Сабақтың мақсаты:    –  оқушылардың  білім мен білік  дағдыларын  берілген  тақырыптар    көлемінде  қалыптастыра  отырып, арифметикалық амалдар арқылы дұрыс теңдік шығарып алуға, арифметикалық ребустар шешуге, құруға машықтандыру.

Пәні: «Бастау» таңдау пәні

Сыныбы: 3 «Ә»

Міндеттері:

–  математикалық ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру.

–  пәнді оқудағы шеберліктерін, логикалық ойлауын дамыту, тапқырлық, шапшаңдығын, таным-белсенділігін арттыру.

–  меңгерген математикалық білімдерін омірде қолдануға жан-жақты дайыңдауды жүзеге асыру.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: слайд, таратпалар, нетбуктар

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жұптық, ойын-жарыс

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.  Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.  Психологиялық  дайындық.

Ғылымның сырын ұғына

Шығайық  білім шыңына!

Ұшқыр ой мен зеректік

Жеткізсін біздей өренді

Математика сырына.

-Балалар, енді бір- бірімізге математикалық терминдері бар сөздер арқылы ізгі тілек арнайық. –Амина үнемі беспен оқы, 11-наурыз күнгі сабағымызға  сәттілік тілеймін, Достарымыз қосу амалының нәтижесіндей молайсын, Біліміміз көбейту амалының нәтижесіндей көбейсін,т.с.с

  1. Миға шабуыл. Сұрақ-жауап (Сынақтан өткізу технологиясы)

-Қазір бізге  математикадан «Бастау» таңдау пәні. «Бастау» деп аталуында да үлкен мән бар. Өзеннің, бұлақтың қайнар көзі бастау. Ендеше біздің алдымызда білімімізді «Бастау»таңдау пәнінен тереңдетіп, мектепішілік олимпиадалардан қазіргі уақытта  «Бастау» математикалық олимпиадасына, халықаралық «Шексіз математика» жобасына, «Ақбота»  интеллектуальды ойындарына  қатысып, білімімізді шыңдап математикалық білім шыңына шығатын үлкен мақсаттарымыз тұр. Мектепішілік олимпиададан Бурленова Амина 1-орын алып, қалалық олимпиадаға жолдама алса, халықаралық «Шексіз математика» жобасынан Кенжеғалым Бақытжан 1-орын алды. «Делфинити» халықаралық жобада Ислямов Ислан 5- орынды иеленді. Келешекте математиканың биік шыңдарына жетеміз деген мақсаттарың орындалсын деген тілекпен бүгінгі сабағымызды гректің атақты математигі Пифагордың «Бар болмыстың бастамасы – сан» деген сөзінен бастағалы тұрмын. Сабақ барысында сендердің жауаптарыңа геометриялық фигуралар беріліп отырады. Сабақ соңында осы фигуралар бойынша қызықты тапсырма беріледі. Сондықтан білімімізді көрсетіп, фигураларды көп жинауға тырысайық. Ал, қазір балалар «Ұшқыр ой – ұтымды жауап»  ойынын ойнайық. Ұяшықтар таңдап, ұяшық сұрақтарына жауап береміз.

Слайдтан «Ұшқыр ой – ұтымды жауап»  ойыны

Оқушылар кезекпен ұяшықтар таңдап, сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар логикалық есептерге байланысты алынады:

  1. Шанаға қосарланып жегілген үш ат 30км жүріп өтті. Әр ат қанша км жүріп өтті? Ж:Әр ат 30 км жүріп өтті, себебі олар қосарланып жегілген аттар

2.Таксиден 2 жолаушы шыққанда жартысы таксиде қалды. Таксиде неше адам болған еді? Ж: 3 адам болған, себебі 2-нің жартысы 1,  2+1=3

  1. Екі адам шахматты 2 сағат ойнайды. Бір адам неше сағат ойнайды?

Ж:Бір адам 2 сағат ойнайды, себебі шахматты 2 адам ойнайды,  бір уақытта бастайды.

