

Тәрбиеші: Жақсы  балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.

Балалар бүгін бізде өте ерекше ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті. Себебі бізге көптеген қонақтар келіп отыр.

Бүгін «Таным» саласы бойынша, бөлімі «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру», тақырыбымыз «Ғажайып білім әлеміне саяхат» деп аталады.

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?

Балалар: Қыс мезгілі

Тәрбиеші: Қыс мезгілінің неше айы бар?

Балалар: 3 айы бар. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)

Тәрбиеші: Балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар: Қыс мезгілінде күн суытып салқындайды, қар жауады, адамдар жылы киіне бастайды.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, олай болса қыс туралы  кім тақпақ  айтып береді?

Ажар                                                                                              Диара

Аппақ, аппақ жапалақтап,                                  Снег идет, снег идет,

Қар жауады тынбастан.                                              Скоро новый год.

Қалың орман қар жамылған,                             Дед мороз к нам придет,

Маужырайды түнгі аспан.                                 Всем подарки принесет.

Бегзад, Шахзода.

Осы кезде есік қағылады. Балалар есік қағылған сияқты кім екен бұл?

Буратино: Саламатсыздар ма балалар!

Балалар: Саламатсыз ба Буратино!

Буратино: Балалар осы жер «Ғажайып білім әлемі ме?»

Тәрбиеші: Жоқ Буратино, бұл жер балабақша.

Буратино: Балалар мен алтын кілтімді жоғалтып алдым, кім алып кеткенін білмеймін. Маған көмектесіңдерші. Кілтімді іздеп келе жатып, жолда ақ тиінді көріп едім, кілтіңді «Ғажайып білім әлеміне» барсаң табасың деді. Мен «Ғажайып білім әлеміне» қалай барсам екен баратын жолды таба алмай адасып, осы топқа кіріп кетіппін. Маған баратын жолды көрсетіп жібересіңдер ме?

Тәрбиеші: Еш уайымдама, Буратино. Қане балалар Буратиноға көмектесеміз бе?

Балалар: Иә, көмектесеміз.

Тәрбиеші: Олай болса балалар Буратиноны ертіп, жол көрсетіп, «Ғажайып білім әлеміне» бізде саяхатқа шығып қайтайық. Саяхатқа шығамыз ба?

Тәрбиеші: Балалар саяхат кезінде бізге әртүрлі қиындықтар кездеседі, сол қиындықтарды бірге жеңе білейік. Ол үшін бір-бірімізді сыйлап, тыңдауымыз керек. Балалар қане енді көзімізді жұмып, сиқырлы сөзімізді айтайық

1, 2, 3 бойға жинап күш,

                            Жалқаулықты тастаймыз.

                            Ғажайып білім әлеміне бастаймыз.

Тәрбиеші: балалар міне біз 1-ші аялдамаға да келіп қалыппыз.

Бұл бірінші аялдама: «Математика» аялдамасы екен.

Бірінші аялдама бізге мынадай тапсырмалар беріпті:

1-тапсырма. 1-3-ке дейінгі санды тура және кері санап беріңдерші депті.

2-тапсырма. Геометриялық пішіндерді ажыратып, түстерін атаңдар. (қызыл, сары, көк)

Балалар енді осы жерде тұрған үйшіктердің есік, терезелерін тауып жабыңдар.

– Үйдің шатыры қандай пішінге ұқсайды? (үшбұрышқа)

– Үйдің қабырғасы қандай пішінге ұқсайды? (төртбұрышқа)

Жарайсыңдар балалар!

2-ші аялдама  бізге жұмбақтар жасырыпты

Екінші аялдама «Жұмбақтар» аялдамасы екен

  1. Қыста ғана болады?

Ұстасаң қолың тоңады? (Қар)

2.Ұшан теңіз қалың қар,

Жерді басып жабады.

Мұздай демі бет қарып,

Аяз аузын ашады.

Бұл қай кезде болады? (Қыс мезгілінде)

3.Екі ойыншықтың біреуін,

Досың сұрап алды.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалды? (1)

  1. Пісіп тұрған 4 алмұрт,

2 алмұртты бұтақтан.

Алып жеті Асылхан,

Қанша қалды алмұрттан (2)

  1. Тал бойында тізіліп,

5 жапырақ тұр еді.

Жел соқты да үзіліп.

Ұшып кетті екеуі

Ілініп тұр әлі,

Жапырақтың нешеуі. (3)

Логикалық ойын: «Тәулік бөліктері»

1.Ертеңгісін тұрып,                                            2.Сабақ оқып, ойын ойнап,

Төсегімді жинап.                                                Серуендеп қайтамын.

Шашымды тарап,                                                        Тамағымды ішіп,

Бақшаға келдім.   (Таңертең)                              Түсте ұйықтап жатамын (күндіз)

3.Ұйқыдан тұрып, беті-қолды жуып,

Төсекті жинап, тазалықты сақтап,

Таза ауа жұтып, Кешкісін үйге қайтамын.  (кеш+бесін)

  1. Үйге келіп, теледидар көріп,

Ойыншықтарды жинастырып.

