Ұстаз адам өміріндегі ерекше жан. Дана халқымыз мұғалімді екінші анаға теңейді. Балаға кішкентайынан бар білгенін үйретіп, бойындағы ақылымен бөлісіп орнына ешнəрсе күтпейді. Мектеп табалдырығын атағаннан қаншама оқушы ұстаздан шабыттанып, бір өмірлік жоспарын құрастыра бастайды. Мейірімділіктің бұлағы да, сарқылмас ілім де қасиетті ұстаздың бойынан табылады.
Мұхтарама ханымның бала күнгі арманы бүгінде орындалған. Ұлы ұстаздың көлеңкесі болып, ізденімпаз мұғалім атанып мектепте жұмыс істеуді қалаған.
Мұхтарама Ғазизқызы 1965 жылы 15 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Мухор ауылында дүниеге келді. 1972-1974 жылдары Мұхор ауылында Ə. Жангелдин атындағы мектепте оқыған. 1974-1975 жылдары Балаған (қазіргі Жаңатан) ауылында оқыды. 1975-1982 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы Үлкен Шаған орта мектебін бітірген. 1982-1984 жылдары Орал қаласында «Сыртқы əйелдер жəне балалар киімінің тігіншісі» мамандығын бітірді. 1984-1987 жылдары тігінші, кесуші жұмысын жасады, бірақ сосын бригадир болып тағайындалды (16 елді мекенде жиһаз, аяқ киім, трикотаж, кескіш жеткізу, тапсырыстарды қабылдау жəне киім тігу жəне жөндеу бұйымдарын пішу). 1985-1986 жылдары Алматы қаласында Фрунзе трикотаж фабрикасында жұмыс істеген. 1986-1987 жылдары Сокол ательесінің əскери киім тігу шеберіне қабылданған. 1987-1993 жылдары Зеленовский РБК зауыт ұжымының Щапово тігін цехына кесуші болып қабылданды. 2003 жылы Мəскеу мемлекеттік университетінің «Сурдопедагогика» бойынша біліктілікті арттыру сертификатын алды. 2002-2007 жылдары мектепте жұмыс істеп жүріп, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетінде «Сəндік-қолданбалы өнер жəне кəсіптік білім» факультетінде оқиды. 2006-2012 жылдары М. Өтемісова атындағы БҚУ зертханашысы лауазымында жұмыс атқарды. 2013-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы əкімдігінің білім басқармасында «Облыстық психологиялық-медициналық педагогикалық консультация» əдіскері лауазымында жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап «Макаренко атындағы №6 орта мектепте» логопед лауазымда жұмыс істеп келеді.
Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы: «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар – біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» – дегені мəлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тəрбие беретін педагог – баға жетпес биік тұлға. Ұстаз cөзінде қaншaмa мəн-мaғынa бар.
Ұлaғaтты ой иелерi де, aрмaн оты жүрегiнде aлaулaғaн жеткiншектер де, пaрacaтты қоғaм қaйрaткерлерi де бiр aдaмғa қaрыздaр. Ол – мұғалім.
Мұғалімнің жетістіктеріне тоқталсақ: 2003 жылы «Есту жəне сөйлеу қабілеті нашар балаларды оқыту жəне тəрбиелеу» бойынша мінсіз жəне белсенді жұмысы үшін алғыс хат; 2005 жылы Орал-Андас «Дербес компьютер пайдаланушысы» біліктілікті арттыру курсы; 2005 жылы «Ағылшын тілін үйрену» курсы; 2007 жылы «Гарвард бизнес мектебі» профессорларынан «Certificate of Achievement» курс; 2010 жылы «Компьютерлік графика» курсы; 2012 жылы «Электрондық үкімет жəне электрондық қызметтер» біліктілікті арттыру курсы; 2013 жылы «Логопедиялық массаж» бойынша біліктілікті арттыру; 2013-2014 жылдары «Сурдопедагог мұғалімі» қайта даярлау курсы; 2014 жылы «Кохлеарлық имплантация – есту қабілеті бұзылған балалар мен ересектерді оңалтудың заманауи құралы» бойынша біліктілікті арттыру; 2014 жылы «Кохлеарлық имплантациядан кейін балаларды сөйлеуді оңалтуды ұйымдастыру жəне өзекті мəселелер» бойынша біліктілікті арттыру; 2015 жылы «Өрлеу» «М. Монтессори педагогикалық жүйесін ұйымдастыру білім беру ұйымының арнайының педагогтарының кəсіпқой күзетшілігін асыр» (психолог, логопед жəне дефектологтар үшін) курсы; 2016 жылы «Сөйлеулі бұлған балалармен күзетушілік-педагогикалық жұмыстарының замануи кəсіпкері» курсы; 2016 жылы «Аутизм: өзекті мəселелер жəне оларды шешу жолдары» практикалық оқыту мастер-класс; 2017 жылы «Өрлеу» «Мектепте оқу стандартын іскерге асыр контекстінде инклюзивті білім берудің мазмұны мен дамуы» курсы; 2017 жылы Зачаганск кентінің əкімінен алғыс хат; 2020 жылы «Рик – логопедтер мен дефектологтар қауымдастығы» логопедтерге арналған вебинарына қатысқан үшін сертификат; 2020 жылы «Ustaz tlegi» республикалық ғылыми-əділдік орталығы ұйымдастырған «Инклюзивті білім беру жүйесі: Қазақстан моделінің болашағы» атты республикалық онлайн конференция катысқаны үшін сертификат; 2020 жылы «Интеллектісі бұзылған балалардың əлеуметтік бейімделуінің коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру» бойынша түзету-тəрбие жұмысы; 2020 жылы «Қазақстан біздің ортақ үйіміз» тақырыбында татар қоғамымен Ассамблея халықтарының 25 жылдығына арналған іс-шараны өткізуге белсенді қатысқаны үшін алғыс хат; 2021 жылы «Пифагорка» даму орталығынан алғыс хат; 2021 жылы «Балалармен топтық жұмыста нейропсихологиялық жаттығуларды практикалық қолдану» тақырыбында онлайн курсқа қатысқаны үшін сертификат; 2022 жылы «6-9 жастағы балаларға арналған мнемотехника» сертификат; БҚО Орал қаласындағы Ресей Бас консулдығының вице-консулынан алғыс хат; «Татар мəдени орталығы» қоғамдық бірлестігінен тағы да басқа жетістіктері бар.
Ұстаздық тағдыр оңай жүк емес, дегенмен өз уақытын сарп етіп, түбегейлі еліміздің болашағы жастарды тəрбиелеуге, дамытуға арнайтын оқытушылар баршылық. Солардың бірі Мұхтарама Ғазизқызы. Сұхбат барысында түсінгеніміз – өте адал, тиянақты, ізденімпаз, білімге құштар екендігі айдан анық. Ұстаз оқушыға бақыт бере отырып, өзі де бақытты бола алатын жан.