  1. Сочи -2014 қысқы ойындар олимпиадасына елімізден спорттың 10 түрінен спортшылар қатысты, бұл барлық спортшылардың бестен бір бөлігін құрайды. Сочи олимпиадасына еліміздің атынан неше спортшы қатысты ? 50 спортшы   қатысты,яғни 10х5=50
  2. Мектеп оқушыларының арасында Халықаралық “Шексіз математика” турнирі өтті. Оған сыныбымыздан 2013 жылы 7 оқушы, 2014 жылы 14 оқушы қатысты. 2013 жылға қарағанда , 2014 жылы неше есе артық оқушы қатысқан? Ж: 2 есе артық оқушы қатысқан,яғни 14:7=2
  3. Қай санды төңкергенде басқа санға айналады? Ж: 6 саны төңкергенде 9 санына, 9 саны 6 санына айналады.)
  4. Қай сандарды төңкергенде өзгермейді? Ж: 0,8 сандары төңкергенде өзгермейді.
  5. Бірліктері 8 болатын екі таңбалы сандарды кему ретімен ата.Ж. 98,88,78,68,58,48,38,28,18.
  6. 9-дан 100-ге дейінгі сандарда қанша «9» саны кездеседі?(10)

Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру.

  1. Эвристикалық әдіс  сыни ойлап тақырып мазмұнын ашады.

-Жарайсыңдар, балалар, енді алдымыздағы 1-конверт бойынша жұптасып жұмыс жасаймыз. Бұл жұмысты ақ қағазға жапсырып, жазып орындайсыңдар. Тапсырманы орындап болған жұптар жұмыстарын қорғайды.

Әр оқушының алдына сандар мен арифметикалық   ребустар  қиындылары  бар 1-конверт тасталады. Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Арифметикалық  ребустарды құрып, шешеді.  Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын өздері түйіндеп шығарады, қорғайды.

1-конверт тапсырмасы

1-жұпқа:  4*4*4*4=8             Шешуі:     4+4+4-4=8, 4+4-4+4=8

2-жұпқа:   5*4*3*2*1=3       Шешуі:     5+4-3-2-1=3, 5-4+3-2+1=3

3-жұпқа:   6*6*6=30             Шешуі:     6х6-6 =30

4-жұпқа:     5*5*5=5             Шешуі:             5+5-5=5, 5-5+5=5

5-жұпқа:    5*4*3*2*1=5      Шешуі:     5+4-3-2+1=5, 5-4+3+2-1=5

6-жұпқа:    6*6*6*6=12        Шешуі:          6+6+6-6=12

Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру.

  1. Бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ.

Сабақ тақырыбы : «Арифметикалық ребустар» (Слайдтан тақырыбы, мақсаты оқылады)

Қорытындылау:

-Сонымен ребус туралы  не білеміз?

-Ребус-бұл жасырынған сөздерді, сөйлемдерді  суреттің, әріптің,таңбалардың көмегімен  табу ойыны. Ребус латын тілінен аударғанда «зат,нәрсе» ұғымын білдіреді. Алғашқы ребустар Францияда 15-ғасырда пайда болған.

-Ребустың қандай түрлерін білесіңдер?

-Суретті ребустар, әріпті ребустар, математикалық ребустар, арифметикалық ребустар.

-Арифметикалық ребус  екенін қайдан білдіңдер ?

-Арифметикалық ребустарды  шешуде  нені басшылыққа аламыз?

Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру.

-Ендеше арифметикалық ребустардың күрделірек түрін шешіп көрейік. Әр жұп 2-конвертті ашайық. Әр қатардан 1 жұп тақтада орындайды.

1-қатардан 1-жұп, 2-қатардан 1-жұп

Оқушыны ойландыру әдісі.

Осы тақырып көлемінде әр жұпқа  арифметикалық амалдар арқылы дұрыс теңдік шығарып алуға, арифметикалық ребустар  шешуге, тапсырмалар беріледі.

Кейбір цифрлардың арасына амал таңбаларын теңдік дұрыс болатындай етіп қойып шық:  1-2-3-жұпқа:

3  3  3=30                Шешуі:         33-3=30

3  3  3  3=30                            3*3*3+3=30

4-5-6-жұпқа:

7 7 7 7=1              Шешуі:       77:77=1

7 7 7 7=2                                7:7+7:7=2

Қорытындылау. Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру.              -Ендігі кезекті математикалық ребустарға берейік. 3-конверт тапсырмасын орындаймыз.  Әрбір  әріппен бір цифрды белгілейді. Ұқсас әріптерді сол бірдей цифрменен белгілейді. Осы жазбаларды  анықтайық. Тақтаға 2 жұп шығады. 1-қатардан 2-жұп, 2-қатардан 2-жұп. Слайдтан ребус  шығады.