Беті-қолды жуып, тісімді тазартып,

Ұйықтауға жатамын. (түн)

Сергіту сәті

Жалқаулықты тастаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

Ырғағымен әуеннің

Жаттығуды бастаймыз.

Қане, балалар тұрайық,

Мойнымызды оңға-солға бұрайық.

1, 2, 3

Жинап алдық күш.

3-ші аялдама

Ой, балалар алдымызда не жатыр?

Балалар: су

Тәрбиеші: Балалар судың мөп-мөлдір жылы лебімен бәріміз тыныс алып алайық.

Балалар енді судан қалай өтеміз? Аяғымызды ластамай, батпаққа батпай, судан ақырындап, абайлап  өту үшін бізге не керек?

Балалар: Көпір керек

Тәрбиеші: Балалар мына жерде таяқшалар жатыр екен, енді осы таяқшалардан көпір жасайық. Қане балалар мына таяқшалардың түсі қандай? (сары, қызыл, көк)

Міне балалар судан да өттік. Аялдамада балалар бізге тапсырма бар екен.

Тапсырма: Бөлшек қиынды заттардан, бүтін затты құрастыру.  (Аққала)

  • Аққала неше шеңберден тұрады? (3)
  • Түсі қандай? (ақ)
  • Басы-кішкентай, ортасы-орташа, аяғы – үлкен.

Көркем сөз:

Қар жауғанда топ бала,

Соқтық келіп аққала.

Мұрны сәбіз үп-үшкір,

Көзі көмір қап-қара.

4-ші аялдама «Санамақтар» аялдамасы

Бегзад.                                                                        Ажар

Қуыр-қуыр қуырмаш,                                        Бір дегенім-бесік,

Балапанға бидай шаш.                                       Шықтым содан өсіп.

Бас бармақ.                                                                  Екі дегенім-елім,

Балаң үйрек.                                                       Далам, тауым, көгім.

Ортан үйрек.                                                      Үш дегенім-үміт.

Шылдыр шүмек.                                                Үміт артар жігіт.

Кішкентай бөбек.

Шахзода.                                                                    Осман

Ал санайық, санайық.                                        Оң қолымда бес саусақ,

Саусақтарға қарайық.                                        Сол қолымда бес саусақ.

Қане, дұрыс санайық.                                        Қосып едім екеуін

Санын біліп алайық.                                           Болып шықты он саусақ.

1, 2, 3, 4, 5.

         Музыка (қар-қарқ)

         Ағашта қарға отырады.

  • Балалар қарға қандай дыбыс шығарады?
  • Балалар: қарқ-қарқ.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы қарғаның дауысы қатты шығып жатыр, бізге бірдеңе айтқысы келіп тұрған сияқты. Қанекей көрейікші

Буратино: Алақай, алақай менің кілтім табылды. (Ағаштың артында Буратиноның алтын кілті тұрады.) Балалар менің Ғажайып білім әлеміне жетуіме соңғы 1 тапсырмам қалды оны топтарыңа барып орындайсыңдар. Буратиномен бірге сиқырлы сөз айтып топқа оралу.

1, 2, 3, балабақшаға ұш.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Тақтада бала орындайды көк жолақшаға солдан оңға қарай шырша (3) қойылады.

Төменгі қызыл жолақшаға ойыншықтар қойылады (3).

(Пішіндерін сұраймын, санатамын).

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы біз қақпаға да келіп қалыппыз. «Ғажайып білім әлемі» деген осы жер балалар. «Ғажайып білім әлемі» бізге ең бастысы

білім сыйлады. Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындадық, Буратиноға кілтін табуға көмектестік.

Буратино: Балалар сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған «Ғажайып білім әлеміне» баратын жолды көрсетіп, алтын кілтімді табуға көмектестіңдер. Көптеген тапсырмалар орындадыңдар. Өмірде тек білімді емес, қайырымды балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Мен сендерге сыйлығым бар. Мына сыйлығымды апайларыңа берейін, мұнда тәттілер бар. Топтарыңа барған соң жейсіңдер.

Тәрбиеші: Буратино енді сенде білім әлеміне барып біліміңді шыңдай түс. Сау бол! (балалар қоштасады)

Тәрбиеші: Міне балалар Буратиноға көп көмек көрсеттіңдер. Кілтін табуға көмектестіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды, тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер. Осымен «Ғажайып білім әлеміне» саяхатымыз аяқталды.

Қорытындылау:

– Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

– Сендер саяхатқа қайда бардыңдар?

– Біздер кімге көмектестік?

Өте жақсы балалар, енді қол ұстасып, бір- біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі саяхатымызды аяқтай отырып қонақтар мен қоштасайық

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы

Сау- саламат болайық.

Алтынай Ысқаққызы

Сау болыңыздар!