Білім және ғылым саласы – әрбір ұстаз бен зерттеушіге үнемі жаңарып, кәсіби дағдыларын жетілдіруді талап етеді. Осы бағытта халықаралық деңгейде кәсіби даму мүмкіндіктерін ұсынатын жетекші ұйымдардың бірі – Qazsaq.
Біздің басты мақсат: мұғалімдерді заманауи трендтер және инновациялық технологиямен таныстырып, олардың кәсіби дамуына ықпал ету. Біз ұстаздарға жасанды интеллект (AI) пен цифрлық білім беру саласындағы жаңа әдістерді, сондай-ақ басқа да өзекті бағыттар бойынша әдіс-құралдарды меңгеруге көмектесеміз.
Біздің жетістіктеріміз:
• 68 000 – астам ұстаздар біздің оқу курстарымыздан өтіп сертификатталды;
• 101 000 доллар жәрдемақы (стипендия) ұстаздарға табысталды;
• 602 халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді;
• 27 елде 180-ге жуық халықаралық серіктестермен келісімшарт жасалды;
Бұған қоса: Қазақстандық ұстаздар мен ғалымдарды шетелдік үздік тәжірибемен таныстыруда көшбасшымыз. Жасанды интеллект саласын білім мен ғылымға енгізу бойынша алдыңғы қатардамыз.
Неге Qazsaq?
• Халықаралық тәжірибе: Біздің бағдарламаларымыз шетелдік үздік тәжірибелерге негізделген
• Инновациялық оқу: Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар бойынша заманауи курстар
• Кәсіби желілер: Әлемдік деңгейдегі мамандармен байланыс орнату мүмкіндігі
• Жеке даму: Әр қатысушының сұранысына сай бағытталған оқу бағдарламалары
• Еуразия көлемінде ұстаздарды біріктіретін жоба – Еуразиялық Ұстаздар Қауымдастығы
2025 жылдың жазына дейін Qazsaq командасы әлемдік деңгейде қарқынды дамып, білім беру және ғылым саласындағы кәсіби дамуда жаңа мүмкіндіктер ашуды көздейді. Біз ұстаздарымыздың білімін жетілдіріп қана қоймай, еліміздің болашағына зор үлес қосуды мақсат етеміз.
Qazsaq – Білім және ғылымды инновациямен байланыстырамыз!