  1. АА х А =  CC        1. Жауабы:   22х2=44, 33х3=99
  2. МННН- ККК = М 2.Жауабы : 1000-999 =1

Қорытындылау. Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру.             

Арифметикалық, математикалық ребустарды салыстырды. Өз ойларын ортаға салды.

Арифметикалық ребус                                                 Математикалық ребус

Теңдік тура болатындай амал таңбаларын қою.

Арифметикалық амалдарға байланысты құрылады.

Екеуі де ребус

 

Теңдігі беріледі

Әрбір әріппен бір цифрды белгілейді

Сандарға байланысты құрылады

«Арифметикалық ребустардың  адам өмірінде алатын орны қандай?» сұрағына сыни тұрғыдан ойлана отырып, әр жұп өзіндік пікірін білдіреді. Қорытындылау. Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру.              7. «Қызықты есептер»  Слайдтан

– Балалар, енді «Қызықты есептерге де тоқтала  кетейік. Барлығымыз экранға қарайық.

1.Асан мен Үсен футбол добын сатып алғысы келді. Оны сатып алу үшін Асанның 20 теңгесі, ал Үсеннің 30 теңгесі жетпеді. Олар ақшаларын қосып доп сатып алды және 60 теңге ақшасы қалды. Футбол добы қанша тұрады?

(Осы есептің тұжырымын іс жүзінде көрсету) Жұптарға 20, 30, 60 теңге тарату. Жауабы:Асан өзінің ақшасын Үсенге берген, олар доп сатып алған және оларда 60 теңге қалған. Олай болса, Асан Үсенге допты сатып алуға жетпей тұрған 20 теңгені берген және 60 теңге қалған, яғни Асан Үсенге өзінде бар барлық ақшаны 20+60=80 теңгені берген. Үсенге допты сатып алу үшін 30 теңге жетпеген, олай болса , доптың бағасы 110 теңге тұрады.

  1. Есептің тұжырымын дәлелдеу үшін көз жеткізу жұмысы

7 литрлік шелек пен 3 литрлік банка арқылы кострюльге 5 литр суды қалай құюға болады. Жауабы: 3 литрлік банка арқылы 6 литр суды шелекке құямыз. Тағы да 3 литрлік банканы суға толтырып, оны 7 литрлік шелекке құямыз.Бұдан кейін 3 литрлік банкадағы қалған 2 литр суды кастрюльге құямыз. Енді оған 3 литрлік банкамен су құямыз. Сонда кастрюльдегі су 5 литр болып шығады.

( 7 литрлік шелек пен 3 литрлік банка, кострюльмен  су құйып  жұмыс жасайды) Қорытындылау. Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру.              

Қорытынды:

-Экранға назар аударайық, «Білімпаз»  айдары.

Бейне таспадан сұрақ қойылады.

-Бұл ненің жылнамасы мен эмблемасы ?  -ЭКСПО-2017

-ЭКСПО-2017- мақсаты не екенін тыңдайық.

«Білімпаз» бейнетаспадан айтады.

EXPO-2017-нің мақсаты – қалпына келетін энергияның алдыңғы қатарлы технологияларын әлемге таныту

-Өзімізді бір сәт  сәулетші сезінейік.

EXPO-2017-нің мақсаты – қалпына келетін энергияның алдыңғы қатарлы технологияларын әлемге таныту болса, сендер күн энергиясы арқылы электр қуатын алатын үйдің макетін жауаптар бойынша жинаған фигуралардан құрастырыңдар.

Нетбукпен жұмыс.  Жұптағы 1 оқушы фигурамен көрсетсе, 2-оқушы нетбук арқылы көрсетеді. Құрастырған үй макетін қорғайды.  Біздің бүгінгі жетістіктерімізден құрастырған үй макеті келешектегі  математикалық жобалардың бастауы,   кішкене де болса ЭКСПО-2017 көрмесіне қосқан үлесіміз деп білейік.

  Майра Жакыпбекова

Қарағанды облысы

«Балқаш қаласы №15 мектеп –лицейі»КММ

Бастауыш  сынып  мұғалімі